Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің 2000 жылғы 9-10 қазандағы Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 қаңтар N 123

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі үдемелі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің 2000 жылғы 9-10 қазандағы Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) және мүдделі ұйымдар Жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын және нәтижелері туралы тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер

 

министрлігіне хабарлап отырсын.

     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының

орындалу барысы туралы тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне

хабарласын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің  

                                       2001 жылғы 24 қаңтардағы

                                       N 123 қаулысымен бекітілген


     Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің 2000 жылғы 9-10 қазандағы

        Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген   

               уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар

                                 ЖОСПАРЫ

___________________________________________________________________________

N                Іс-шара                   Орындау       Жауапты орындаушы

                                           мерзімі

___________________________________________________________________________

1                   2                         3                  4

___________________________________________________________________________

  1.2000 жылғы 9 қазанда қол қойылған мынадай құжаттардың күшіне енуі    

     жөніндегі мемлекетшілік рәсімдердің орындалуын қамтамасыз ету  

___________________________________________________________________________

1  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен   2001 жылғы   Қазақстан Республи.

   Ресей Федерациясының Үкіметі арасында.  1 наурызға   касының Мемлекет.

   ғы өзара саудада жанама салықтарды       дейін       тік кіріс министр.

   өндіріп алудың қағидаттары туралы                    лігі

   келісім

___________________________________________________________________________

2  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен   2001 жылғы   Қазақстан Респу.

   Ресей Федерациясының Үкіметі арасында.  1 наурызға   бликасының Мәде.

   ғы Қазақстан Республикасының Ресей        дейін      ниет, ақпарат және

   Федерациясындағы бұқаралық ақпарат                   қоғамдық келісім

   құралдары тілшілерінің және Ресей                    министрлігі

   Федерациясының Қазақстан Республика.

   сындағы бұқаралық ақпарат құралдары

   тілшілерінің мәртебесі туралы келісім

___________________________________________________________________________

3  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен   2001 жылғы   Қазақстан Республи.

   Ресей Федерациясының Үкіметі арасында.  1 наурызға   касының Сыртқы

   ғы Ресей Федерациясы, Астрахань қала.     дейін      істер министрлігі

   сында Қазақстан Республикасының

   Консулдығын және Қазақстан Республика.

   сы, Орал қаласында Ресей Федерациясы.

   ның Консулдығын ашу туралы келісім

___________________________________________________________________________

                         2. Электр энергетикасы

___________________________________________________________________________

4  "Екібастұз ГРЭС-2" мүліктік кешенінің   2001 жылғы   Қазақстан Республи.

   базасында бірлескен қазақстандық-        І тоқсан    касының Энергетика

   ресейлік компаниясын құру жөніндегі                  және минералдық

   рәсімдерді аяқтау, акциялардың қосым.                ресурстар министр.

   ша эмиссиясын жүргізу және стратегия.                лігі, Қаржы минис.

   лық инвесторды тарту мүмкіндігін қоса                трлігі, Әділет

   алғанда, оның жұмысының тиімділігін                  министрлігі

   арттыру жөніндегі негізгі іс-шаралар.

   ды іске асыруға кірісу        

___________________________________________________________________________

5  Жер қойнауын пайдалануға қайтып беріл.  2001 жылғы   Қазақстан Республи.

   ген құқықтар үшін өтемақылар мөлшерін   31 қаңтарға  касының Энергетика

   және "Северный" разрезі бойынша             дейін    және минералдық

   инвестициялық бағдарламаны "Ресей БЭЖ"               ресурстар министр.

   РАҚ-ның орындауды танығанын ескере                   лігі, Мемлекеттік

   отырып, оларды "Ресей БЭЖ" РАҚ-на                    кіріс министрлігі,

   беру тетігін айқындау                                Қаржы министрлігі

___________________________________________________________________________

6  "Северный" разрезі мен "Богатырь" раз.  2001 жылғы   Қазақстан Республи.

   резі N 9 және N 10 алаңдары бойынша      І тоқсан    касының Энергетика

   "Ресей БЭЖ" РАҚ-мен жер қойнауын                     және минералдық

   пайдалануға арналған келісім-шартқа                  ресурстар министр.

   қол қою                                              лігі  

___________________________________________________________________________

7  Бірлескен компания акцияларының 50%,    2001 жылғы   Қазақстан Республи.

   Солтүстік өндірістік-көліктік басқар.    І тоқсан    касының Энергетика

   масының "Трудовая" және "Ударная"                    және минералдық

   стансаларының мүліктерін оның меншігі.               ресурстар министр.

   не беру жолымен "Ресей БЭЖ" РАҚ алдын.               лігі, Қаржы

   дағы "Қазақстанэнерго" ҮЭЖ" РМК-ның                  министрлігі, Әділет

   қарыздарын қайта құрылымдау мен өтеу                 министрлігі

   тетігін іске асыру

___________________________________________________________________________

8  Қазақстан Республикасы мен Ресей        2001 жылғы   Қазақстан Республи.

   Федерациясы арасындағы ынтымақтастық    15 қаңтарға  касының Энергетика

   жөніндегі үкіметаралық комиссияның        дейін      және минералдық

   бесінші мәжілісінде қарау үшін "Ресей                ресурстар министр.

   БЭЖ" РАҚ алдындағы Қазақстанның электр               лігі, Қаржы

   желілерін тарату компанияларының қарыз.              министрлігі

   дарын өтеу жөніндегі ұсыныстарды дайын.

   дау

___________________________________________________________________________

9  "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" ЖАҚ қазақ.  2001 жылғы  Қазақстан Республи.

   стандық-ресейлік бірлескен кәсіпорнының   ІІ тоқсан  касының Энергетика

   "Орал ЖЭК" компаниясына қатысуының эко.              және минералдық

   номикалық орындылығын қарау                          ресурстар министр.

                                                        лігі, Қаржы минис.

                                                        трлігі

___________________________________________________________________________

10 Ол бойынша электр энергиясын таратуды    2001 жылғы  Қазақстан Республи.

   ұйымдастыру үшін кернеуі 1150 кВ электр   І тоқсан   касының Энергетика

   тарататын мемлекетаралық желілерін                   және минералдық

   Қазақстан және Ресей энергия жүйелері.               ресурстар министр.

   нің жұмысына қосу мен қалпына келтіруді              лігі, "KEGOC" АҚ

   қамтамасыз ету және желілерді қалпына                (келісім бойынша)

   келтіру мен пайдалану жөніндегі шығыс.    

   тардың өзара өтемақы схемасын әзірлеу    

___________________________________________________________________________

11 Қазақстан Республикасы мен Ресей Феде.   2001 жылғы  Қазақстан Республи.

   рациясы энергия жүйелерінің қосарлас      І тоқсан   касының Энергетика

   жұмыс режиміндегі электр энергиясы                   және минералдық

   ағынын кедендік ресімдеу мен бақылау.                ресурстар министр.

   дың оңайлатылған ерекше тәртібін әзір.               лігі, Мемлекеттік

   леу, келісу және қолданысқа енгізу                   кіріс министрлігі

___________________________________________________________________________

                              3. Мұнай өнеркәсібі

___________________________________________________________________________

12 Ресей Федерациясының аумағы бойынша      2001 жылғы  Қазақстан Республи.

   Қазақстан мұнайы ұзақ мерзімді транзиті   ІІ тоқсан  касының Энергетика

   туралы үкіметаралық келісімнің жобасын               және минералдық

   дайындау                                             ресурстар министр.

                                                        лігі

___________________________________________________________________________

                             4. Газ өнеркәсібі

___________________________________________________________________________

13 Қазақстан өндірушілердің ұшпалы газ кон. 2001 жылғы  Қазақстан Республи.

   денсаты мен шикі газды Қарашығанақ        І тоқсан   касының Энергетика

   мұнай-газ кенішінен Орынбор газ өңдеу                және минералдық

   зауытына ұзақ мерзімді кезеңге процес.               ресурстар министр.

   синг шартымен өңдеуге жыл сайын жеткізуі             лігі, "Қазақойл"

   мүмкіндігін қарау                                    ЖАҚ ҰМК (келісім

                                                        бойынша) 

___________________________________________________________________________

14 Ресей Федерациясының газ көздерінен      2001 жылғы  Қазақстан Республи.

   Астана қаласын газбен жабдықтау нұсқа.    І тоқсан   касының Энергетика

   ларын пысықтауды аяқтау                              және минералдық

                                                        ресурстар министр.

                                                        лігі

___________________________________________________________________________

15 ТМД және алыстағы елдерге экспорттауға   2001 жылғы  Қазақстан Республи.

   газдың одан әрі транзиті үшін "Газпром"   І тоқсан   касының Энергетика

   ААҚ-ның газ құбыры жүйесіне қазақстан.               және минералдық

   дық шаруашылық жүргізуші субъектілері.               ресурстар министр.

   нің енуін қамтамасыз ету жөнінде ресей               лігі, "Қазақойл" 

   тарапымен келіссөздер жүргізу                        ЖАҚ ҰМК (келісім

                                                        бойынша)

___________________________________________________________________________

                                5. Көлік

___________________________________________________________________________

16 Екі елдің аумағы бойынша жүк тасымал.      Тұрақты   Қазақстан Республи.

   дау кезінде өндіріліп алынатын тариф.                касының Көлік және

   терді ресейлік тараппен келісу жөнін.                коммуникациялар

   дегі жұмысты жалғастыру. Транзиттік                  министрлігі

   қатынастағы темір жол көлігімен жүк

   тасымалының тарифтік саясаты мәселеле.

   рін пысықтау

___________________________________________________________________________

17 2000 жылғы 12 қыркүйектегі "Солтүстік-   2001 жылғы  Қазақстан Республи.

   Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі       31 желтоқ.  касының Көлік және

   туралы Үндістан, Иран және Ресей үкі.    санға       коммуникациялар

   меттерінің арасындағы келісімге Қазақ.   дейін       министрлігі

   станның қосылуы жөніндегі рәсімдерді  

   орындау

___________________________________________________________________________

18 Ресей (Санкт-Петербург) - Қазақстан      2001 жылғы  Қазақстан Республи.

   (Ақтау) - Иран (Анзалы, Ноушехр,         31 желтоқ.  касының Көлік және

   Амирабад) - Парсы шығанағы бағытын іске  санға       коммуникациялар

   асыруға Қазақстанның қатысуын қамтама.   дейін       министрлігі

   сыз ету

___________________________________________________________________________

                                6. Әртүрлі

___________________________________________________________________________

19 Білім саласындағы қазақстандық-ресейлік    Тұрақты   Қазақстан Республи.

   ынтымақтастықты дамыту және бірлескен                касының Білім және

   оқу орындарын құру жөніндегі жұмысты                 ғылым министрлігі

   жалғастыру           

___________________________________________________________________________

20 Ресейлік құқық қорғау органдарымен бір.    Тұрақты   Қазақстан Республи.

   лесіп халықаралық терроршылдыққа және                касының Ұлттық

   қылмыстардың басқа да түрлеріне қарсы                қауіпсіздік комите.

   күрес жөніндегі жұмысты жалғастыру                   ті (келісім бойын.

                                                        ша), Ішкі істер ми.

                                                        нистрлігі, Қорғаныс

                                                        министрлігі

___________________________________________________________________________

21 Каспий теңізінің проблемалары бойынша    2001 жыл    Қазақстан Республи.

   ресейлік тараппен тұрақты консультация.    бойы      касының Сыртқы іс.

   лар өткізу                                           тер министрлігі

___________________________________________________________________________

22 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Респу.  2001 жылғы  Қазақстан Республи.

   бликасы мен Ресей Федерациясының ара.    31 желтоқ.  касының Сыртқы

   сындағы Жер қойнауын пайдаланудың еге.   санға       істер министрлігі

   мендік құқықтарын жүзеге асыру мақса.    дейін

   тында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің          

   түбін шекке бөлу туралы келісімге Хат.

   таманы қол қоюға дайындау

___________________________________________________________________________


     Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады