"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 ақпан N 174

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                             Жоба


                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


                          Ветеринария туралы


     Осы Заң ветеринария саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi,

ветеринария ұйымдары мен мамандары қызметiнiң құқықтық негiздерін,

мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың жануарлар мен адамдар үшiн ортақ

аурулардың алдын алуды, ветеринариялық-санитариялық есендiктi,

жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, мал азығының және мал

азығына қосымшалардың, ветеринариялық препараттардың қауiпсiздiгiн

қамтамасыз ету жөнiндегi мүдделерiн қорғау шараларын белгiлейдi.


                      1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


                  1-бап. Ветеринария туралы заңдар


     1. Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдары Қазақстан

Республикасының 


K951000_


  Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк

құқықтық актiлерiнен тұрады.

     2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы

Заңда барынан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi

қолданылады.


          2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар


     Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:


 
       1) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың алдын алуға, диагностикасына, емдеуге және жоюға, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми бiлiмдер мен практикалық қызмет саласы;
      2) сараптама актiсi - ветеринариялық қадағалау объектілерiнiң диагностикасы мен ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелерi бойынша ветеринариялық лабораториялар ветеринария саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органдар белгiлеген нысан мен тәртiп бойынша беретiн, олардың ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
      3) ветеринариялық препараттарды, мал азығын, мал азығына қосымшаларды сынақтан өткiзу - ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган белгілеген тәртiппен жаңа (әзiрленген) немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау;
      4) ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң қауiпсiздiгi (зиянсыздығы) - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың олар пайдаланылатын дағдылы (белгiленген) жағдайларда адамның және жануарлардың денсаулығына қауiп келтiрмейтiн жай-күйi;
      5) ветеринариялық лабораториялар - жануарлар аурулары диагностикасын және/немесе мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектілерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi;
      6) ветеринариялық төлқұжат - ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануардың иесi, жануардың түрi, тұрпаты, жасы, жануарлар ауруларының алдын алу, емдеу және диагностикасы жөнінде жүргiзiлген ветеринариялық-санитариялық шаралардың мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi;
      7) ветеринариялық препараттар (жануарларға арналған дәрi-дәрмек құралдары) - жануарлар ауруларының алдын алуға, диагностикасына, оларды емдеу мен жоюға, олардың өнімділігін арттыруға арнап, дезинфекция, дезинсекция және дератизация ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін, жануарлардың парфюмериясы немесе косметикасы ретінде жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын және синтетикалық заттар, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қолайлылық - жануарлардың ерекше қауiптi аурулары болмайтын, ал жануарлардың басқа аурулармен ауыру деңгейi сол аумақ және жылдың сол уақыты үшiн сипатты аурулардың дағдылы деңгейiнен аспайтын аумақтың жай-күйi;
      9) ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлiк мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау нәтижелерi бойынша, сондай-ақ ветеринариялық анықтама не олардың ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестiгiн куәландыратын және олардың пайдаланылу режимiн белгiлейтiн сараптама актiсi негiзiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық инспекторлар беретiн құжаттар;
      10) ветеринариялық-санитариялық жағдай - нақты көрсетiлген уақытта, жануарлар ауруларының болуымен, олардың таралуымен және жануарлардың ауыру деңгейiнен, сондай-ақ ветеринариялық қадағалаулық бақылауындағы жүктердiң ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге арналған ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық шаралардың ұйымдастырылуы мен олардың толық шешiлуiмен сипатталатын жай-күйi;
      11) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргiзу тәртiбiн анықтайтын, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген және ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi нормативтiк-құқықтық акт;
      12) ветеринариялық-санитариялық сараптама - мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуiн тексеру мақсатымен жүргiзілетiн биологиялық, бактериологиялық, виросологиялық, патологоанатомиялық, токсикологиялық, паразитологиялық және радиологиялық зерттеулер кешенi;
      13) ветеринариялық анықтама - ветеринария саласындағы қызметтi лицензия негiзiнде жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар беретiн және ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн көрсететiн құжат;
      14) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ветеринария туралы заңдарды заңды және жеке тұлғалардың бұзуын болғызбауға, анықтауға, тыю мен жоюға, соның ішiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң санитариялық қолайлылықты, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауiпсiздiгiн, халықтың денсаулығын және жануарларды аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен анықтауға бағытталған қызметi;
      15) ветеринариялық препараттарды мемлекеттiк тiркеу - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сай келетін ветеринариялық препараттарды өздеріне белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттардың оларды сынақтан өткізіп тіркеу және оларға белгiленген нысанда тiркеу куәлiктерiн беру қорытындылары жөніндегi Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзу;
      16) ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмi - ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган шығаратын, мемлекеттiк тiркеуден өткен Қазақстан Республикасында өндiруге немесе импорттауға рұқсат етілген мәлiметтер бар тiзбе;
      17) дегельминтизация - гельминттердiң бүкіл даму сатыларында және олардың тiршiлiк ететiн жерлерiнде оларды жойып жiберуге бағытталған емдеу-алдын алу шараларының жүйесі;
      18) дезинсекция - зиянды жәндiктердi жоюға бағытталған шаралар кешенi;
      19) дезинфекция - жануарлардың ауруларын қоздырушы микроорганизмдердi (бактерияларды, вирустарды, грибоктарды, риккетсилердi, простейшiлердi) жоюға бағытталған шаралар кешенi;
      20) дератизация - зиянды кемiргiштердi жоюға бағытталған шаралар кешенi;
      21) диагностика - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртіппен қолданылатын әдiстердi, әдiстемелердi, тесттердi қамтитын және жануарлардың ауруларын бiлуге, жануарлар ауруларының қоздырғыштарын немесе ауыру себептерiн табуға (индикациялауға), анықтауға (типтендiруге) бағытталған шаралар кешенi;
      22) жануарлар - ауыл шаруашылық, үйдегi, жабайы сүтқоректiлер, құстар, балықтар, жер мен судағы және жәндiктер мен жануарлар дүниесiнiң басқа да өкiлдерi;
      23) инвазиялық (жұқпалы) аурулар - жануарлардың паразиттер: ең қарапайым жәндiктер, гельминттер, кене, шыбын-шiркейлер туғызатын аурулары;
      24) инфекциялық (жұқпалы) аурулар - жануарлардың микроорганизмдер туғызатын және денi сау нәзiк малға тiкелей жанасатын, механикалық көшiрiлiм жағдайында немесе өзге де жолмен ауру қоздырғыш көзiнен берiлетiн аурулар;
      25) карантин - iндет ошағы, жайсыз мекен және ветеринариялық-санитариялық жайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстардың шектелуiн және ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң тасылуын тоқтатуды қамтамасыз етуге, iндет ошағын жоюға, аурудың таралуына жол бермеуге және қоршаған ортадағы ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған, жануарлардың ауруы аса ветеринариялық қауiптi деп диагноз қойғаннан кейiн ауру жануарлар сауыққанға (жойылғанға) дейiн жүргiзiлетiн, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын осы Заңда көзделген уақытша шектеу белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша міндеттер жүктейтiн ветеринариялық-санитариялық және әкiмшiлiк шаралар;
      26) микроорганизмдер коллекциясы (мұрағаттары, мұражайлары), соның iшiнде микроорганизмдердiң депонизацияланған штаммдарының Ұлттық коллекциясы - микроорганизмдер сақталатын орындар, оларда микроорганизмдердi кейiннен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық препараттар, мал азығын, мал азығына қосымшалар әзiрлеу кезiнде авторлық құқықтарды ескере отырып пайдалану мүмкiндiгi мақсатымен олардың ұзақ уақыт бойы тiршiлiк қабiлетiн сақтауы мен қасиеттерiн жоғалтпауы қамтамасыз етiледi;
      27) мал азығы, мал азығына қосымшалар - жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын, әртүрлi нысандағы синтетикалық заттар, соның iшiнде жануарларды азықтандыруға арналған премикстер, аминдi қышқылдар, минералды және витаминдi компоненттер, олардың қоспалары;
      28) мал ауруларын жою - жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының таралуын азайту және алдын алу және олардың қоздырғыштарын жою мақсатымен iндет ошағы мен жайсыз мекенде жүргiзiлген арнаулы сипаттағы шаралар кешенi;
      29) жануарларды емдеу - ауыратын жануарларды сауықтыруға және аурудың пайда болу себептерiн жоюға бағытталған шаралар кешенi;
      30) Халықаралық ветеринария кодексi - халықаралық сауда жүргiзу кезiнде аурулардың таратылу қаупiн болғызбау үшін сауда жасаушы әрiптестерге ең төмен ветеринариялық кепiлдiк белгiлейтiн ветеринариялық ережелердiң Халықаралық Эпизоотикалық Бюро (ХЭБ) бекiткен жиыны;
      31) микроорганизмдер - жануарлардың организмiнде немесе олардың терiсiнде (жүнiнде) болатын немесе ветеринариялық препараттардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың продуценттерi ретiнде пайдаланылатын жануарлардың ауруларын қоздырғыштар немесе ықтимал қоздырғыштар;
      32) ауру жөнiндегi жайсыз мекен (жайсыз мекен) - аумағында iндет ошағы анықталған елдi мекен, сондай-ақ жайылымдар, қыстаулар, жазғы жайлаулар;
      33) ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды өндiру, сақтау, тасу, сынақтан тiркеп өткiзу, стандарттау, сертификаттау, сапасын бақылау, жарнама жасау, сату немесе қолдану;
      34) шектеу шаралары - ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң iндет ошақтары, жайсыз мекендер және ветеринариялық-санитариялық жайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды iшiнара шектеу мен тоқтатып қоюды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық-санитариялық және әкiмшiлiк iс-шаралар; бұл орайда жануарларға күдiк келтiрiлген жағдайда олардың ауруларының таралуына жол бермеу және осы Заңда көзделген уақытша нұсқаулықта жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын шектеуге жол берiлетiн және оларға қосымша мiндеттер жүктелетiн iндет ошағы мен жайсыз мекенде ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға жету мақсат етiледi;
      35) жануарлардың ерекше қауiптi аурулары - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган анықтайтын, адам мен жануарларға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың көп ауруына немесе өлуiне, көп әлеуметтiк-экономикалық залал әкеп соғатын жануарлар аурулары;
      36) iндеттi жағдайды бағалау - жануарлар аурулары қоздырғыштарының енуi мен таралуы шамасын анықтау және осыған байланысты биологиялық және экономикалық зардаптар;
      37) панзоотия - елдiң әкiмшiлiк бөлiнiстерi аумағының көп бөлiгiнде жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының жаппай таралуы;
      38) ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, мал азығы, мал азығына қосымшалар, ветеринариялық препараттар;
      39) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған, өнеркәсiпте пайдалану үшiн, сондай-ақ адамдардың тамағына тиiсiнше өңделмей пайдаланылмайтын ет, сүт, балық, жұмыртқа, олардан дайындалатын шикi өнiм, ара өсiру өнiмдерi, терi, жүн, қыл, түк, ет өнiмi, түбiт, қауырсын, эндокриндiк өттер мен ішек-қарын, қан, сүйек, мүйiз, тұяқ және басқа да өнiмдер;
      40) жануарлар ауруларының алдын алу (iндетке қарсы iс-шаралар) - жануарлар ауруларының пайда болуына, таралуына жол бермеуге және оларды жоюға бағытталған шаралар кешенi;
      41) ветеринариялық препараттардың тіркелу сынағынан өткiзілуi - ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актілердiң талаптарына ветеринариялық препараттардың сәйкес келуін анықтау үшiн ветеринариялық саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қолданылатын әдiстердiң, әдiстемелердiң, тестiлердiң кешенi;
      42) жануарлар ауруларының диагностикасы жөнiндегi референттiк және әдістемелік міндет - жануарлардың ерекше қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын үлгiлерге бөлудi (белгілi бiр түр ішiнде үлгiлiк айырмашылықты анықтауды), соның iшiнде олардың алдын алу мен диагностикасы шараларын әзірлеуді жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілiктi диагноз қою;
      43) базар (сауда жасайтын ұйымдар) - жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты, мал азығын, мал азығына қосымшаларды, ветеринариялық препараттарды сату орнын қоса алғанда, сауда-саттыққа арнайы жабдықталған орын;
      44) ауыл шаруашылық жануарлары - асыл тұқымды, пайдаланылатын жануарлар, сондай-ақ ауыл шаруашылығында жануарлардан өнiмдер мен шикiзат алу үшін пайдаланылатын жануарлар;
      45) ветеринария жүйесi - өз құзыреттерi шегiнде, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн белгілейтiн нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
      46) шикi өнiм - жануарлардан алынатын, алдын ала өңдеген (қайнатқан, қуырған, консервiлеген, тұздаған, қақтаған, бұқтырған, кептiрген) жағдайда оны адамдардың тамағына пайдалануға мүмкіндiк беретiн еттен, сүттен, балықтан, жұмыртқадан және басқа да өнiмдерден дайындалған өнiм;
      47) микроорганизмдердiң штаммы (өсiрiлуi) - ерекше қасиеттерi бар микроорганизмдердi генетикалық жағынан бiртектi өсiру;
      48) iндеттiлiк мониторинг - жануарлардың нақты ауруларының асқыну заңдылықтары туралы, олардың жүрген (ұсталған/өсiрiлген табиғи-географиялық және экономикалық шаруашылық) жағдайлары туралы, ветеринариялық-санитариялық шаралардың жүргізiлуi туралы және оларды кейiннен ветеринариялық-санитариялық шараларға талдау жүргiзу және iндеттердiң немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуiн және өшуiн

 

(жойылуын) болжау туралы сан жөнiндегі деректердi жинау жүйесi;

     49) iндет ошағы - жануарлардың аса қауiптi ауруларымен ауырған немесе

ауыруы мүмкiн деп танылатын жұқпалы көздер бар немесе ерекше қауiптi

аурулармен ауырған немесе ауырып өткен жануарлардан алынған жануарлардың

өнiмдерi мен шикiзаты сақталатын шектеулi аумақ немесе орын;

     50) iндет - белгiлi бiр әкiмшiлiк бөлiнiс аумағында жануарлардың

ерекше қауiптi ауруларының жаппай таралуы.


         3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер


     Ветеринария саласындағы негiзгi міндеттер:

     1) жануарларды аурулардан қорғау;

     2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

     3) республика аумағын басқа мемлекеттерден жануарлар ауруларының

қоздырғыштарын әкелуден қорғау;

     4) ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң қауiпсiздiгiн және

олардың ветеринария туралы заңдардың талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз

ету;

     5) заңды және жеке тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметiн

жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны ластауынан сақтандыру болып табылады.


              2-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ

                     МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ


         4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк

                    саясаттың принциптерi


     Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат:


 
       1) заңды және жеке тұлғалардың жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, жануарлардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың, ветеринариялық препараттардың ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актілердiң талаптарына сәйкес өндiрiлуiн қамтамасыз етуге экономикалық жағынан мүдделілігі;
      2) ветеринариялық-санитариялық қолайлылықты қамтамасыз ету үшiн қажет болатыннан көп дәрежеде сауда жасауды шектемейтiн ветеринариялық-санитариялық шаралардың, ережелер мен нормативтердiң қолданылуы;
      3) ветеринариялық қадағалаудың тәуелсiздiгi;
      4) ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктiң шыққан аумағы мен оның баратын жерiнiң сипаттамасын ескере отырып, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру;
      5) Халықаралық ветеринариялық кодекстiң талаптарын, басқа да халықаралық ветеринариялық нормативтер мен ұсыныстарды ескере отырып, iндетті жағдайларды объективтi бағалаудың ветеринариялық-санитариялық шараларын, ережелерi мен нормативтерiн ғылыми принциптермен әзiрлеу, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық шараларды, ережелер мен нормативтердi олар ғылыми негiзделген жағдайда халықаралық ұсыныстарда көзделгенiнен неғұрлым жоғары деңгейде қамтамасыз ету принциптерiне негiзделедi.
 
         5-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметінің ветеринария
                        саласындағы құзыретi
 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретiне:
      1) ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу және қабылдау;
      2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органды белгiлеу;
      3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуымен жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша республикалық бағдарламаларды бекiту;
      4) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық;
      5) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы

 

бойынша осы Заңға сәйкес ветеринария саласындағы заңды және жеке

тұлғалардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту;

     6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы

бойынша бюджеттiк қаржылар есебiнен жойылу жүзеге асырылатын жануарлардың

ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiн, алдын алуды, диагностикасын бекiту;

     7) панзоотиялар пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасының

аумағында шектеу шараларын немесе карантин енгiзу кiредi.


         6-бап. Қазақстан Республикасындағы ветеринария жүйесi


     Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне:

     1) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдары;

     2) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк

органдардың бөлiмшелерi;

     3) мемлекеттiк ветеринариялық мекемелер;

     4) лицензия негiзiнде ветеринариялық қызметтi жүзеге асыратын заңды

және жеке тұлғалар кiредi.


         7-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдары


     1. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдарына:

     1) ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган;


 
       2) мемлекеттiк шекарадағы бақылаушы ветеринариялық постыларымен қоса алғанда, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық, аумақтық бөлiмшелерi;
      3) ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердің дайындалуы, өңделуi, сақталуы жөнiндегi базарлар мен ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлармен қоса алғанда, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi жатады.
      2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Заңда белгіленген өкiлеттiгi шегiнде ветеринария саласындағы мемлекеттiк басқару мен реттеудi жүзеге асырады.
 
     8-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi
 
      Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретiне мыналар кiредi:
      1) бюджеттік қаржы есебiнен қаржыландырылып жойылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiн, алдын алуды, диагностикасын дайындау;
      2) денсаулық сақтау органдарымен бiрлесе отырып, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      3) республика аумағын жануарлар ауруларының әкелуi мен таратылуынан қорғауды ұйымдастыру және шекара арқылы өткiзілетiн, ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария қызметiне лицензиялар беру, лицензиялардың қолданылуын тоқтатып қою және лицензияны сот тәртiбiмен қайтарып алу;
      5) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлімшелерiнiң, жеке және заңды тұлғалардың iндет ошақтарын жою және мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң ветеринария-санитариялық жайлылығын қамтамасыз ету қызметiн үйлестiрiп отыру;
      6) ветеринариялық препараттар сатып алу жөнiндегi республикалық бюджеттiк бағдарламаларды, нормативтiк конкурстық және тендерлiк құжаттаманы дайындауға қатысу, ветеринария саласындағы жұмыстарды ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен ветеринария үшiн кадрлар даярлау тапсырыстарын орындау;
      7) ветеринариялық препараттарды сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткiзудi) және пайдалануды, заңдарда белгіленген тәртiппен ветеринариялық-санитариялық шараларды орындауды ұйымдастыру;
      8) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринария ережелерi мен қауiпсiздiк нормаларын, сондай-ақ мемлекеттiк стандарттарды, ветеринариялық есеп беру және есепке алу нысандарын, оларды халықаралық нормалар мен ұсыныстарды ескере отырып, ветеринария саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi беру тәртiбiн қоса алғанда, ветеринариялық-санитариялық шараларды, ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтердi белгiленген тәртiппен әзiрлеудi және бекiтудi ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      9) жануарлардың аурулары бойынша iндет мониторингiн ұйымдастыру;
      10) мүдделi тұлғаларға Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласында жүргiзiлген ветеринариялық-санитариялық шаралар мен белгiленген нормативтiк құқықтық актiлер туралы ақпарат берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      11) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, мал азығын және мал азығына қосымшаларды тексерудi, бақылауды, оларды тiркелу сынақтарынан өткiзудi ұйымдастыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттардың Мемлекеттiк Тiзілiмiн жүргiзу;
      12) халық арасында ветеринариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және жүргiзу;
      13) шет мемлекеттердiң ветеринария ұйымдарымен және халықаралық ветеринариялық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      14) ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актілерде көзделген өзге де мiндеттер.
 
       9-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық бас инспекторлардың құзыретi
 
      1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай атауларды: "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринария инспекторы", "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) мемлекеттік бас ветеринария инспекторы", "ауданның (қаланың) мемлекеттiк бас ветеринария инспекторы" және олардың орынбасарлары, әкiмшілiк мемлекеттiк қызметшiлер қызметiне сәйкес "ветеринария инспекторы" атауларын қосымша берiлуге құқылы.
      2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринария инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретiне мыналар кiредi:
      1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) республика аумағында немесе бiрнеше облыстар аумағында ветеринариялық-санитариялық шараларды жүзеге асыру жөнiндегi бұйрықтардың мiндеттi орындалуға қабылдануы, олардың орындалуын ұйымдастыру мен бақылау;
      3) тиiстi аумақтардағы iндеттi жағдайларды бағалауды ескере отырып, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi экспорттау, импорттау және өткiзу;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, республикалық қаланың бас мемлекеттiк ветеринариялық, қызметiнен және оның орынбасарларын босату туралы шешiм оларды жұмыстан босатуға негiз болған себептер анықталған кезеңге дейiн;
      5) Халықаралық iндет бюросында (ХIБ), дүние жүзiлiк ветеринария қауымдастығында ХIБ бюросында (БДҚ) және басқа да халықаралық ветеринариялық ұйымдарында көрсетiлген тәртіп бойынша белгiленген заңдармен жүзеге асыру;
      6) осы Заңға сәйкес өзге де мiндеттер кiредi.
      3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттiк ветеринария инспекторының және оның орынбасарының қызметiне:
      1) Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумағында ветеринариялық-санитариялық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      2) Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумағында ветеринариялық-санитариялық шараларды жүзеге асыру жөнiнде орындалуы мiндеттi бұйрықтар қабылдау, олардың орындалуын ұйымдастыру мен қадағалау;
      3) ауланың (қаланың) бас мемлекеттiк ветеринария инспекторын, ветеринариялық бақылау орындарының ветеринария инспекторларын олардың жұмыстан шеттетiлуiн анықтағанға дейiнгi мерзiмге қызметiнен шеттету туралы шешiмдер шығару;
      4) Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгіленген нысандар бойынша ветеринариялық есеп жүргiзу және сол тәртiппен беру;
      5) осы Заңға сәйкес өзге де мiндеттер кiредi.
      4. Ауданның (қаланың) мемлекеттiк ветеринариялық бас инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:
      1) аудан (қала) аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру;
      2) аудан (қала) аумағында ветеринариялық-санитариялық шараларды жүзеге асыру жөнінде орындалуы міндетті бұйрықтар қабылдау, олардың орындалуын ұйымдастыру мен қадағалау;
      3) мал шаруашылық фермаларын жоспарлау мен салудың жобаларына, сондай-ақ аталған объектілерді салуға арналған жер учаскелері мен жануарларға су бөлу жобаларына ветеринариялық-санитариялық қорытындылар беру және оларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмысшы және мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      4) шеттетуге негіз болған себептерді анықтау мерзімінде аудан (қала) аумағында жұмыс істейтін ветеринариялық инспекторларды қызметінен шектету туралы шешім шығару;
      5) ветеринариялық есептерді Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізу және табыс ету;
      6) осы Заңға сәйкес өзге де міндеттер кіреді.
 
         10-бап. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын
                 мемлекеттік органдардың бөлімшелері
 
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі өздерінің тиісті міндеттерін орындау үшін жануарларды (іздестіру, күзету-қарауыл, постылық, жол-күзету жануарларын) ұстаған, пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы мынадай қызметті жүзеге асыратын:
      1) осы баптың 1-тармағында аталған жануарлардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу;
      2) тиісті мемлекеттік органдарға жататын мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру бөлімшелерін құра алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған мемлекеттік органдардың бөлімшелері мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда, ветеринариялық-санитариялық шараларды ұйымдастыру мен орындау бөлігінде ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған мемлекеттік органдардың бөлімшелері ветеринария есебін Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгіленген нысанда жүргізіп, оны сол тәртіппен беріп отырады.
 
           11-бап. Ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы
                         органдардың құзыреті
 
      1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен алынған лицензия негізінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария ұйымдарын өз қаражаты есебінен құра алады.
      2. Жергілікті атқарушы органдар ветеринария инспекторларына олардың мемлекеттік ветеринариялық қадағалау міндеттерін атқаруына көмек көрсетеді, ветеринариялық-санитариялық шараларды жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ оларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден қаражат бөле алады.
 
         12-бап. Мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің құзыреті
 
      1. Мемлекеттік ветеринариялық мекемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтің мынадай түрлерін:
      1) Ұлттық депонизацияланған микроорганизмдер штаммдарының коллекциясын енгізуге байланысты жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және әдістемелік міндеттер;
      2) Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар аурулардың індеттілік мониторингін жүзеге асыру мақсатымен құрады.
      2. Мемлекеттік ветеринариялық мекемелер Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгіленген нысандар мен тәртіп бойынша ветеринариялық есебін жүргізіп және оны беріп отырады.
 
         13-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
 
      1. Ветеринариялық қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның міндетті түрде лицензиялауына жатады.
      2. Лицензиат өзінің ветеринария саласындағы қызметінің нәтижелері бойынша ветеринариялық анықтамалар береді, Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгіленген нысандар мен тәртіп бойынша есеп жүргізіп, ветеринариялық есепті табыс етіп отырады.
      3. Ветеринария саласындағы мынадай қызметтердің түрлері мемлекеттік монополияға жатқызылады:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының диагностикасы;
      2) ветеринариялық препараттардың, мал азығына қосымшалардың сынақтан өткізілуі, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, мал азығын, мал азығына қосымшаларды тексеруді, ветеринариялық препараттар топтарының/партияларының тіркелуі;
      3) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген ең

 

қауіпті жануарлардың індетті ошақтарын жою;

     5) мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау орындарында көлік

құралдарын дезинфекциялау.

     4. Мемлекеттік монополияға жатқызылған ветеринария саласындағы

қызметтің жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


            3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау


    14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың мақсаттары мен

            міндеттері


     Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау:


 
       1) заңды және жеке тұлғалардың ветеринария туралы заңдардың талаптарын орындау және сақтау жөніндегі, жануарлардың денсаулығын сақтауға, алдын алуға, диагностикасына, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды емдеу мен жоюға бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі, ветеринариялық препараттардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың айналысы жөніндегі қызметін бақылау;
      2) республикалық запасты қоса алғанда бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлу және сақтауға, тасымалдауға (жеткізуге) және пайдалануға бақылау жасау;
      3) республика аумағын басқа мемлекеттерден ауру жануарлардың қоздырғыштарын әкелуден және таратудан қорғау жөніндегі, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді тасымалдау, тиеу және түсірудің ветеринариялық ережелері мен нормаларын сақтау жөніндегі ветеринариялық-санитариялық шараларды жүзеге асыру және бақылау, Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгіленген нысандар мен ветеринариялық есептерді және оларды сол тәртіппен беру;
      4) ветеринария туралы заңдардың бұзылуын тыю шараларын жүзеге асыру, оның бұзылу фактілері туралы хаттамалар жасау, осы Заңда белгіленген ветеринария туралы заңдарды бұзған адамдарға санкциялар қолдану туралы қаулының күшін жою және оны шығару туралы нұсқама беру;
      5) Базарларда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатті өңдеу, сақтау, өткізу және тасымалдау жөніндегі ұйымдарда ветеринариялық-санитариялық қадағалауды жүзеге асыру, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің, ветеринариялық-санитариялық жағдайлардың қауіпсіздігін бақылау, сондай-ақ жануарлардың аурулары мен олардың тағам ретінде улауының пайда болуы мен таралуының себептерін және жағдайларын анықтау мен көрсету;
      6) ветеринариялық-санитариялық шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау.
 
      15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
 
      1. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ветеринариялық инспекторлар жүзеге асырады:
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген біліктілік талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының ветеринариялық инспектор қызметін атқаруға құқығы бар.
      3. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережелерін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
 
         16-бап. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері
 
      Мыналар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері болып табылады:
      1) гендік-инженерлік жолмен алынған жануарларды қоса алғандағы жануарлар, сондай-ақ жануарлар мен оларды өсірудің жыныстық және соматикалық клеткалары;
      2) жануарлар ауруларының қоздырғыштарын қоса алғандағы микроорганизмдер - вирустар, бактериялар, грибтер, гельменттер, насекомдар, олардың штаммдары (өсірілуі), коллекциялар (мұрағаттар, мұражайлар);
      3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, мал азығы, мал азығына қосымшалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін іріктеп алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, ветеринария саласындағы адамдар қызметі нәтижелерінің сынамалары;
      4) алдын алу, жануарларды емдеу мен өңдеу, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
      5) жануарлар ауруларын қоздыруды жұқтыруы мүмкін көлік құралдары, барлық ыдыс түрлері, буып-түю материалдары;
      6) ветеринария саласындағы ветеринариялық қадағалаудың бақылауына жататын жүктерді өсіретін, дайындайтын, сақтайтын, қайта өңдейтін, сататын немесе пайдаланатын ғылыми қызметті және ветеринариялық мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндірістік үй-жайлары мен қызметі;
      7) мал айдалатын жолдар, маршруттар, жайылымдар (мал жайылатын аумақтар), ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді дайындау (сою), өңдеу, өндіру немесе сақтау жөніндегі рыноктардың (сауда жасаушы ұйымдардың), кәсіпорындардың жануарларды ұқсастыру жөніндегі рәсімдері мен нысандары;
      8) ветеринариялық есеп және есеп беру құжаттамасы, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, өңдеу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттама, ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілер.
 
           17-бап. Ветеринариялық инспекторлардың құқықтары
 
      Ветеринариялық инспекторлардың:
      1) ветеринария туралы заңдардың нормаларын орындауды тексеру, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау мақсатымен мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне заңдарда белгіленген тәртіппен еркін (қызметтік куәлігін көрсеткеннен кейін) кіруіне, сондай-ақ ветеринария саласындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметі туралы құжатталған ақпарат алуына;
      2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін мүдделі тараптарды зерделеу мерзімін өткізу туралы хабарландыра отырып сынамаларын іріктеп алуды жүргізуге;
      3) ветеринариялық-санитариялық қадағалау жүргізуге;
      4) ветеринариялық куәлік және ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге;
      5) ветеринариялық инспекторларға хаттамалар жазылып, актілер жасауға;
      6) ветеринария туралы заңдар бұзылған жағдайда сотқа талап-арыз қоюға;
      7) аумақтарда жануарлар, малдан алынатын өнімдер мен шикізат, мал азығы немесе мал азығындағы қосымшалар, ветеринариялық препараттар, ветеринариялық-санитариялық жайлы аумақтарда анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), құртуға немесе өңдеуге, сондай-ақ аталған фактілер туралы Мемсанэпидқадағалау органдарына хабарлауға;
      8) індет ұшақтарында немесе жайсыз мекендерде аса қауіпті аурулармен ауырған жануарлар, жануарлардың аса қауіпті ауруларының қоздырғыштары бар, малдан алынатын өнімдер мен шикізат, мал азығы және мал азығына қосымшалар, ветеринариялық препараттар анықталған жағдайда оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), жойып жіберуді немесе өңдеуді өз бетімен ұйымдастыруға, сондай-ақ аталған фактілер туралы Мемсанэпидқадағалау органдарына хабарлауға құқығы бар.
 
              18-бап. Ветеринариялық инспектордың актілері
 
      1. Ветеринария жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің белгіленген талаптарының бұзылуына қарай ветеринариялық инспекторлар ветеринария туралы заңдардың бұзылуы туралы өзі жасаған хаттамалар негізінде мынадай актілер ресімдейді:
      1) нұсқама:
      а) ветеринария жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуын жою туралы;
      б) ветеринариялық қадағалау объектілері ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейді деп күдіктенген жағдайда оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргізу туралы;
      в) жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшін жануарларға алдын алу немесе мәжбүрлеп вакцинация жүргізу, үй-жайларда, фермалар аумағында, індет ошақтарында, жайсыз мекендер мен көлікте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу туралы;
      г) союға, дайындауға, ұқсатуға, өткізуге (жеткізіп беруге, сатуға), ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді пайдалануға тыйым салуды, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда оларды тоқтатып қоюды қоса алғанда, ветеринария туралы заңдардың бұзылуы жойылғанға дейін шаруашылық қызметті сот органдарының шешімінсіз 3 тәулікке дейінгі мерзімге тоқтатып қою туралы;
      д) ветеринариялық қадағалау бақылайтын, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін жүктерді жоюды және өңдеуді қоса алғанда оларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру) туралы;
      2) ветеринария туралы заңдар бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы немесе әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы.
      2. Хаттамалардың, нұсқамалардың, қаулылардың нысандарын, оларды жасау

 

мен беру тәртібін ветеринария дәрігерлігі саласындағы уәкілетті

мемлекеттік орган бекітеді.

     3. Ветеринариялық инспекторлардың актілері меншік нысандарына

қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.


          19-бап. Ветеринариялық инспекторлардың тәуелсіздігі


     Ветеринариялық инспекторлар өз қызметінде тәуелсіз болып табылады

және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарын, осы

Заңды, сондай-ақ ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық

актілерді басшылыққа алады.


          20-бап. Ветеринариялық инспекторлардың жауапкершілігі


     Ветеринариялық инспекторлар өздерінің қызметтік міндеттерін лайықты

орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген

тәртіппен жауап береді.


             21-бап. Ветеринариялық инспекторлардың әрекеттеріне

                      (әрекетсіздігіне) шағым жасау


     1. Ветеринариялық инспекторлардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)

жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына немесе

сотқа шағым жасалуы мүмкін.

     2. Шағым беру шағым жасалып отырған әрекеттерді тоқтата тұрмайды.


        22-бап. Мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау

              постылары және Қазақстан Республикасының аумағын

               жануарлардың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау



 
       1. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері белгіленген жерлерде мемлекеттік шекара арқылы өтеді (экспорт, импорт, транзит), халықаралық үлгідегі ветеринариялық куәлігі болады және оларға кеден құжаттарын ресімдеу алдында міндетті түрде мемлекеттік ветеринариялық қадағалануға тиіс.
      2. Республика мал ауруларын әкелу мен таратудың алдын алу мақсатымен ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерге мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шекара және кеден пункттерінде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ветеринариялық бақылау постыларын ұйымдастырады.
      3. Ветеринариялық бақылау постыларында ветеринариялық инспекторлар мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық куәліктерді қайта ресімдеуді жүзеге асырады.
      4. Ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің әкелінуі, әкетілуі және транзиті тиісті аумақтардың індеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Басқа мемлекеттердің мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орны берген ветеринариялық куәліктерді Қазақстан Республикасы ветеринариялық бақылау постыларының ветеринариялық инспекторлар Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарына сәйкес олар ветеринариялық-санитариялық денсаулықты қамтамасыз еткен жағдайда таниды.
      6. Мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау постыларының ветеринариялық инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде ветеринариялық рәміздері бар арнаулы киім киіп жүреді.
      7. Ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің экспортына, импортына және транзитіне шарттар жасасудың алдында заңды немесе жеке тұлғаның ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінен экспорт, импорт және транзит еліндегі ветеринариялық-санитариялық жағдай туралы, жануарлар ауруларының қоздырғыштарын әкелу мен әкетуге жол бермейтін ветеринариялық-санитариялық шаралар туралы ақпарат алуға құқығы бар. Құпия сипаттағы ақпарат ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер иесінің жазбаша келісімінсіз жария етілмеуге тиіс.
      8. Жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының пайда болуы тіркелген шектес мемлекеттердің шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетін көлік құралдары ветеринариялық нормалар мен ережелерде белгіленген кезеңге және тәртіп бойынша міндетті түрде дезинфекциялануға тиіс.
 
      23-бап. Ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді Қазақстан
      Республикасының аумағына тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі
                 мемлекеттік ветеринариялық бақылау
 
      1. Ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер ел ішінде тасылған (орны ауыстырылған) кезде міндетті түрде мемлекеттік ветеринариялық қадағалануға тиіс.
      2. Ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде оларға мемлекеттік ветеринариялық бақылауды оларды тиеу, түсіру жүргізілетін аумақтардың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) жолы өтетін аумақтардың ветеринариялық инспекторлары жүзеге асырады.
      3. Ауыл шаруашылық жануарлардың орнын ауыстыру жолдары (мал айдау трассалары) тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларымен келісе отырып белгіленеді.
      4. Ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ел ішінде (аудан ішінде орнын ауыстыруды қоспағанда) тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде оларға жөнелтетін аумақтардың ветеринариялық инспекторлары беретін ветеринариялық куәліктері, ал аудан ішінде орнын ауыстырғанда - ветеринариялық анықтамалары қоса беріледі.
      5. Ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыру (тасу) үшін пайдаланылған көлік құралдары ветеринариялық нормалар мен ережелерге сәйкес міндетті түрде дезинфекциялануға тиіс.
 
     24-бап. Базарлардағы, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi
      дайындау (сою), өңдеу, өндiру немесе сақтау жөнiндегi ұйымдардағы
                    мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
 
      1. Базарлар және ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi дайындау (сою), өңдеу, өндiру немесе сақтау жөнiндегi ұйымдар үшiн мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау мiндеттi болып табылады.
      2. Базарларда және ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi дайындау (сою), өңдеу, өндiру немесе сақтау жөнiндегi ұйымдарда жануарлар, малдан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, мал азығы мен мал азығына қосымшалар мемлекеттiк ветеринариялық қадағалануға тиiс.
      3. Базарлардағы және ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi дайындау (сою), өңдеу, өндiру немесе сақтау жөнiндегi ұйымдардағы мемлекеттiк ветеринариялық бақылау ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң қоса жiберiлетiн ветеринариялық құжаттарына, сойылатын жануарларды тексерiп шығу, жануарлардың етi мен ішкi мүшелерiн ветеринариялық-санитариялық бағалау көзделетiн ветеринария саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес келуiн тексерудi, оларды сатуға рұқсат берудi немесе залалсыздандыруға немесе жоюға байланысты тыйым салуды, оларды сату ережелерiнiң сақталуын тексерудi қамтиды.
      4. Базарлардағы және ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi дайындау (сою), өңдеу, өндiру немесе сақтау жөнiндегi ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлар өздерiнiң ветеринариялық-санитариялық қадағалауының нәтижелерi бойынша және/немесе сараптама актiлерi негiзiнде ветеринариялық-санитариялық қорытындылар бередi. Ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi оларға ветеринариялық-санитариялық қорытынды алынғаннан кейiн ғана сатуға (пайдалануға) рұқсат етiледi.
      5. Базарлардың (сауда жасаушы ұйымдардың) әкiмшiлiктерi ветеринариялық инспекторлардың ветеринариялық-санитариялық қадағалауды жүзеге асыруы үшiн және ветеринариялық лабораториялардың ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзуi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен шарт негiзiнде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетiн үй-жайды белгiлi бiр ақы төлетiп беруге мiндеттi.
      6. Ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi дайындау (сою), өңдеу өндiру немесе сақтау жөнiндегi ұйымдар ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу жөніндегi құрылымдық бөлiмшелер (өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiн) құруға, сондай-ақ ветеринариялық инспекторларға заңдарда белгiленген тәртiппен шарт негiзiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруға арналған орын беруге мiндеттi.
 
       25-бап. Ветеринариялық препараттар, мал азығы және
            мал азығына қосымшалар айналысын мемлекеттiк
                      ветеринариялық қадағалау
 
      1. Ветеринариялық препараттардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың айналысы, олардың өндiрiлуiн, импортын, тасымалдануын, сатылуын қоса алғанда, мiндетті түрде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалануға тиiс.
      2. Ветеринариялық препараттарды өндiру мен Қазақстан Республикасына әкелуге (импорттауға) олар мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.
      3. Ветеринариялық препараттардың Мемлекеттiк Тiзілiмiне енгiзілген ветеринариялық препараттар серияларын (топтарын) Қазақстан Республикасында қолдануға (пайдалануға) олардың ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуi анықталғаннан кейiн (ветеринариялық препараттардың сериялары/топтары бақыланғаннан кейiн) жол берiледi.
      4. Антибиотиктер, гормондар және биологиялық стимуляторлар бар ветеринариялық препараттардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың ветеринариялық нормативтер талаптарына сәйкестiгiн анықтау тәртiбiн денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi органмен келiсе отырып, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      5. Ветеринариялық препараттар, мал азығын, мал азығына қосымшалар өндіру жөніндегі ұйымдар ветеринариялық препараттардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың ветеринариялық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуін анықтау жөніндегі құрылымдық бөлiмшелер (өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiн) құруға мiндеттi.
 
            4-тарау. ЖАНУАРЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
                       ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
 
       26-бап. Заңды және жеке тұлғалардың жануарлар ауруларының
                      алдын алу жөнiндегi мiндеттерi
 
      Заңды және жеке тұлғалар:
      1) ветеринария туралы заңдарға сәйкес жануарлар ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететiн шаруашылық және ветеринариялық шараларды жүзеге асыруға;
      2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес ұсталуын, өсiрiлуін және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
      3) мал азығын сақтауға арналған аумақты, мал ұсталатын орындарды, сондай-ақ ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
      4) жануарларды, малдан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, мал азығын, мал азығына қосымшаларды ұстауға, пайдалануға, өсiруге, дайындауға (союға), өңдеуге, сақтауға және сатуға байланысты кәсiпорындарды салу, пайдалануға беру кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық ережелер мен нормативтердi сақтауға;
      5) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуi бойынша тексеру диагностикалық зерттеулер және алдын алып егу үшiн жануарларды беруге;
      6) бiрнеше жануардың кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған жағдайлары туралы немесе олардың әдеттен тыс мiнез көрсетуi туралы ветеринариялық дереу хабарлауға, ветеринариялық мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдануға;
      7) ветеринариялық инспекторлардың ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сай келмейтін аурулы, өлген жануарларды, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауiп төндiретiн малдан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды жою, кәдеге жарату, залалсыздандыру, өңдеу жөнiндегi, сондай-ақ жануарлар ауруларына ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргiзу жөнiндегi талаптарын орындауға;
      8) союдың алдында жануарларды ветеринариялық тексерудi жүзеге асыруға жiберуге;
      9) ветеринариялық мамандарға олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына жәрдем көрсетуге мiндеттi.
 
          27-бап. Жануарлар ауруларының алдын алу және оларды жою
              жөнiндегi ветеринариялық-санитариялық шараларды
                           ұйымдастыру мен бақылау
 
      1. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) іс-шаралар жануарлар ауруларының пайда болуына, таралуына жол бермеуге және оларды жоюға, соның iшiнде олардың алдын алуға, емдеуге, диагностикасына, мал өнiмдерiн арттыруға, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жануарлардың аурулары келтiретiн әлеуметтiк-экономикалық зардаптардың алдын алу мақсатында жанамаластыру, ветеринариялық-санитариялық сараптама рәсiмдерiне бағытталған рәсiмдер кешенi болып табылады.
      2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрленедi.
      3. Ветеринариялық-санитариялық шаралар:
      1) жануарлар мен адам үшiн ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аурулары мен тамақтан улануының пайда болуын болғызбау, жануарлардың, малдан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың және ветеринариялық препараттардың ветеринариялық ережелерi мен нормативтерiнiң талаптарына сай келуiн қамтамасыз ету мақсатымен ветеринариялық-санитариялық жайлы аумақта жүргiзiлетiн жалпы сипаттағы шаралар;
      2) шектеу шаралары мен карантиндi қоса алғанда, жануарлардың ерекше қауiптi ауруларын жою және олардың таралуынан сақтандыру мақсатымен iндет ошағында және жайсыз мекенде жүргiзiлетiн арнаулы сипаттағы шаралар болып бөлiнедi.
      4. Ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ветеринариялық саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган бекiтедi және олар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
      5. Iндеттi ошақтардың, жайсыз мекендердiң, ветеринариялық-санитариялық жайлы аумақтардың шекарасын белгiлеудi қоса алғанда, ветеринариялық-санитариялық шараларды (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық ережелердi) ұйымдастыру мен жүзеге асыру (жүргiзу) тәртiбiн ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган белгілейдi және ол ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
      6. Ветеринариялық-санитариялық шаралардың ұйымдастырылуы мен орындалуын бақылауды ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес ветеринариялық инспекторлар жүзеге асырады.
 
      28-бап. Шектеу шаралары мен карантиндi белгiлеу және алу
 
      1. Жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының шектеу шаралары және/немесе карантин белгiленетiн тiзбесiн, сондай-ақ оларды қолдану мен алу талаптарын ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк органның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      2. Шектеу шаралары осы баптың 1-тармағында аталған тiзбеге енгiзiлген жануарлар аурулары жөнiнде күдiк пайда болған жағдайда тиiстi аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергілiктi атқарушы органдардың шешiмiмен және олардың диагнозы расталғанға (жойылғанға) дейiн белгiленедi.
      3. Шектеу шаралары осы баптың 1-тармағында аталған тiзбеге енгiзілген жануарлар аурулары анықталған жағдайда белгiленедi (ұзартылады) немесе карантин белгiленедi. Аталған арнаулы шараларды белгiлеу Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының (панзоотиялар жағдайында) немесе тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының (індет ошақтары немесе індет пайда болған жағдайда) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен (iндет ошақтары немесе iндет пайда болған жағдайда) жүзеге асырылады.
      4. Карантиндi тоқтату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының (панзоотиялар жағдайында) немесе тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының (індет ошақтары немесе iндет пайда болған жағдайда) ветеринариялық-санитариялық шараларды толық өткiзiп, iндет ошағы немесе iндет жойылғаннан кейiн жасаған ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды.
      5. Тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен карантин алып тасталғаннан кейiн шектеу шараларының ұзартылуы мүмкiн.
 
       29-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық запасы
 
      1. Ветеринариялық препараттардың республикалық запасы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен аурулар тiзбесiне енгiзілген ерекше қауiптi жануарлар ауруларының алдын алуға, диагностикасына және дезинфекциясына арналған үнемi жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың белгiлi бiр көлемi болып табылады.
      2. Ветеринариялық препараттардың республикалық запасы бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемiнен жасалады және iндет ошақтарын жоюға, сондай-ақ жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының таралу қатерiнiң алдын алуға бағытталған. Ветеринариялық, препараттардың түрлерi бойынша запастардың нормативiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      3. Ветеринариялық препараттардың республикалық запасын қалыптастыру мен пайдалану тәртiбiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
 
                  30-бап. Ветеринариялық нормативтер
 
      1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеринария факторын немесе ветеринариялық-санитариялық факторды оның жануарлардың, адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын, жол берiлетiн ең жоғары немесе ең төмен сан немесе сапа мәнiнiң көрсеткiштерiн анықтайды.
      2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулермен белгiленедi.
      3. Ветеринариялық нормативтер iндеттердiң объективтi және негiзделген мониторингiн жүргiзу, ветеринариялық-санитариялық жайлылыққа қол жеткiзуге арналған ветеринариялық-санитариялық шаралардың көлемi мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және жойылу мүмкiндiктерiн жобалау үшiн негiз болып табылады.
      4. Ветеринариялық-санитариялық шараларды материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру мен оларды жүзеге асыру жөнiндегi ветеринариялық нормативтер ветеринария саласындағы лицензияланатын қызметке білiктілік талаптарын әзiрлеу кезiнде, сондай-ақ ветеринария бойынша қаржыландыру көлемiн анықтау бөлiгiндегi бюджеттiк бағдарламаларды қалыптастыру кезінде ескерiледi.
      5. Ветеринариялық нормативтердi ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекітедi және ол ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
      6. Ветеринариялық нормативтердiң сақталуына бақылау жасауды ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес ветеринариялық инспекторлар жүзеге асырады.
 
       31-бап. Адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауiп төндiретiн,
      ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi мiндетті түрде жою,
           залалсыздандыру (зарарсыздандыру) немесе өңдеу тәртiбi
 
      1. Адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндiретiн, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тәртiппен мiндеттi түрде жойып жiберілуге, залалсыздандырылуға (зарарсыздандырылуға) және/немесе өңделуге тиiс.
      2. Жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының және олар артық болған жағдайда мiндеттi түрде жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру), ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өңдеу жүзеге асырылатын улы, радиоактивтi заттар табылған жағдайда олардың жол берiлетiн шектi шоғырлануының тiзбесiн ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк органның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      3. Адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауiп төндiретiн, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) олардың иелерi есебiнен жүзеге асырылады.
 
         32-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ
                            аурулардан қорғау
 
      Жануарларды күтiп-бағуды, өсiрудi, пайдалануды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi дайындауды (союды), өңдеудi, өндiрудi, сақтауды, тасымалдау мен сатуды жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау тәртiбiн денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi органмен келiсе отырып, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
 
       33-бап. Ауыл шаруашылық жануарларын, базарларды (сауда жасаушы
                    ұйымдарды), ветеринариялық қадағалау
             бақылайтын жүктердi дайындау (сою), өңдеу, өндiру
                немесе сақтау жөнiндегi ұйымдарды ұқсастыру
 
      1. Ауыл шаруашылық жануарлары жануарлар ауруларының алдын алу мен диагностикасы жөнiндегi ветеринариялық-санитариялық шаралардың тиiмдiлiгiн бақылау мақсатымен әрбiр ауыл шаруашылық жануарына оның бүкiл өмiрi бойында, соның ішінде оның бiр иеленушiден екiншiсiне кез келген ауысуына қадағалау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн мiндеттi ұқсастыру рәсiмiнен өткiзiлуге тиiс.
      2. Ауыл шаруашылық жануарлары ветеринариялық нормалар мен ережелерде белгіленген нысандар (ветеринариялық төлқұжаттарды, жануарларды ұқсастыратын таңбалау мен сырғалаудың белгiленген әдiстерiн пайдалану арқылы) және рәсiмдер бойынша ұқсастырылуға тиіс.
      3. Малдан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық-санитариялық iс-шаралардың тиімдiлiгiн арттыру мақсатымен базарлар (сауда жасаушы ұйымдар), ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi дайындау (сою), өңдеу, өндiру немесе сақтау жөнiндегi ұйымдар ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен ұқсастырылуға тиiс.
 
                5-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ
               ЗЕРТТЕУЛЕРДI ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МАМАНДАР
               ДАЯРЛАУ МЕН ОЛАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ
                     ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТТI YЙЛЕСТIРУ
 
         34-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер
 
      1. Жануарларды пайдаланудың кез келген рәсiмдерiн, соның iшiнде оларды гендiк-инженерлiк клондауды, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзілетін үй-жайлар мен аумақтарды да қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарының талаптарына сәйкес болуға тиiс.
      2. Ғылыми зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттар, мал азығы, мал азығына қосымшалар, ветеринариялық-санитариялық шараларды жүзеге асырудың тәртiбiн, әдiстерi мен құралдарын реттейтiн нұсқаулықтар, әдiстер, әдiстемелер, ұсыныстар, талаптар олардың ветеринариялық нормалар мен ережелерге сәйкестiгiн анықтау мақсатымен сынақтан өткiзiлуге тиiс.
      3. Микроорганизмдердiң ғылыми зерттеулер нәтижесiнде алынған, сондай-ақ жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама кезiнде бөлiп алынған штаммдар микроорганизмдердiң сақталатын штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуға тиiс.
 
             35-бап. Ветеринария мамандарын даярлау және олардың

 

                           бiлiктiлiгiн арттыру


     1. Ветеринария мамандарын даярлау немесе олардың бiлiктiлiгiн арттыру

жөнiндегi оқыту бағдарламалары (оқу бағдарламалары) Қазақстан

Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторымен мiндетті

түрде келiсiлуге тиiс.

     2. Ветеринария мамандары Қазақстан Республикасының заңдарында

белгiленген тәртiппен аттестациялануға тиiс.


        36-бап. Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы

                  заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк


     1. Мыналарды:


 
       1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығындарды;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық мекемелердi ұстауға арналған шығындарды;
      3) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығындарды;
      4) мемлекеттiк шекарадағы ветеринариялық бақылау постыларында көлiк құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық запасын сақтауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының алдын алуды, диагностикасы мен оларды жоюды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
      2. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк қадағалау объектiлерi иелерiнiң есебiнен мынадай ветеринариялық-санитариялық шаралар атқарылады:
      1) ветеринариялық препараттарды, мал азығын, мал азығына қосымшаларды сынақтан өткiзу, серияларын бақылау мен тiркеу сынағын жүргiзу;
      2) ауыл шаруашылық жануарларын, базарларды (сауда жасаушы ұйымдарды), ветеринариялық қадағалау бағалайтын жүктердi дайындау (сою), өңдеу, өндiру немесе сақтау жөнiндегi ұйымдарды ұқсастыру рәсiмi;
      3) базарлардағы ветеринариялық-санитариялық сараптама;
      4) дегельминтизация, дезинсекция, дератизация, дезинфекция (мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау постыларындағы дезинфекцияны қоспағанда);
      5) ветеринариялық инспекторлардың талап етуі бойынша адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген ерекше қауіпті жануарлар ауруларын қоспағанда, жануарлар ауруларын, соның ішінде инвазиялық ауруларды емдеу, олардың алдын алу, диагностикасы және оларды жою;
      7) келіп түсетін қаражатты заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне аудара отырып, ветеринариялық-санитариялық қорытындылар мен ветеринариялық куәліктің бланкілерін беру.
 
            37-бап. Ветеринария туралы заңдарды бұзғандық үшін
                            жауапкершілік
 
      1. Ветеринария туралы заңдардың бұзылуына кінәлі жеке және заңды

 

тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына

сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапты болады.

     2. Айыппұлдар салу не өзге де жаза қолдану кінәлі тұлғаларды

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен залалдың орнын

толтыру қажеттігінен босатпайды.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті


      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық

     басқармаларының аудандық (қалалық) ветеринариялық инспекторларының

               және оларға қажетті қосымша мамандар саны

_______________________________________________________________________

1)  Аудандық (қалалық) аумақтық         !             832

   басқармалардағы ветеринариялық        !

      инспекторлардың саны

_______________________________________________________________________

2)   Мемлекеттік ветеринариялық                   3239

     қадағалаудағы нысандар саны                  

         (1.09.2000 ж.)

       оның ішінде: базарлар                       458


мал өнімдері мен шикізатын дайындау

     (сою), өңдеу, сақтау және

         өңдеу мекемелері                          472


          ауылдық округтер                         2309


_______________________________________________________________________

3) Бір ветеринариялық инспекторға

  шаққандағы, мемлекеттік ветеринариялық

          нысандар саны                             3.9

_______________________________________________________________________

4) Қажетті қосымша ветеринариялық                  820

        инспекторлар саны


оның ішінде: өңдеу кәсіпорындарымен    

базарларда мемлекеттік ветеринариялық

      қадағалау жүргізуге                           500


  ауылдық округтерде мемлекеттік      

  ветеринариялық қадағалау жүргізуге                320

_______________________________________________________________________

5) Қосымша ветеринариялық инспектор. 

    лар ұстау (200 мың теңге,

    1 ветеринариялық инспекторға

   есептегенде) млн. теңге                          164.0

_______________________________________________________________________

6) Аудандық (қалалық) аумақтық

   басқармалардағы ветеринариялық

  инспекторлардың қосымша мамандарын

  бірге есептегендегі жалпы саны                    1152

_______________________________________________________________________

7) Мемлекеттік ветеринариялық

  қадағалаудағы нысандар саны, бір

   ветеринариялық инспекторға

  шаққанда, олардың санының

    көбейгенінен кейін                              2.8

_______________________________________________________________________


     Ауыл шаруашылығы вице-министрі



     "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында

        келісілген ветеринариялық инспекторларды арнайы киіммен

                  қамтамасыз етудің есептері

_______________________________________________________________________

Арнайы киім, аяқ ! Кию мерзімі !Бір ветеринариялық! Бір дананың бағасы

киім және сақтан.!  (ай)*      !инспекторға арнал.!   теңге***

дырушы құралдары !             !ған заттардың мөл.!

                  !             !шері**            !

_______________________________________________________________________

Жазғы уақытта*:  !

Мақтадан жасалған!

    шалбарлар     !     12               2               1500

    Халаттар      !     12               2               700

Бас киім (қалпақ)!     12               2               50

   Алжапқыш       !     24               1               600

Резеңке етіктер  !     24               1               1500

Резеңке қолғаптар!     6                2               60

_______________________________________________________________________

Қысқы уақытта**  !   

  Жылы күрте      !     24               1               14000

Жылы аяқ киім    !     24               1                1500

_______________________________________________________________________

Барлығы:                -               12                 -

_______________________________________________________________________


     таблицаның жалғасы

____________________________________________________

Сомасы теңге ! Ветеринариялық ! Жалпы құны,

              !инспекторлардың ! мың теңге

                    саны       

_____________________________________________________

     3000          532            1596.0

     1400          532             744.8

      100          532             53.2

      600          532             319.2

     1500          532             798.0

      120          532              63.8

____________________________________________________

     14000         532             7448.0

      1500         532             798.0

     22220         532             11821.0

____________________________________________________   


Кестеге арналған ескертулер:


 
       *- жазғы жұмыс киімдерінің тізімі, КСРО АШМ бекіткен 21.12.1970 жылғы қосымшалар және өзгерістер мен мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, совхоздарға, мемлекеттік ветеринариялық жүйедегі кәсіпорындардың ветеринария мамандарына жұмыс киімдері, арнайы аяқ киімдері және сақтандырушы құралдарды тегін босату нормасына сәйкес келеді (ветеринариялық Заңдылық, т. 2, М., "Колос", 1973 ж., 624 бет 24 тарау - Шекарадағы және күзет шектеу (карантиндеу) ветпункттерінің және мал айдау жолдарындағы бақылау жүргізуші ветеринариялық мамандары).
      **- Қысқы жұмыс киімдерінің тізімі, КСРО АШМ бекіткен 1303 1954 ж., КСРО Ауыл шаруашылық министрлігі жүйесіндегі ұйымдарға және кәсіпорын жұмысшыларына арналған санитариядағы киімдердің нормаларының тізіміне сәйкес келеді (ветеринариялық заңдылық т. 2, М., "Колос" 1973 ж., 626 бет, 30 тарау - Қаз ССР күзет карантиндік пункттерінің ветеринариялық мамандары).
      ***- 01.09.2000 ж. бір заттың (бұйымның) нарықтық құны.
 
      Ауыл шаруашылығы вице-министрі
 
            Шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерінде
                   дезинфекция жүргізудің қаржы есебі
 
      1. Шекара жанасқан мемлекет жерінде аса қауіпті мал ауруы шыққан

 

жағдайда, шекарадағы ветеринариялық бекеттерінде залалсыздандыру жұмысы

жүргізіледі.

     2. Шекаралас мемлекеттерге Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей,

Түркіменстан жатады.

     3. 2000 жылғы аса қауіпті аурулар қатарына, Қазақстан Республикасы

Үкіметінің N 1205, 2 қазан, 1996 ж., Қаулысымен бекітілген тізбедегі

аурулар жатады.

     4. Орта есеппен шекаралас территорияларында, жылына малдың бір аса

қауіпті ауруы тіркеледі.


         Шекаралас мемлекеттер территорияларында кездесетін

              малдың аса қауіпті ауруларын тіркеу

________________________________________________________________________

Мемлекеттердің аталуы! Малдың аса қауіпті !Бір жылда тір.!Бір жылда тір.

                      ! ауруларының аталуы !келген індет  !келген індеттің

                      !                    !    саны      !орташа саны

________________________________________________________________________

    Қытай                   Аусыл                  1              1

________________________________________________________________________

  Қырғызстан                Аусыл                  1              2

                          Қой шешегі               1              0   

________________________________________________________________________

  Өзбекстан                 Аусыл                  1              1

________________________________________________________________________

    Ресей                 Сібір жарасы             1              2

                        Ньюкасла ауруы             1              0

________________________________________________________________________

    Түркіменстан          Түйе обасы               1              1

________________________________________________________________________


     5. Шекаралас мемлекеттердің біреуінің территориясында індет байқалған

жағдайда 5 бекет құрылады. Бір бекетте тәулік бойы 4 адам кезекші болады,

5 бекетте, 4 адамнан, 20 ветеринариялық маман болады.

     6. Орташа есеппен індетке қойылатын шектеу және карантин шараларының

мерзімі 30 күн.

     7. Әрбір ветеринариялық маманның айлық жалақысы 8474 теңге, оның

ішінде: негізгі жалақы 6834 теңге;

     Зиянды жұмысқа қосымша - 24% - 1640 теңге;

     Бір бекеттің жалақы қоры: 4 адам х 8474 теңге = 33,9 мың теңге.

     Жалпы жалақы қоры: 33,9 мың теңге х 25 бекет = 847,4 мың теңге.

     8. Іс сапар шығыны бір ветеринариялық маманға 540 теңге, оның ішінде:

     Тәулік ақысы - 360 теңге.

     Пәтер ақысы - 180 теңге.

     Бір бекетке кететін іс сапар шығыны: 4 адам х 5 теңге х 30 тәулік =

64,8 мың теңге.

     Жалпы іс сапар шығыны: 64,8 мың теңге х 25 бекет = 1620,0 мың теңге.

     9. Материалдық шығындар (дезинфектанттарды ысытуға қажетті жанар

жағар май - олардың температурасы 30 дан 60 С, ветеринариялық

құрал-саймандар - аэрозольді генераторлар, арнайы киімдер,

дезинфектанттар):

________________________________________________________________________ 

Материалдардың!Материалдардың!30 күн ішіндегі,!25 бекетке !Барлығы, мың

  аталуы      !    құны      !бір бекетке ке. !кететін ма.! теңге  

              !              !тетін материал. !териалдар. !

              !              !дардың жалпы    !дың жалпы  !

              !              !    саны        !    саны   !

________________________________________________________________________

     ЖЖМ      !40 теңге/литр !  150 литр      !75.000 литр!   3000.0

________________________________________________________________________

  Аэрозольды  ! 42.000 теңге !     1          !  25       !   1050.0

генераторлар !  біреуі      !                !           !

________________________________________________________________________

Арнайы киім  !12200 теңге   ! 4 комплект     !100 комплект!  1220.0

              !комплектісі   !                !            !

________________________________________________________________________

Дезинфектант.! 90504 теңге  !  1 тонна       ! 25 тонна   ! 2262,6

   тар        !   1 тоннасы  !  

________________________________________________________________________

Барлығы - 10 млн. теңге


     Ауыл шаруашылығы вице-министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады