"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 ақпан N 196

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм)

толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                                   Жоба


         Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм)

                          толықтыру енгiзу туралы



 
       1-бап. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат, N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат, N 12, 183, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжат; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 1999 ж., N 20, 731-құжат; 1999 ж., N 23, 916-құжат; 2000 жылғы 10 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2000 жылғы 9 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мүлiктi бағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 8 қарашадағы Заңы) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      299-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерiн, iшкi суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" жүзудегі кемелерін кепілдікке (ипотекаға) беруге байланысты құқықтық қатынастар арнайы заң актiлерiне қайшы келмейтін бөлiгiнде осы Кодекспен реттеледi.

 

     Заң негiзiнде туындаған теңiз кепiлдiгi бойынша кепіл ұстаушы басқа

кепiл ұстаушылардың алдында кепiлге салынған мүлiк құнынан артықшылықпен

қанағаттандырылады.

     Осы баптың 3-тармағының бiрiншi және екіншi бөлiктерiндегi талаптар

жасалып жатқан теңiз кемелерiне, iшкi суда жүзетiн кемелерге, "өзен-теңiз"

жүзудегi кемелерiне де қолданылады.".

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады