"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикаcы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 ақпан N 218

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі  



                                                              Жоба



                         Қазақстан Республикасының

                                   Заңы



 
 
              "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын
               сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
                  толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
 
      "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Z970111_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 109-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 24, 434-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 927-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "психикалық белсендi заттар - бiр рет қабылдаған кезде адамның психикалық және физиологиялық қызметiне, мiнез-құлқына әсер ететiн, ал ұзақ уақыт пайдаланған кезде психикалық және тән тәуелдiлiгін туғызатын химиялық заттар, оның iшiнде алкоголь;
      телімші - оған донордың қаны немесе оның құрамдық бөлiктерi ауыстырып құю немесе донордан ағзаны (ағзаның бөлiктерiн) немесе тканьдi трансплантациялау (ауыстырып салу) жүргiзiлетiн пациент;
      жасанды ұрықтандыру - ер адамның донорлық материалын (ұрығын) әйелдiң жыныс жолына жасанды түрде енгiзу;
      мiнез-құлық бұзылуы - психикалық күйзелiс жағдайы туғызған әрi қозғалу, әсерлену-ерiк және ойлау әрекеттерiнiң бұзылуынан көрiнетiн адам мiнез-құлқының ауытқуы.";
      2) 4-баптың бесiншi абзацы "шеңберiнде" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде оны көрсету орнына қарамастан" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 10-баптың 4-тармағындағы "жекеше медициналық ұйымдар" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қолайлылықты және азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң негiзiн:
      "фельдшерлiк мекен, фельдшерлiк-акушерлiк мекен (дәрiгерге дейiнгi көмек);
      отбасылық дәрiгерлiк амбулатория, аумақтық емхана, ауылдық аурухана (дәрiгерлiк көмек);
      орталық аудандық аурухана, аудандық аурухана, кеңесшi-диагностикалық емхана, диспансерлер, әйелдер кеңесi (бiлiктi дәрiгерлiк көмек);
      облыстық аурухана, қалалық аурухана, облыстық диспансерлер; облыстық (қалалық) кеңесшi-диагностикалық орталық, перзентхана, перинатальдық орталық; жедел медициналық жәрдемнiң ауруханалары мен станциялары (мамандандырылған дәрiгерлiк көмек);
      республикалық емдеу-профилактикалық ұйымдары мен орталықтары, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының клиникалары (жоғары бiлiктi мамандандырылған дәрiгерлiк көмек) құрайды";
      5) 15-бап 1-тармақтың екiншi абзацы "оңалтуды" деген сөзден кейiн "жедел медициналық жәрдемдi" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 17-баптың 1-тармағында "психикалық және" деген сөздерден кейiн "мiнез-құлық бұзылуларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 20-бапта:
      баптың тақырыбы "Психикалық аурулардан" деген сөзден кейiн "және мiнез-құлық бұзылуларынан" деген сөздермен толықтырылсын;
      1, 2 және 3-тармақтар "психикасының" деген сөзден кейiн "және мiнез-құлық" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 21-бапта:
      баптың тақырыбындағы "маскүнемдiкпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға" деген сөздер "психикалық белсендi заттарды пайдалану салдарынан зардап шегушi адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "маскүнемдiктiң, нашақорлық пен уытқұмарлықтың" деген сөздер "психикалық белсендi заттарды пайдалану салдарынан болған аурулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "маскүнемдiкпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен" деген сөздер "психикалық белсендi заттарды пайдалану салдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 25-бапта:
      1-тармақ "қан құю" деген сөздерден кейін "ағзаларды және (немесе) тканьдердi ауыстырып салу," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ "қан құюды" деген сөздерден кейiн "ағзаларды және (немесе)

 

тканьдердi ауыстырып салу," деген сөздермен толықтырылсын;

     10) 27-бапта:

     баптың тақырыбындағы "Өлу" деген сөз кіші әрiппен жазылып, оның алды

"Биологиялық" деген сөзбен толықтырылсын;

     1-тармақ "Адамның" деген сөзден кейiн "биологиялық" деген сөзбен

толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

     "1-1. Кейiн ауыстырып салу үшiн ағзалар мен тканьдер алуды қамтамасыз

ететiн мамандардың донордың биологиялық өлiмiн анықтауға қатысуына тыйым

салынады";

     2-тармақ "аппаратура" деген сөзден кейiн "биологиялық" деген сөзбен

толықтырылсын;

     11) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

             "30-бап. Қан мен оның құрамдық бөлiктерiне

                               донорлық


 
       1. Қан мен оның құрамдық бөлiктерiне донорлық Қазақстан Республикасында ерiктi әрекет болып табылады. Донордан қан немесе оның құрамдық бөлiктерiн алуға егер донордың денсаулығына зиян келмейтiн жағдайда ғана рұқсат етiледi.
      2. Қан донорлығы өтеусiз және ақылы болуы мүмкiн. Донорлық қанды және (немесе) оның құрамдық бөлiктерiн ақшалай сыйақы үшiн тапсырған кезде ақылы болып саналады.
      12) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
              "30-1-бап. Қан донорларына қойылатын талаптар
      1. Донорлық қызметтi жүзеге асыру үшiн медициналық тексеру кезiнде қарсы көрсеткiштер анықталмаған 18 жастан 60 жасқа дейiнгi Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерiнiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қанның және оның құрамдық бөлiктерiнiң доноры бола алады.
      2. Донорлар басынан өткiзген және бойында бар сырқаттары туралы өздерiне белгiлi мәлiметтердi, сондай-ақ өздерiнiң есiрткi, жүйкеге әсер ететiн заттарды және прекурсорларды пайдаланғандығы туралы хабарлауға мiндеттi.
      3. Қан берердiң алдында донорлар қан тапсыру орны бойынша тегiн медициналық тексеруден өтуге мiндеттi. Қан мен оның құрамдық бөлiктерiн алуды қан қызметi ұйымдары донорлар медициналық куәландырылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен жүргізедi".
      13) 31-бапта:
      2-тармақтағы екiншi сөйлем "ағзалары" деген сөзден кейiн "және тканьдерi" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Тiрi донордан ауыстырып салу үшiн қолының растығы нотариуспен куәландырылған оның жазбаша келiсiмiмен қос ағзалардың бiрi, ағзаның бөлiгi немесе оның жоқтығы денсаулықтың қайтымсыз бұзылуына әкелiп соқпайтын тканьдер алынуы мүмкiн. Тiрi донор жан-жақты медициналық тексерiлуден өткен және дәрігер мамандар пiкiрнамасының ағзаны (ағзалардың бөлiктерiн) және (немесе) тканьдердi алу мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар адам бола алады.
      2-2. Ауыстырып салу үшiн донор-мәйiттен ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) және (немесе) тканьдердi алу тек дәрiгер мамандардың пiкiрнамасы белгiлеген биологиялық өлiм анықталған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
      2-3. Мәйiттен ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) және (немесе) тканьдердi алу егер қайтыс болған адам тiрi кезiнде телiмшiге ауыстырып салу үшiн өзiнiң ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тканьдерiн алуға келiсетiндiгi туралы мәлiмдесе, не қайтыс болған адамның ата-анасы мен кәмелетке толған балаларының келiсiмiмен рұқсат етiледi.
      2-4. Ағзаларды (оның бөлiктерiн) және (немесе) тканьдердi ауыстырып салу қажеттiгi туралы медициналық қорытындыны тиiстi денсаулық сақтау ұйымы дәрiгерлерiнiң пiкiрнамасы бередi.
      2-5. Ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) және (немесе) тканьдерді ауыстырып салу телiмшiнiң жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда телiмшiге алдағы қауырт әрекетке байланысты оның денсаулығы үшiн мүмкiн болатын асқынулар туралы ескертiлуi тиiс. Егер телiмшi 18 жасқа толмаса, не белгiленген тәртiппен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылса, онда мұндай ауыстырып салу оның ата-анасының немесе қамқоршысының (қорғаншысының) жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылады.
      2-6. Денсаулық сақтау ұйымдарында сақтау және ауыстырып салу мақсатында мәйiттерден ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) және (немесе) тканьдердi алуға Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органның рұқсаты болған жағдайда рұқсат етiледi.";
      3-тармақ "ауыстырып салу" деген сөздерден кейiн, "алу" деген сөзбен толықтырылсын; "тканьдердi" деген сөзден кейiн "ағзалардың бөлiктерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
              "32-бап. Донорлардың құқықтары мен әлеуметтік
                                  қорғалуы
      1. Өз ағзаларын (ағзалардың бөлiктерiн) және (немесе) тканьдерiн ауыстырып салуға келiсiм бiлдiрген донорлар денсаулық сақтау ұйымдарынан ағзаларды және (немесе) тканьдердi алу жөнiндегi алда тұрған қауырт әрекетке байланысты өзiнiң денсаулығы үшiн мүмкiн болатын асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге құқылы.
      2. Донорлық қызметтердi атқаруға байланысты медициналық қызметкерлер зиян келтiрген жағдайда, донордың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеттiруге құқығы бар.
      3. Қан мен оның құрамдық бөлiктерiн бергенге дейiн және одан кейiн донорлардың қан көлемiн қалпына келтiру үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген қалып бойынша тегiн тамақ алуға құқығы бар.
      4. Ақылы донорларға қан мен оның құрамдық бөлiктерiн тапсырғаны үшiн ақшалай өтемақы төленедi. Ақшалай өтемақы берудiң тәртiбi мен мөлшерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      15) мынадай мазмұндағы 32-1, 32-2-баптармен толықтырылсын:
      "32-1-бап. Қанды, оның құрамдық бөлiктерiн және препараттарды дайындауды қайта өңдеудi, және сақтауды қамтамасыз ететiн ұйымдарға қойылатын талаптар
      1. Қазақстан Республикасында донорлық қанды, оның құрамдық бөлiктерiн және препараттарды дайындауды, қайта өңдеудi және сақтауды қан қызметiнiң мемлекеттiк ұйымдары жүзеге асырады.
      2. Қан қызметi ұйымдары шығаратын донорлық қанды, оның құрамдық бөлiктерiн және препараттарды, консервленген ерiтiндiлердi дайындаудың, сақтаудың және ауыстырып құюдың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен мiндеттi түрде бақылауға жатады.
                 32-2-бап. Донорлық қанмен, оның құрамдық
             бөлiктерiмен, донорлық қаннан алынатын препараттармен
             алмасу тәртiбi және оларды Қазақстан Республикасының
                           шегiнен тыс жерлерге шығару
      1. Донорлық қан мен оның құрамдық бөлiктерiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығару шұғыл iзгiлiк көмегiн көрсету кездерiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      2. Донорлық қан мен оның құрамдық бөлiктері Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң рұқсатымен тек қанның Қазақстан Республикасында өндiрiлмейтiн құрамдық бөлiктерiмен және препараттарымен алмасу үшiн ғана шығарылуы мүмкiн.
      3. Донорлық қан мен оның құрамдық бөлiктерiн пайда табу мақсатында басқа мемлекеттерге сатуға тыйым салынады.";
      16) 33-бапта:
      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Жасанды жолмен ұрық себу, жасанды жолмен ұрықтандыру, ұрықты енгiзiп жетiлдiру";
      1-тармақтағы бiрiншi сөйлемде "Жасанды жолмен" деген сөзден кейiн "ұрық себу жасанды жолмен" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтағы екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәмелетке толған бала туу жасындағы әрбiр әйелдiң өзiнiң тiлегiне сәйкес жасанды жолмен ұрық септiруге, жасанды жолмен ұрықтануға және ұрықты енгiзiп жетiлдiруге құқығы бар";
      мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Адамның ұрығы сауда немесе өнеркәсiп мақсаттары үшiн пайдаланылмайды.";
      3-тармақта:
      "енгiзiп жетiлдіру" деген сөздерден кейiн "жыныс жасушаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "ұрықтандыру" деген сөзден кейiн "жасанды жолмен ұрық себу" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Тән және психикалық жағынан денi сау, медициналық-генетикалық кеңес беруден өткен Қазақстан Республикасы азаматтарының:
      18 жастан 45 жасқа дейiнгi ерлердiң,
      18 жастан 40 жасқа дейінгi әйелдердiң жыныс жасушаларының (ұрықтар мен аналық жасушалардың) донорлары болуға құқығы бар.";
      17) 35-бапта:
      баптың тақырыбы "есiрткi заттарды" деген сөздерден кейiн "жүйкеге әсер ететiн заттарды және прекурсорларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақ "есiрткi заттар" деген сөздерден кейiн, "жүйкеге әсер ететiн заттар мен прекурсорлар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өсiруге, жинауға және дайындауға; есiрткi, жүйкеге әсер ететiн заттар мен сәйкес прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, қайта өңдеуге, әкелуге, сыртқа шығаруға, өткiн асырып әкетуге, тасымалдауға, поштамен жiберуге, сатып алуға, бөлуге, сатуға, пайдалануға және жоюға Қазақстан Республикасының есiрткi, жүйкеге әсер ететiн заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы органның лицензиясын алған ұйымдардың құқығы бар".
      3-тармақ "есiрткi заттарды" деген сөздерден кейiн "жүйкеге әсер ететiн заттар мен прекурсорларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өсiруге, жинауға және дайындауға; медициналық, малдәрiгерлiк және ғылыми мақсаттарға арналған есiрткi, жүйкеге әсер ететiн заттар мен сәйкес прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, қайта өңдеуге, әкелуге, сыртқа шығаруға, өткiн асырып әкетуге, сақтауға, тасымалдауға, поштамен жiберуге, сатып алуға, бөлуге, сатуға, пайдалануға және оларды жоюға бақылау жасау Қазақстан Республикасының есiрткi, жүйкеге әсер ететiн заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы органға және Қазақстан Республикасының басқа да уәкілеттi орталық атқарушы органдарына жүктеледі".
      18) 39-бапта:
      үшiншi абзац "дер кезінде" деген сөзден кейiн "сапалы" деген сөзбен толықтырылсын:
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн экологиялық жағынан зиянды табиғи, техногендiк және өндiрiстiк жайттарды және олардың нәтижелерi туралы деректердi белсендi түрде анықтауды және халыққа ескерту мен аурулардың алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды";
      19) 40-баптағы:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "алғашқы медициналық құжаттарды жүргiзуге, есептердi азаматтардың денсаулығын сақтау мен мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органдары белгiлеген нысандар, түрлер, көлем және мерзiмдер бойынша ұсынуға";
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "соз ауруларымен, ЖИТС-пен, алапеспен, микроспориемен, трихофитиемен, қышымамен және басқа жұқпалы аурулармен, бактериологиялық және химиялық табиғаттың улануларымен, айналадағыларға қауiп төндiретiн жұқпалы, психикалық және мiнез-құлық бұзылуларымен сырқаттану оқиғалары туралы денсаулық сақтау органдарына, ал жаңадан алған жарақаты, жараланулары және қылмыстық түсiк себептерi бойынша өтiнiш бiлдiрген адамдар туралы мәлiметтердi iшкi iстер органдарына хабарлауға мiндеттi.";
      20) 41-баптың оныншы абзацы алынып тасталсын.
      21) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:
      "44-1-бап. Азаматтардың өз жынысын ауыстыру құқығы.
      21 жасқа толған iс-әрекетке қабiлеттi азаматтардың медициналық-психиатриялық сараптаманың дұрыс қорытындысы болған жағдайда, өз жынысын ақы төлеу негiзiнде ауыстыруға құқығы бар. Медициналық- психиатриялық сараптаманы жүргiзудiң, сондай-ақ жыныс ауыстырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкіметi белгiлейдi";
      22) 46-бап 1-тармағының бесiншi абзацында "психикасы" деген сөзден кейiн "және мiнез-құлық" деген сөздермен толықтырылсын;
      23) мынадай мазмұндағы 47-1 баппен толықтырылсын:
            "47-1-бап. Азаматтардың темекi шегуден ада қоршаған
            ортаға және темекi шегудiң қауiптiлiгi туралы шынайы
                         ақпарат алуға құқығы
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының темекi шегуден ада аймақтарды құру және темекi шегу үшiн арнайы бөлiнген орындардан басқа үй-жайларда темекi шегуге тыйым салу арқылы шылым шегуден ада қоршаған ортаға құқығы бар.
      2. Ұйымдар меншiк нысанына қарамастан темекi шегуге арналған орын бөлуi тиiс.
      3. Темекi шегудiң денсаулық үшін қауiптілігi туралы ескертетiн ақпарат темекi бұйымының және оның қаптамасының беткi және сыртқы жақтарының 4 пайызынан кем емес алаңын алуы тиiс.
      24) 51-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Азаматтардың мемлекеттiк органдардан, денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан және жұмыс берушiлерден алдын алу мен емделудiң әдiстерi туралы, халықтың сырқаттану деңгейi туралы, темекi шегудiң зардаптарын, қоршаған ортаның жағдайын, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын қоса алғанда, олардың денсаулығына әсер ететiн жайттар туралы өтеусiз сенiмдi ақпарат алуға құқығы бар.";
      25) 53-бапта:
      тақырыбындағы "және басқа да" деген сөздер алынып тасталсын, "және ел ішіндегi медициналық ұйымдарда" деген сөздермен толықтырылсын;
      Мәтiндегi "және басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Азаматтардың аумақтық денсаулық сақтау органдарының жолдамасы негiзiнде ел iшiнде емделуге жұмсалатын жол ақысын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен мемлекеттік бюджет есебiнен төлеуге құқығы бар.";
      26) 54-бап:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
      "1-1. Хирургиялық жолмен дәрiлеп тазалау тек бұған тиiстi лицензиясы бар медициналық ұйымдарда ғана жүргізiледi.";
      3-тармақтың алтыншы абзацы "белгiлеу" деген сөзден кейiн "нәрестенi емшекпен толыққанды тамақтандыру үшiн жағдай жасау" деген сөздермен толықтырылсын;
      27) 55-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Қазақстан Республикасында балалардың өздерiнiң ұрпақ жаңғыртушылық денсаулығын сақтау саласында бiлiм мен тәрбие алу құқығы бар. Балаларға жыныстық білім мен тәрбие беру бiлiм және денсаулық сақтау органдары арнайы әзiрлеген және бекiткен бағдарламалар бойынша меншiк нысанына қарамастан тәрбие мен бiлiм беру ұйымдарында (мекемелерiнде) жүзеге асырылады.";
      28) 67-баптың 2-тармағының төртiншi абзацы "мәлiм болған" деген сөздерден кейiн "донорлар мен телiмшiлер туралы," деген сөздермен толықтырылсын;
      29) мынадай мазмұндағы 69-1-баппен толықтырылсын:
         "69-1-бап. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары
          қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi
      1. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталады.
      2. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерiне:
      лауазымдық жалақыларына (ставкаларына) денсаулық үшiн қауiптi және еңбектiң ерекше ауыр жағдайларына байланысты; ғылыми дәрежесi, түнгі уақыттағы жұмыс, кәсiптердi (лауазымдарды) қоса атқарғаны, қызмет көрсету аясының кеңейгенi, уақытша жоқ қызметкердiң мiндеттерiн орындағандығы үшiн;
      денсаулық сақтаудың жекелеген ұйымдарында, бөлiмшелерiнде және

 

лауазымдарда үзiлiссiз жұмыстың ұзақтығы үшiн үстеме ақылар;

     басшылар мен олардың орынбасарларының бiлiктілiк санаты үшiн

жалақыларын көтеру белгiленедi.

     Көрсетiлген және басқа да қосымша ақыларды, үстеме ақыларды және

жалақыларды көтеру тәртiбi мен мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi

белгiлейдi.".



     Қазақстан Республикасының

          Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады