Қытай Халықаралық Республикасынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы натрий цианидінің транзитiне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 ақпан N 225

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы N 9-1 Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қытай Халық Республикасынан Қырғыз Республикасына 1999 жылғы 6 желтоқсандағы шарт және 2000 жылғы 16 қазандағы N 25600 сатып алу тапсырмасы бойынша "Кумтор Оперейтинг Компани" компаниясы (Қырғыз Республикасы) үшiн "СНИЕК Ксиньянг Корпорейшин" компаниясы (Қытай Халық Республикасы) беретiн натрий цианидiнiң N 1 қосымшада көрсетiлген мөлшерде және бағыт бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қолданылып жүрген Халықаралық темiржол жүк қатынасы туралы келiсiмге және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес қауiпсiздiктің ерекше шараларын сақтай отырып, 2-қосымшаға сай жүк жөнелтудің кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің темiр жол көлiгiмен тасымалдануын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы натрий цианидінің транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы

қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                    Қазақстан Республикасы Yкiметінің

                                           2001 жылғы 13 ақпандағы

                                             N 225 қаулысына

                                                 қосымша


        1999 жылғы 6 желтоқсандағы шарт және 2000 жылғы 16 қазандағы

      N 25600 сатып алу тапсырмасы бойынша "Кумтор Оперейтинг Компани"    

     компаниясы (Қырғыз Республикасы) үшiн "СНИЕК Ксиньянг Корпорейшин"   

          компаниясы (Қытай Халық Республикасы) беретiн өнімдердің

                               Өзіндік ерекшелігі

---------------------------------------------------------------------------

Р/с!   Тауардың       !  Өлшем  ! Саны ! Бір тоннасы!  Жалпы құны АҚШ

N !   толық атауы    ! бірлігі !      ! үшін бағасы!    долларымен

   !                  !         !      !    АҚШ     !

   !                  !         !      ! долларымен !

---------------------------------------------------------------------------

1 !         2        !    3    !   4  !      5     !          6

---------------------------------------------------------------------------

1  Натрий цианиді     тонна      3600      1638            5896800

---------------------------------------------------------------------------


     СЭҚ ТН коды - 283711000.

     Орын ауыстыру бағыты: Алашанкоу - Достық - Алматы - Луговая - Бiшкек 

     - Балықшы.

     Шекарадан өту станциялары: Достық - Луговая


                                    Қазақстан Республикасы Yкiметінің

                                           2001 жылғы 13 ақпандағы

                                             N 225 қаулысына

                                                 2-қосымша


        1999 жылғы 6 желтоқсандағы шарт және 2000 жылғы 16 қазандағы

      N 25600 сатып алу тапсырмасы бойынша "СНИЕК Ксиньянг Корпорейшин"   

    компаниясының (Қытай Халық Республикасы) "Кумтор Оперейтинг Компани"  

     компаниясына арналған (Қырғыз Республикасы) өнімін жөнелту кестесі



     - 2001 ж. ақпан        - 40 контейнер х 20 тонна = 800 тонна

     - 2001 ж. мамыр        - 40 контейнер х 20 тонна = 800 тонна

     - 2001 ж. тамыз        - 40 контейнер х 20 тонна = 800 тонна

     - 2001 ж. қараша       - 40 контейнер х 20 тонна = 800 тонна

     - 2001 ж. желтоқсан    - 20 контейнер х 20 тонна = 400 тонна


     Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады