Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 ақпан N 265

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметінің резервiнен Алматы облысының әкiмiне 200 000 000 (екi жүз миллион) теңге, оның iшінде Талдықорған мен Қапшағай қалаларында 2000/2001 жылдарғы жылыту маусымын аяқтау үшін сұйық және қатты отынды сатып алуға - 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге және Алматы облысында су тасқынына қарсы шұғыл жұмыстарды жүргiзуге 50 000 000

 

(елу миллион) теңге бөлiнсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады