Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi ұсынған, Қазақстан Республикасының барлық мүдделi мемлекеттiк органдарымен келiсiлген Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Дүниежүзiлiк Интеллектуалдық Меншiк Ұйымы арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасының жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Дүниежүзiлiк Интеллектуалдық
Меншiк Ұйымы арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылсын.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Игорь Иванович Роговқа
Бағдарлама жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзуге рұқсат етiлуге отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Дүниежүзiлiк Интеллектуалдық Меншiк
Ұйымы арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасына қол қою өкiлеттігi берiлсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН ДҮНИЕЖҮЗIЛIК
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШIК ҰЙЫМЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Дүниежүзiлiк Интеллектуалдық Меншiк Ұйымы (бұдан әрi - ДИМҰ),
Қазақстан Республикасының ДИМҰ мүшесi және ДИМҰ басқаруымен бiрқатар халықаралық шарттарға қатысушы болып табылатынын ескере отырып,
Қазақстан Республикасының елдi әлемдiк экономикалық, қауымдастыққа анағұрлым тығыз мақсатында бiрiктiру интеллектуалдық меншiк саласындағы қолданылып жүрген заң шығару және техникалық инфрақұрылымды дамыту ниетін назарға ала отырып,
ДИМҰ-ның ДИМҰ Бағдарламасы мен Бюджетi шегінде Қазақстан Республикасына оның мақсаттарына қол жеткiзуiне көмек көрсетуге әзiрлігіне сүйене отырып,
Дүниежүзiлiк Интеллектуалдық Меншiк Ұйымының құрған, 1967 жылы 14 шiлдеде Стокгольмде қол қойылған және 1979 жылы 2 қазанда өзгертiлген Конвенцияның 4-бабын есепке ала отырып,
мынадай Бағдарламаға қол қоюға келiсті.
1. Бағдарламаның мақсаттары
Осы Бағдарламаның мақсаты:
- басқа елдердiң тәжiрибесiн және үйлестiрудiң халықаралық үрдiстерiн есепке ала отырып, интеллектуалдық меншiк саласында Қазақстан Республикасының ұлттық заңдарын жетiлдiруге;
- Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интеллектуалдық меншiк құқықтары жөнiндегi комитетінiң және оған ведомстволық бағынысты мекемелердiң техникалық базасын нығайту және адам ресурстарын дамытуға;
- интеллектуалдық меншiк құқығын бұзушылықты анықтау, алдын алу және тоқтату мақсатында интеллектуалдық меншiк саласында Қазақстан Республикасының ұлттық заңдары мен құқық қолдану практикасын жетiлдiруге;
- Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, ғылым, техникалық және экономикалық қызметтiң тиiстi салаларында интеллектуалдық меншiктiң ролiн күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасы мен ДИМҰ-ның бiрлескен әрекеттерiн жүзеге асыру болып табылады.
2. Бағдарламаға қатысушылар:
Қазақстан Республикасы Тарапынан - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi әрбiр нақты жағдайда осы Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшiн қазақстандық ұйымдар мен жеке тұлғаларды белгiлейтiн болады.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Интеллектуалдық меншiк құқықтары жөнiндегi комитеті Қазақстан Республикасы тарапынан осы Бағдарламаның орындау мәселелерi бойынша үйлестiрушi болып табылады.
ДИМҰ-ның Бас директоры тарапынан әрбiр нақты жағдайда осы Бағдарламаны iске асыруға қатысу үшiн ДИМҰ-ның Халықаралық Бюро тиiстi бөлiмшелерiн немесе қызметкерлерiн белгiлейтiн болады.
3. Бағдарламаның қолданылу мерзiмi:
Осы Бағдарлама белгiленбеген мерзiм iшiнде қолданылады. Тараптар осы Бағдарлама шеңберiнде орындалатын iс-шаралардың бағдарлық тiзбесi осы Бағдарламаның ажырамас бөлiгi болып табылатын осы Бағдарламаға Қосымшада келтiрiледi. Ынтымақтастықтың нақты жобалары қаржы және адам ресурстарының болуы есепке алына отырып, мүдделi тараптардың өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын болады.
2001 ж. "____" ақпанда Алматы қаласында үш түпнұсқа данада әрқайсысы орыс, қазақ және ағылшын тiлдерiнде жасалды, және барлық мәтiндердiң бірдей күшi бар.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Интеллектуалдық
Yкiметi атынан Меншiк Ұйымы атынан
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Дүниежүзілік Интеллектуалдық
Меншiк Ұйымы арасындағы
Ынтымақтастық бағдарламасына
Қосымша
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Дүниежүзілiк Интеллектуалдық
Меншiк Ұйымы арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру
жөнiндегi iс-шаралардың бағдарлық тiзбесi
1. Интеллектуалдық меншiк саласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық заңдарын жетiлдiру.
1.1. Қазақстан Республикасында немесе ДИМҰ-ның штаб-пәтерiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне ДИМҰ-ның тиiстi сарапшыларының сараптамалар мен консультациялар жүргізуi.
2. Қазақстан Республикасында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру.
2.1. 1994 жылы 14 сәуiрде, Маракеште қол қойылған Интеллектуалдық меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi жөнiндегi келiсiм (ИМҚСА келiсiмi) мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасына ДИМҰ-мен көрсетiлетiн заңдық және техникалық көмек.
2.2. Тиiстi қазақстандық ұйымдарды заң немесе құқық қолдану практикасына қатысты ДИМҰ-да бар шолу материалдарымен қамтамасыз ету.
2.3. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының, iшкi iстер, прокуратура, соттар, кеден және монополияға қарсы органдар қызметкерлерi үшiн лекциялар, семинарлар немесе симпозиумдер ұйымдастыру.
3. Әкiмшiлiк функцияларды ДИМҰ-ның орындайтын мынадай шарттарына Қазақстан Республикасының қосылуына жәрдемдесу:
- 1976 жылғы 20 желтоқсандағы Шығармалардың кейбiр түрлерiне жеке құқықтарды қорғауға қатысты авторлық құқықтар жөнiндегi ДИМҰ-ның шарты (АҚШ);
- 1996 жылғы 20 желтоқсандағы Орындаушылар мен фонограмма өндiрушiлердiң құқықтарын қорғау жөнiндегi ДИМҰ-ның шарты (ОФШ);
- 1925 жылғы 6 қарашадағы Халықаралық өндiрiстiк үлгiлердi депонирлеу туралы Гаага келiсiмi;
- 1977 жылғы 28 сәуiрдегi Патент рәсiмiнiң мақсаттары үшiн микроорганизмдердi депонирлеудiң халықаралық танылуы туралы Будапешт шарты;
- Белгiлердi халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмiне хаттама (1989 ж.);
- 1994 жылғы 27 қазандағы Тауарлар белгiлерi жөнiндегi заңдар туралы шарт (ТLТ);
- 2000 жылғы 1 маусымдағы Патенттер жөнiндегi заңдар туралы шарт (РLТ);
- Орындаушылардың, фонограмма өндiрушiлер мен таратушы ұйымдардың құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенция (Рим конвенциясы 1961 ж.).
4. Интеллектуалдық меншiк саласында үйрету және оқыту.
4.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдар және коммерциялық құрылымдар мамандарын, сондай-ақ оқытушыларды интеллектуалдық меншiк саласындағы ДИМҰ-мен әкiмшiлiкпен басқарылатын бағдарламалар бойынша оқытуды ұйымдастыру.
4.2. Түрлi кәсiби орталар арасында жалпы бiлiм деңгейiн арттыру үшiн тағайындалған теориялық және практикалық семинарлар немесе симпозиумдер ұйымдастыру.
4.3. Оқыту әдiстемесiн, оқу жоспарларын, бағдарламаларды, жетiлдiру курстарын немесе мамандандырылған курстарды және дистанциялық оқытуды әзiрлеуге жәрдемдесу.
5. ДИМҰ-ның Ғаламдық ақпараттық желiсiн пайдалануды кеңейту.
5.1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Интеллектуалдық меншiк құқықтары жөнiндегi комитетiн дүниежүзiлiк Интернет желiсiнiң (wеb-сайт) беттерiнде техникалық және бағдарламалық жарақтандыруға жәрдемдесу.
5.2. ДИМҰ-ның Ғаламдық ақпараттық желiсi арқылы РОDL-ге қол жеткiзудi, патенттiк ведомствоның (РОDL) электрондық кiтапханасын құруды және пайдалануды қамтамасыз ететiн қазақстандық мамандарды оқыту.
6. Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас құқықтармен авторлық құқық және ұжымдық басқару жүйесi саласында мемлекеттiк органдарды дамыту.
7. Интеллектуалдық меншiк саласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық жүйесiн жетiлдiру.
7.1. Интеллектуалдық меншiк жүйесiн пайдалану кезiнде, соның iшiнде
интеллектуалдық меншiк технологиясын, лицензиялауын, маркетингiн беру,
материалдық емес активтердi бағалау кезiнде халықаралық тәжiрибенi
Қазақстан Республикасында таратуға көмек.
7.2. Қазақстан Республикасында патенттiк ақпарат және қызмет
көрсетудiң аймақтық орталықтарын құруға көмек.
7.3. Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес субъектiлерiне
интеллектуалдық меншiктi пайдалануда жәрдемдесу.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.