Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 1 наурыз N 307

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келiсiмге қол қойылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары

 

Даниал Кенжетайұлы Ахметовке Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi

арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келiсiмге қол қоюға уәкiлеттiк

берiлсiн, оған Келiсiм жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзуге рұқсат етiлсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан

          Республикасының Yкiметi арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу

                                 туралы келiсiм


     Бұдан әрi - Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi

мен Тәжiкстан Республикасының Yкiметi,

     - достық пен өзара түсiнiстiк қатынастарын нығайтуға ниет бiлдiре

отырып,

     - құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылып,


 
       - Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасы туралы өзара ақпараттандыруды жақсарту жөнiндегi қатынастарды дамыту қажеттiлiгiн сезiне отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                   1-бап



 
 
       Тараптар мемлекетаралық алмасуға жататын, жариялауға ашық Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесiнде (қоса берiлiп отыр) белгiленген мәселелер бойынша құқықтық актiлердi екiжақты ақпараттық алмасу қажеттiлiгiн таниды.
      Жоғарыда көрсетiлген тiзбе Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша

 

өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.


                                   2-бап


     Ұсынатын Тараптың мемлекеттiк және өзге де заңмен қорғалатын құпиясын

құрайтын ақпаратты қоспағанда, Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа

нормативтiк құқықтық актiлер туралы сұралатын ақпаратты беруге

мiндеттенедi.

     Ынтымақтастық барысында Тараптардың бiрi алған ақпарат осы ақпаратты

беретiн Тараптың жазбаша келiсiмi болған кезде ғана үшiншi Тарапқа берiлуi

мүмкiн.

     Ынтымақтастық барысында алынатын ақпарат Тараптар мемлекеттерiнiң

мүдделерiне зиян келтiре отырып, пайдалануына болмайды.


                                   3-бап


     Тараптар, ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, құқықтық

ақпарат алмасу үшiн өздерiнiң эталондық дерекқорын ұйымдастырады.


                                   4-бап


     Құқықтық ақпарат алмасу жүйесiн құру жөнiнде келiсiлген шараларды

жүзеге асыра отырып, Тараптар тиiсiнше:

     - ақпаратты пайдаланушы субъектiлердiң тiзбесiн;

     - құқықтық ақпарат режимiн - ақпараттық жариялылығы деңгейiн,

құжаттамалау, қол жеткiзу, сақтау, тарату және қорғау тәртiбiн анықтайтын

нормативтiк белгiленген қағидаларды өзара уағдаластық бойынша белгiлейдi.


                                   5-бап


     Тараптар құқықтық ақпарат жүйесiн құру және алмасу жөнiндегi жұмысты

үйлестiрушiлер етiп Тараптар мемлекеттерiнiң әдiлет министрлiктерiн

белгiлейдi.


                                   6-бап


     Тараптар бiрлесiп пайдалану үшiн белгiленген құқықтық ақпараттың

ұлттық ресурстарына (эталондық дерекқорға) қол жеткізудi қамтамасыз етедi

және оларды бақылау жағдайында қолдайды.


                                   7-бап



 
       Құқықтық ақпарат, әдетте орыс тiлiнде және өтеусiз берiлуге тиiс. Шұғыл хабарландырулар мен материалдарды беру үшiн электронды, факсимильдiк және байланыстың өзге де құралдары пайдаланылуы мүмкiн.
 

                                   8-бап




 

     Тараптар:

     - дерекқорларды алмасу кезiнде бiр-бiрiне нормативтiк құқықтық

актiлердiң жiктеуiштерiн берудi;

     - жүйелердiң қолданылып жүрген ақпараттық-коммуникациялық

ресурстарын, сондай-ақ жаңадан жасалатын құпия байланыс жүйелерiн

пайдалана отырып, құқықтық ақпарат алмасуды жүргiзу қажет деп санайды.

     Құқықтық ақпарат алмасу Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес

жүзеге асырылады.


                                   9-бап


     Осы Келiсiм Тараптардың басқа да халықаралық шарттар жөнiндегi

құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.


                                   10-бап


     Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге жеке

Хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып

табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.


                                   11-бап



 
       Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер мен консультациялар жолымен шешiлетiн болады.
 

                                   12-бап



 
 
       Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi барлық мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi және егер Тараптардың бiрi Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін кемiнде алты ай бұрын басқа Тарапқа өзiнiң осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниетi туралы хабардар етпесе, қолданылу мерзiмi әрбiр келесi бес жылға өздiгiнен ұзартылып, бес жыл бойы

 

қолданылатын болады.


     2001 жылғы "___"__________ Душанбе қаласында, әрқайсысы қазақ, тәжiк

және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқалық данада жасалды және барлық

мәтiндердiң заңдық күшi бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер

туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi пайдаланатын болады.


     ТӘЖIКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ             ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

          YКIМЕТI YШIН                            YКIМЕТI YШIН



      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының

        Үкiметi арасындағы құқықтық ақпарат алмасу туралы келiсiмге

                                 Қосымша


     Мемлекетаралық алмасуға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң

тізбесi:

     1. Мемлекеттiк құрылыс негiздерi.

     2. Мемлекеттiк қауiпсiздiк.

     3. Қорғаныс.

     4. Мемлекеттiк қызмет.

     5. Сыртқы саясат, халықаралық және сыртқы экономикалық қатынас.

     6. Әкiмшiлiк заңдар.

     7. Әдiлет. Сот. Прокуратура.

     8. Қоғамдық тәртiптi қорғау.

     9. Қылмыстық заңдар.

     10. Қылмыстық іс жүргiзу заңдары.

     11. Қылмыстық атқарушылық заңдар, еңбек-түзету заңдары.

     12. Азаматтық және семья құқығы.

     13. Азаматтық іс жүргiзу және шаруашылық заңдар.

     14. Еңбек және халықтың қамтылуы.

     15. Әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамтамасыз ету.

     16. Қаржы және кредит.

     17. Кәсiпорындар және кәсiпкерлiк қызмет.

     18. Өнеркәсiп.

     19. Құрылыс және сәулет кешенi.

     20. Ауыл шаруашылығы.

     21. Сауда.

     22. Көлiк және байланыс.

     23. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және халыққа тұрмыстық қызмет

көрсету.

     24. Бiлiм, ғылым, мәдениет.

     25. Денсаулық сақтау.

     26. Жер, оның қойнауы, сулар туралы, әуе кеңістiгi туралы, өсiмдiк,

жануарлар әлемi және табиғи байлықтар туралы заңдар.

     27. Қоршаған ортаны қорғау.

     28. Геодезия, картография, гидрометеорология.

     29. Халықаралық жеке құқық және процесс.

     30. Кеден iсi.




     Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады