"Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы Медициналық орталығының N 1 дәрiханасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 1 наурыз N 312

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы Медициналық орталығының N 1 дәрiханасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының оны Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) етiп белгiлеу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi саласы дәрi-дәрмектердi, дәрiлiк заттар мен емдеу құралдарын, медициналық жабдықтар мен аспаптарды дайындау және сату болып белгiленсiн.

      4. Уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорынның жарғысын әзiрлеп, бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады