Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Электрондық және электр техникалық өнеркәсіптің салаларын дамыту
жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23
желтоқсандағы N 1327
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,
1998 ж., N 49, 448-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы "Веснет" бірлескен кәсіпорны
(Павлодар қаласы)" және "Қазэнергокабель" акционерлік қоғамы (Павлодар
қаласы)" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.