Электрондық және электр техникалық өнеркәсіптің салаларын дамыту жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 23 желтоқсан N 1327

      Қазақстан Республикасында электрондық және электр техникалық саланы дамыту үшін жағдай жасау және импортты ауыстыратын тауарлар өндіруді ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 1-қосымшаға сәйкес ұйымдардан:
      1) өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы электрондық аппаратуралар;
      2) технологиялық бақылау жасау және басқару жүйелерін қоса алғанда байланыс, энергетика, өнеркәсіп салалары үшін кабель өнімдерін өндіруі жөнінде консорциум құру туралы ақпараты назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ұйымдарға консорциум құру жөніндегі қажетті ұйымдастыру рәсімдерін жүргізуге жәрдем көрсетсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес:
      1) 4 (төрт) млн. теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылға арналған резервінің қаражаты есебінен, жарғылық капиталында мемлекеттің 100% үлесімен "Индустриялық парк" ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қоғам) құру жөніндегі іс-шараны жүзеге асырсын;
      2) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысудың мемлекеттік үлесін Қоғамға сенімді басқаруға берсін;
      3) кейін оларды Қоғамға сенімді басқаруға беру үшін мемлекеттік мүліктің, оның ішінде акционерлік қоғамдардың акциялары пакетінің тізбесін белгілесін.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.03.31. N 332 қаулысымен. P990332
      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құжаттар түскен кезде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен бір апталық мерзім ішінде Қоғамды мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі, Әділет министрлігі және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті белгіленген тәртіппен, кейін бөлінген мүлікті Қоғамның жарғылық капиталына беру мақсатымен, "Қазақ радиотехникалық зауыты" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін әкімшілік үйі мен "Даэко" акционерлік қоғамына қатысу үлесін қамтитын оның мүліктік кешенінің бір бөлігіне айырбастаудың мүмкіндігі туралы мәселені пысықтасын.
      6. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп мына жобаларды:
      1) 1999 жылдың 1 сәуіріне дейін өнеркәсіптің электрондық және электр техникалық салаларын дамыту бағдарламасын;
      2) 1999 жылдың 1 наурызына дейін облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен "Қазақтелеком", "ҚазТрансОйл", "КЕGОС", "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамдарының қатысуымен көрсеткіштерін 2-қосымшаға сәйкес жеткізе отырып электрондық және электр техникалық өнімдерді дамыту мақсатында импортты ауыстыру жөнінде ұсыныс әзірлесін және Үкіметке енгізсін.
      7. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі "Селолық жерлерге арналған телекоммуникациялық жабдықтарды өндіру және жаңарту" жобасын 20 (жиырма) млн. АҚШ доллары мөлшерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемның қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жоба ретінде 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялардың бағдарламасына кіргізсін және аталған жоба бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қорытынды ұсынсын.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі қорытындысының негізінде шетелдік кредиторға Қазақстан Республикасының "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер лимитінің шегінде тартылған заемның сомасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.
      9. Экономикалық даму және ынтымақтастық қоры (ЕDСF, Корея Республикасы) "Селолық жерлерге арналған телекоммуникациялық жабдықтарды өндіру және жаңарту" жобасын қаржыландыруға бағытталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заем бойынша кредитор болып белгіленсін.
      10. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қажетті жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуды көздеп, Қоғаммен "Селолық жерлерге арналған телекоммуникациялық жабдықтарды өндіру және жаңарту" инвестициялық жобасын іске асыру жөнінде келісім-шарт жасасын.
      11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
      12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                               Қазақстан Республикасы



                                               Үкіметінің 1998 жылғы

                                                 23 желтоқсандағы

                                                 N 1327 қаулысына

                                                     1-қосымша



 
 
            Электрондық және электр техникалық мақсаттағы өнім өндіру

 

                жөніндегі консорциумға кіретін ұйымдардың

                               Тізбесі


     "Даэко" акционерлік қоғамы (Алматы қаласы)

     "Интерконнект" бірлескен кәсіпорны (Курчатов қаласы)


     Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.01. N 313 қаулысымен.



P010313_





                                               Баспасөзде жарияланбайды



                                               Қазақстан Республикасы



                                               Үкіметінің 1998 жылғы

                                                 23 желтоқсандағы

                                                 N 1327 қаулысына

                                                     2-қосымша



 
 
         Электрондық және электр техникалық мақсаттағы өнімдердің

 

          импортын Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының

          өніміне ауыстыру жөніндегі болжамдалатын көлемдер


__________________________________________________________________________

|N |Қазақстан Республикасының |1999 жылы (млн.АҚШ долл.)|2000 жылы (млн.

|  |       ұйымдары           |                         |АҚШ долл.)      

|__|__________________________|_________________________|__________________

|1 |"Қазақтелеком" ашық акцио-|           15            |         25      

|  |нерлік қоғамы, оның ішінде|                         |                 

|  |кабель өнімі              |           5             |         8       

|__|__________________________|_________________________|__________________

|2 |"Қазақстан темір жолы"    |           2             |         5       

|  |республикалық мемлекеттік |                         |                 

|  |кәсіпорны                 |                         |                 

|__|__________________________|_________________________|__________________

|3 |"КЕGОС" ашық акционерлік  |           1             |         2       

|  |қоғамы                    |                         |                 

|__|__________________________|_________________________|__________________



     Оқығандар:    

  Орынбекова Д.К.

  Кобдалиева Н.М.                                     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады