"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 наурыз N 331

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                    Жоба


                     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


            Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне

               өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы


     Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзiлсiн:


 
       1. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Z939000_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 28-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; N 22, 135-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1997 ж., N 12, 184-құжат):
      21-баптың 2-тармағы және 26-баптың б) тармақшасы "Ішкi iстер министрлiгiнiң" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Z944000_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы и) тармақшасымен толықтырылсын:
      "и) Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдары";
      2) 10-баптың 2-тармағының екiншi абзацы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 12-баптың 2-тармағындағы:
      бiрiнші бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Iшкi iстер органдары осы Заңның 11-бабының 2-тармағында аталған жедел-iздестiру iс-шараларын Әдiлет министрлiгі қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, ал Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары - Iшкi істер министрлiгiнiң тергеу изоляторларында жүзеге асыруға құқылы.".
      екiншi бөлiктiң а) тармақшасы "iшкi iстер органдары" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлiктегi "Iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Z952235_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж. N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 44-құжат, N 12, 184, 188-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263, N 22, 333-құжаттар; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 201, 202-құжаттар, N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; 2000 ж., N 10, 234-құжат):
      57-баптың 1-тармағының 19) тармақшасындағы, 123-баптың 3-тармағының
9) тармақшасындағы және 134-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 U952707_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; 1999 ж., N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):
      1) 2-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) iшкi iстер органдарының тергеу изоляторларында жазаны өтеп жатқан сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды және әкiмшiлiк өндiрiп алуларды орындау;";
      5) тармақшадағы "қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде" деген сөздер "iшкі iстер органдарының тергеу изоляторларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерi" деген сөздер "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 10-баптың 1-тармағында:
      5) тармақшадағы "қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген бас бостандығынан айыру орындарында" деген сөздер "заңдармен белгіленген iшкі iстер органдарының тергеу изоляторларында және уақытша ұстау изоляторларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) тармақшадағы "қылмыстық жазалар мен" деген сөздер "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторларында жазасын өтеп жатқан, шаруашылық қызмет көрсету үшiн қалдырылған сотталғандарға қатысты қылмыстық жазалар," деген сөздермен ауыстырылсын;
      30-1) тармақшадағы "бас бостандығынан айырумен байланысты емес түрлерiне сотталғандардың" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 11-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "23) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды бақылау жөнiндегi заңда көзделген шараларды қолдануға, iшкi iстер органдарының тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларындағы және олардың маңындағы аумақтардағы режимдiк талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; Ішкі iстер министрi белгiлеген тәртiппен ішкi iстер органдарының тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларына ерекше жағдайлар режимiн енгiзуге;";
      5. "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Z970096_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 86-құжат):
      15-баптағы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" деген сөздермен толықтырылсын.
      6. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық атқару Z970208_ кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 18, 645-құжат; 2000 ж., N 6, 68-құжат):
      1) 46-баптың 2-тармағындағы, 77-баптың 3 және 7-тармақтарындағы,

 

80-баптың 3-тармағындағы, 84-баптың 3-тармағындағы, 85-баптың

5-тармағындағы, 97-баптың 5-тармағындағы, 104-баптың 4-тармағындағы,

107-баптың 5-тармағындағы, 108-баптың 7-тармағындағы "Ішкi iстер" деген

сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;

     2) 181-баптың 2-тармағындағы, 182-баптың 1-тармағындағы "басқа

қызметтерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.

     7. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс

жүргiзу 


Z970206_


  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,

1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4,

66-құжат; N 6, 141-құжат):

     1) 65-баптың екiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы мынадай редакцияда

жазылсын:

     "3) қылмыстық жазаларды орындау тәртiбiмен байланысты қылмыстар

туралы iстер бойынша - әдiлет органдары";

     2) 137-баптағы "Ішкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     3) 285-бапта:

     екiншi бөлiктегi "358, (бiрiншi бөлiкпен), 359, 360" деген сөздер

алынып тасталсын;

     алтыншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:


 
       2-тармақтың екiншi абзацы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" деген сөздермен толықтырылсын.
      8. "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Z990353_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат):
      1) 7-баптың 2-тармағындағы "ішкі істер" деген сөздер "әділет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 46-баптың 1-тармақтарындағы "Ішкі iстер министрінің," деген сөздерден кейiн "Әділет министрінің," деген сөздермен, 3-тармағындағы "Ішкі істер министріне, " деген сөздерден кейін, "Әдiлет министрiне," деген сөздермен толықтырылсын.
      9. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы 


Z970136_


  Заңына

(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат;

1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 229-құжат):

     60-бапта, 61-баптың 1, 2 және 3-баптарында, 63-бапта, 64-бапта,

65-бапта және 66-бапта:

     "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "және Әдiлет министрлiгiнiң

Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" деген сөздермен толықтырылсын.


     Қазақстан Республикасының

            Президентi



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады