"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 наурыз N 344

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан

Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу мәселелері бойынша өзгеріс пен

толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                      Қазақстан Республикасының Заңы


              Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне

        Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу мәселелері

               бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы


     1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне толықтырулар

енгiзiлсiн:


 
       1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Z952155_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат, N 12, 88-құжат, N 15-16, 100-құжат, N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат, N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2000 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сақтандыру және сақтандыру қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Z000128_ Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы):
      1) 8-бап мынадай мазмұндағы у-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "у-3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Үкiметi арасында жасалатын сенiмді басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмдi басқаруды жүзеге асырады;";
      2) 15-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы у) және ф) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "у) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiтуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмді басқарудың нәтижелерi туралы есептi бекiтуi;
      ф) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмдi басқару (Өкілеттi өкiл) жөнiнде шұғыл шешімдер қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары дәрежесiнен төмен емес) айқындауы.";
      3) 70-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банк көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi
      Қазақстан Ұлттық Банкi ақылы негiзде банк операцияларын және басқа да қызметтердi жүргiзуге құқылы. Ол көрсететiн қызметтер үшiн төлемнiң түрлерi мен мөлшерлерiн Қазақстан Ұлттық Банкi дербес анықтайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Қаржы министрлiгiне көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.".
      2. "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Z990357_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1999 ж., N 7, 225-құжат; N 20, 731-құжат; N 21, 783-құжат; N 23, 916, 928, 930-құжаттар; Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 15 желтоқсандағы N 123 Заңы; 2001 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010140_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы жиырма жетiншi және қырық алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "шикiзат секторы ұйымдары - тiзiмiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн, олардан бюджетке төленетiн төлемнiң бөлiгi осы Заңда айқындалатын тәртіпте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылатын заңды тұлғалар;";
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын мақсатты трансферттер - көлемдерi тиiстi бюджеттерде бекiтiлетiн, Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мақсаттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тиiстi бюджетке түсетiн ақша түсiмдерi;";
      2) 4-баптың 4-тармағындағы "қол жеткiзiледi" деген сөздердiң алдынан ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандырушылық қызметтерiн iске асыру арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 7-бапта:
      1) тармақшада:
      б) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "шикiзат секторының ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және іс жүзiндегi көлемiнiң арасындағы терiс айырма ретiнде айқындалатын республикалық бюджеттiң шығындарын өтеу түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн түсiмдер;";
      2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын мақсатты трансферттер;";
      4) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
      "7-1-бап. Республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн анықтау тәртiбi
      1. Республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемi облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекiтiледi. Көрсетілген түсiмдердiң тоқсандық көлемдерiн облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық бюджетте белгiленген жылдық сомалар шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      2. Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн, олардың бекiтілген тоқсандық

 

көлемдерiнен асатын түсiмдерiнiң бөлiгi осы Заңның 24-бабына сәйкес

республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына

аударылады.";

     5) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

     "республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына

берілетiн ресми трансферттердi;

     Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан мақсатты трансферттердiң

есебiнен iске асырылатын өзге де бюджеттiк бағдарламаларды.";

     6) 11-бапта:

     1-тармақта:

     1) тармақшада:

     б) тармақшасында:

     жиырма үшiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен

толықтырылсын:


 
       "жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және іс жүзiндегi көлемiнiң арасындағы терiс айырма ретiнде айқындалатын жергiлiктi бюджеттердiң шығындарын өтеу түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн түсiмдер;";
      2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынған мақсатты трансферттер";
      7) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
      "11-1-бап. Жергiлiкті бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн анықтау тәртiбi
      1. Жергiлiктi бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемi облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекiтiледi. Көрсетiлген түсiмдердiң тоқсандық көлемдерiн облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық бюджетте белгiленген жылдық сомалар шегiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      2. Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн, олардың бекiтiлген тоқсандық көлемдерiнен асатын түсiмдерiнiң бөлiгi осы Заңның 25-бабына сәйкес жергілiкті бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады.";
      8) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы жиырма бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "жергіліктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердi;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан мақсатты трансферттердiң есебiнен iске асырылатын өзге де бюджеттiк бағдарламаларды";
      9) 15-бап мынадай мазмұндағы үшiншi және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
      "облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергiлікті бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемдерiн;";
      тоғызыншы абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергіліктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердiң сомаларын;";
      10) 18-бапта:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "тиiстi әкiмшілік-аумақтық бiрлiк үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгiленген сомада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жергiлiктi бюджеттен берiлетiн ресми трансферттердiң сомалары;";
      7-1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шикiзат секторының ұйымдарынан жергіліктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң көлемiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгiленген көлемде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi.";
      11) 24-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн, олардың бекiтiлген тоқсандық көлемiнен асатын түсімдерiнiң бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударуды Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған тәртiпте республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық аумақтық органы жүргізедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сомалар осы Заңның 29-бабына сәйкес республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi.";
      12) 25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жергіліктi бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн, олардың бекiтiлген тоқсандық көлемiнен асатын түсiмдерiнiң бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударуды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiпте тиiстi жергіліктi бюджеттерден Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық аумақтық органы жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сомалар осы Заңның 29-бабына сәйкес тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi.";
      13) 29-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгi "республикалық бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару көлемдерi туралы ақпаратты енгiзе отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiк "жергiлiкті бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару көлемдерi туралы ақпаратты енгiзе отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:

 

     "Жергілiктi бюджеттердiң (облыстар, Астана және Алматы қалалары

бюджеттерiнiң, облыстық бюджеттердiң, қалалар, аудандар бюджеттерiнiң)

атқарылуы туралы айлық және жылдық есептер тиісті жергілікті бюджеттерге

шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан

Республикасының Ұлттық қорына аудару көлемдері туралы ақпаратты қамтиды.".

     2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті



     Мамандар:

        Багарова Ж.А.

        Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады