Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 наурыздағы N 346 Қаулысы.

      Әйелдердің жағдайы жөніндегі ІV Бүкіл дүниежүзілік конференцияның (Пекин, 1995) іс-қимылдар тұғырнамасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі N 999 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса берiліп отырған Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестіктердiң өзара iс-қимылын ұйымдастырудың ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы
12 наурыздағы N 346
қаулысымен бекітілген

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар:

      1) гендер - ерлер мен әйелдер арасындағы тек биологиялық қана емес, әлеуметтiк, саяси және экономикалық факторларға да байланысты рольдерi мен өзара қарым-қатынас жүйесiн көрсететiн мемлекеттiң даму тұжырымдамасы (iшкi саясаты);

      2) гендерлiк теңдiк - адамдардың жыныстарына қарамастан, олардың қоғамдағы бiрдей (тең) әлеуметтiк жағдайы;

      3) траФик - әртүрлi негiз бойынша арбалған әйел жынысты адамдарды әрi қарай жыныстық қатынас және экономикалық тұрғыда қанау үшiн шет елдерге сату;

      4) дағдарыс орталығы - зорлық-зомбылықтан жәбiр көрген әйелдерге арналған, олар психологиялық, заңдық кеңес, дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек немесе баспанаға жолдама алатын коммерциялық емес ұйымдар;

      5) баспана - зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердiң уақытша тұруын қамтамасыз ететiн әрi олардың әлеуметтiк бейiмделуi мен оңалуы үшiн қажетті қызметтер көрсететiн коммерциялық емес ұйымдар;

      6) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және қоғамдық бiрлестiктерге: облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкiмдерi жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссиялар, ішкi iстер, әдiлет, бiлім беру, денсаулық сақтау, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, туризм мен спорт органдары, дағдарыс орталықтары және зорлық-зомбылықтан жәбiр көрген әйелдерге арналған баспаналар (келiсiм бойынша) және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын коммерциялық емес өзге де ұйымдар (келiсiм бойынша) жатады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.28 N 138 , 2008.06.20 N 597 Қаулыларымен.

2. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттiк органдар, ұйымдар және қоғамдық бiрлестiктер қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы

      2. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттiк органдар, ұйымдар және қоғамдық бiрлестiктер қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңына негiзделедi және осы Ережеден, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 999 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұлттық iс-қимылдар жоспарынан, әйелдердiң конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерден тұрады.

3. Өзара iс-қимылдың стратегиялық мақсаттары, мiндеттерi және қағидаттары

      3. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттiк органдар, ұйымдар және қоғамдық бiрлестiктер өзара iс-қимылын ұйымдастырудың стратегиялық мақсаты зорлық-зомбылықтан жәбiр көрген әйелдерге көмек көрсету үшін олардың мүмкіндіктерін бiрiктiру болып табылады.

      4. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелерінде өзара іс-қимыл жасауының негізгі міндеттер:

      1) әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      2) зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерге көмек көрсету жөніндегі нақты іс-қимылдарды белгілеу;

      3) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық түрлері, тәсілдері мен әдістері туралы, сондай-ақ олардың жасалуына итермелейтін себептер мен жағдайларды зерттеуді бірлесіп жүргізу;

      4) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оның жолын кесу мәселелерінде халыққа құқықтық көмек көрсету;

      5) ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырушы бөлімшелері мен дағдарыс орталықтары қызметкерлерін зорлықтан жәбір көрген әйелдерге көмек көрсету нысандары мен әдістеріне бірлесіп үйретуді енгізу;

      6) әйелдердің мәртебесін көтеруге бағытталған мемлекеттік және аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      7) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін халықаралық құқық нормаларына сәйкес келтіру мақсатында оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар дайындау.

4. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдар, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер арасындағы өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру

      5. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдар, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер өздерінің қызметі барысында өз құзыреті шегінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, оның жасалуына итермелейтін себептер мен жағдайлар туралы ақпараттар алу және қорыту жөнінде шараларды жүзеге асырады әрі өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады