"Қазақстанның Даму банкі туралы" және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заң жобалары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 наурыз N 365

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстанның Даму банкі туралы" және "Қазақстан Республикасының

кейбір заң актілеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан

Республикасының заң жобалары Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


             Қазақстан Республикасының Заңы


             Қазақстанның Даму Банкі туралы


     1-тарау. Жалпы ережелер


     1-бап. Қазақстанның Даму банкі және оның мәртебесі



 
       1. Қазақстанның Даму банкі (бұдан әрі - Даму банкі) мемлекет 100 пайыз қатысатын жабық акционерлік қоғам болып табылады.
 
      2-бап. Даму банкінің қызметін құқықтық реттеу
 
      1. Даму банкі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін және жарғыны басшылыққа алады.
      2. Банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары Даму банкіне осы Заңда реттелмеген бөлігінде қолданылады.
      3. Даму банкінің инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға қойылатын сандық шектеулер, лимиттер, бағыттар, Даму банкінің несиелендіруінің, бірлесіп қаржыландырудың және кепілдіктер беруінің ықтимал шарттары, тәртібі және мерзімдері, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуының жалпы көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілетін Даму банкінің несие саясаты туралы үш жылдық кезеңге арналған меморандумда (бұдан әрі - Меморандум) белгіленеді.
 
      3-бап. Даму банкінің мақсаттары және міндеттері
 
      1. Даму банкі қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өндірістерді дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
      2. Даму банкінің міндеттері:
      1) инвестициялық жобаларды орта мерзімді (бес жылдан жоғары мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жылдан жоғары мерзімге) несиелендіру;
      2) Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын бұйымдардың экспортын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын несиелендіру;
      3) басқа да несие институттары беретін заемдары мен несиелері бойынша кепілдік міндеттемелерді беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторын несиелендіруді ынталандыру;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру (Мемлекеттік инвестициялардың бағдарламасы, бұдан әрі - Бағдарлама);
      5) Қазақстан Республикасының Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.
 
      4-бап. Даму банкінің функциялары
 
      1. Даму банкі мынадай функцияларды орындайды:
      1) бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, Бағдарламаның жобаларын несиелендіру;
      2) Меморандумға сәйкес бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, Бағдарламаға енбейтін инвестициялық жобаларды өз қаражаты есебінен несиелендіру;
      3) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты мен мемлекеттік кепілдіктермен тартылған қаражат есебінен, сондай-ақ Бағдарламаға енгізілмеген жобалар бойынша жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын, Бағдарламаға енгізілген инвестициялық жобаларға агенттік қызмет көрсету;
      4) Бағдарламаға енгізуге ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктік сараптамасын, Даму банкі заемшыларының қаржылық жай-күйінің мониторингін жүргізу және олардың Даму банкі алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
      5) Бағдарламаға енгізуге ұсынылатын инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі;
      6) мемлекеттік емес заемдарды, оның ішінде мемлекет кепілдік бергендерді алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;
      7) мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес сыртқы заемдарға қызмет көрсету, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да борыштық талаптарын орындауға байланысты республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару бойынша агенттің функцияларын орындау.
 
      5-бап. Даму банкінің өкілеттіктері
 
      1. Даму банкі:
      1) Меморандумға сәйкес қаржы жылына арналған өзінің несие саясатын анықтауға;
      2) банк сараптамасының және заемшының несие қабілеттілігін талдаудың қорытындылары бойынша инвестициялық жобаны қаржыландырудың орындылығын айқындауға;
      3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттарды тартуға;
      4) Меморандумға белгілеген шекте заем қаражатын тартуға;
      5) Бағдарламаға енбейтін инвестициялық жобаларды іріктеп алуды және Меморандуммен белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, оларды несиелендіруді жүзеге асыруға;
      6) Меморандумда белгіленген шекте, осы Заңның 15-бабы 1-тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, басқа да заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға;
      7) жиынтық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;
      8) отандық және шетелдік банктердің және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатынасушысы болып әрекет етуге құқылы.
 
      6-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының
             Даму банкімен өзара қарым-қатынасы
 
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Акционерлердің жалпы жиналысының қарауына Даму банкінің директорлар кеңесі бір мүшесінің кандидатурасын енгізеді және облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің бірлескен шешімдерімен Даму банкі Директорлар кеңесінің екі мүшесі кандидатурасының енгізілуін қамтамасыз етеді.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Акционерлердің жалпы жиналысында Даму банкінің президентінің, сондай-ақ Даму банкінің Директорлар кеңесі екі мүшесінің сайлануын қамтамасыз етеді;
      2) осы Заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдарының Даму банкіне қатысты өкілеттіліктері Даму банкі акционерлерінің құқықтары арқылы іске асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
      1) пруденциалдық реттеу мен қадағалауды қоспағанда, Даму банкінің операцияларды жүргізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк қызметі, есеп, төлем және ақша аударымы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін орындау тәртібін сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      2) осы Заңның 7-бабында көрсетілген операцияларды қоспағанда, Даму банкінің операцияларын лицензиялауды жүзеге асырады.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) Даму банкінің заемшының міндеттерін және агенттің функцияларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      2) Даму банкі есептілігінің құрамын және нысандарын бекітеді.
      6. Мемлекеттік органдардың Даму банкіне қатысты өзге де өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Даму банкінің қызметіне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
 
      2-тарау. Даму банкінің қызметі
 
      7-бап. Даму банкінің операциялары:
 
      Даму банкі өз функцияларын орындау үшін мынадай операцияларды жүзеге асырады:
      1) осы Заңның 15-баптың 1-тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларға несиелер беру және кепілдіктер ұсыну;
      2) шартты салымдардың арнайы шоттарын, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар жөніндегі шарттарға сәйкес резервтік шоттарды ашу және жүргізу;
      3) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларға қызмет көрсету жөніндегі шоттарды ашу және жүргізу;
      4) аударым операцияларын: Даму банкі заемшыларының ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
      5) Даму банкі заемшыларының, сондай-ақ корреспондент-банктердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмалары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;
      6) заемшының пайдасына төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
      7) борыштық бағалы қағаздардың эмиссиясы;
      8) өз мүлкін жалға беру;
      9) мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңдарымен және осы Заңмен белгіленген жағдайларда, өзге де бағалы қағаздармен дилерлік қызмет.
 
      8-бап. Даму банкінің Бағдарламаны қалыптастыруға қатысуы
 
      1. Даму банкі Бағдарламаға енгізуге ұсынылатын жобалардың банктік сараптамасын жүзеге асырады.
      2. Даму банкінің инвестициялық жобаны сараптаудың нәтижелері бойынша қорытындысы жобаның тиімділігі, заемшының несие қабілеттілігі және төлем жасау қабілеттілігі, заемды қайтарудың қамтамасыз етілуі туралы, қаржыландырудың нысаны мен шарттары туралы, сондай-ақ жобаны Бағдарламаға енгізудің орындылығы туралы қорытындыларды қамтуы тиіс.
      3. Қайтарымды негізде қаржыландыру ретінде Бағдарламаға инвестициялық жобаны енгізу банктік сараптаманың нәтижелері бойынша Даму банкінің оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Даму банкінің инвестициялық жобаларға сараптама жүргізуі

 

Меморандумда анықталған шектеулерді ескере отырып, шартты негізде жүзеге

асырылады.


     9-бап. Даму банкінің Бағдарламаға заемшы ретінде қатысуы


     1. Даму банкінің республикалық бюджеттің қаражатынан несиелер алуы

оларды Бағдарламаға енгізу жолымен тек қана ақылылық, мерзімділік және

қайтарымдылық негізде жүзеге асырылады.

     2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен Даму

банкі алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртібі мен шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.


     10-бап. Даму банкінің Бағдарламаны республикалық және жергілікті     

             бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыруы кезінде

             агенттің функцияларын орындауы



 
       1. Даму банкі Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңына немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдеріне сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша банк-агенттің функцияларын орындайды.
      2. Даму банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Бағдарламаның жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес заемдар бойынша банк-агенттің функцияларын орындайды.
      3. Бағдарламаға енгізілген инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыруды Даму банкіне қаражатты аудару жолымен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
      4. Инвестициялық жобаны іске асыру аяқталғаннан немесе мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін Даму банкі қаражаттың қалдықтарын тиісті бюджеттерге қайтарады.
 
      11-бап. Бағдарламаға енгізілген жобаларды іске асыру мониторингі
 
      1. Даму банкі Бағдарламаға енгізілген инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асырады:
      1) жобаларды іске асыруды қаржыландыру кестелерінің;
      2) Даму банкінің жобаларды іске асыруға берген заемдары бойынша заемшылардың қаржылық жай-күйінің;
      3) іске асырылатын жобалар бойынша жұмыстардың, көрсетілген қызметтер көлемінің нақты орындалуы мониторингін жүзеге асырады.
      2. Даму банкі жыл сайын нәтижелердің жобалық техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сәйкестігін бағалай отырып, Бағдарламаға енгізілген инвестициялық жобалардың іске асырылуына және қаржыландырылуына талдау жасайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті қорытынды табыс етеді.
 
      12-бап. Даму банкінің заемдарды беруі
 
      1. Даму банкінің инвестициялық жобаларды несиелендіруі Меморандумға сәйкес анықталған шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Берілетін несиелер бойынша пайыздық ставканың көлемі қарыз алудың орташа құнын және Даму банкінің операциялық шығыстарын ескере отырып есептеледі.
      2. Даму банкі беретін заемдар жоғары өтімді активтермен (мемлекеттік бағалы қағаздар, эмиттенттердің бағалы қағаздары, екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің заңдарда көзделген басқа да әдістері) қамтамасыз етілуі тиіс.
 
      13-бап. Даму банкінің заемдарды тартуы
 
      1. Даму банкі қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерімен қамтамасыз ете отырып, шарт жасасу жолымен немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен жүзеге асырады.
      2. Даму банкінің Қазақстан Республикасының және жергілікті атқарушы органдарының алдындағы борыштары бойынша талап ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.
      3. Даму банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарды орналастыруға, өтеуге және Банктің басқа да борыштық міндеттемелері мен олар бойынша сыйақыларды төлеуге байланысты бүкіл қызметті немесе бір бөлігін агенттерге сеніп тапсыруға құқылы.
 
      14-бап. Даму банкінің заңды тұлғалардың
              жарғылық капиталына қатысуы
 
      Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Даму банкі өндіріп алуды заңды тұлғалардың Банк бұрын кепілге ресімдеген қатысу үлесіне немесе акцияларына айналдыратын жағдайларды қоспағанда, Банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың жарғылық капиталының 25 пайызынан аспайтын мөлшерде осы Заңның 15-бабының 1-тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысады.
 
      15-бап. Даму банкінің қызметін шектеу
 
      Даму банкіне:
      1) жеке тұлғалардың және қаржы институттарының - екінші деңгейдегі банктердің, мемлекеттік емес зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, лизинг беруші ұйымдардың пайдасына несиелер мен кепілдіктер беруге;
      2) осы Заңның 7-бабының 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды

 

қоспағанда, депозиттер тартуға, жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға банк

шоттарын ашуға;

     3) заемдарды қайтаруды қамтамасыз етпей оларды беруге;

     4) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, ұйымдарға қызмет

көрсетуге, заңды тұлғалардан акцияларды сатып алуға;

     5) бұрын тартылған заемдар бойынша мерзімі өткен міндеттемелері

болған жағдайларда қосымша сыртқы және ішкі қарыз алуды жүзеге асыруға

тыйым салынады.


     3-тарау. Даму банкінің капиталы және кірісі


     16-бап. Банктің жарғылық капиталы



 
       1. Даму банкінің жарғылық капиталы 30 миллиард теңгені құрайды және

 

республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен

қалыптастырылады.

     2. Даму банкінің жарғылық капиталына әрбір облыстық, Астана және

Алматы қалалық жергілікті атқарушы органдардың үлесі жарияланған жарғылық

капиталдың кемінде 1,5625 пайызын құрайды және осы Заң жарияланған күннен

бастап бір жыл ішінде төленуі тиіс.


     17-бап. Даму банкінің провизияларды (резервтерді) қалыптастыруы


     Даму банкінің провизияларды (резервтерді) жіктемеленген активтер және

шарттың міндеттемелер бойынша қалыптастыруы Қазақстан Республикасы Ұлттық

Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.


     18-бап. Таза кірісті бөлу

     Даму банкінің таза кірісі Даму банкінің жылдық есептемесін бекітудің

нәтижелері бойынша резервтік капиталын қалыптастыруға жіберіледі.


     4-тарау. Даму банкінің есебі, есептілігі және тәуелсіз аудиті


     19-бап. Даму банкінің есеп саясаты


     1. Даму банкінің есеп саясатын жыл сайын Банктің Директорлар кеңесі

бекітеді.

     2. Есепті Даму банкі бухгалтерлік есептік ұлттық стандарттары бойынша

жүзеге асырады.


     20-бап. Есептілік


     1. Даму банкінің есептілігі:

     1) республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлігіне - ай сайын;

     2) жергілікті бюджеттер ақшасының шығыстары туралы жергілікті қаржы

органдарына - ай сайын;


 
       3) Бағдарламаға енгізілген инвестициялық жобаларды қаржыландыруға арналып Даму банкіне бөлінген несие ресурстарының игерілуі туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және Мемлекеттік инвестициялардың бағдарламасын әзірлеуді және оның атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға - ай сайын;
      4) жылдық қаржылық есепті - аудиторлық тексеру жүргізіліп, оны Даму банкі Акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткеннен кейін 1 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
 
      21-бап. Даму банкінің аудиті
 
      1. Даму банкінің қызметіне аудиторлық тексеруді (сыртқы аудит) Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған тәртіппен таңдап алынған аудиторлық ұйым (сыртқы аудитор) жыл сайын жүзеге асырады.
      2. Аудиторлық ұйыммен келісім-шартты (шартты) Даму банкінің атынан

 

Директорлар кеңесінің төрағасы жасайды және Директорлар кеңесі бекітеді.

     3. Даму банкінің жылдық қаржылық есебі сыртқы аудит аяқталғаннан

кейін Акционерлердің жалпы жиналысында қаралады және бекітіледі.


     5-тарау. Даму банкін басқару


     22-бап. Даму банкінің акционерлері


     Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының

жергілікті атқарушы органдары Даму банкінің акционерлері болып табылады.


     23-бап. Даму банкінің басқару органдары


     1. Банктің органдары:

     жоғары органы - Даму банкі Акционерлерінің жалпы жиналысы;

     басқару органы - Даму банкінің Директорлар кеңесі;

     атқарушы органы - Даму банкінің президенті болып табылады.


 
       2. Даму банкі органдарының функцияларын, өкілеттіктерінің мерзімі, құзыреті, қызметінің тәртібі осы Заңмен және Даму банкінің жарғысымен айқындалады.
 
      24-бап. Даму банкінің Директорлар кеңесі
 
      1. Даму банкінің Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің төрағасын қоса алғанда, жеті мүшеден тұрады.
      2. Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасын Акционерлердің жалпы жиналысы екі жылдан аспайтын мерзімге сайлайды.
      3. Даму банкінің Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және облыстық, Астана және Алматы қалалық жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен тұрады. Мемлекеттік қызметшілер де, мемлекеттік қызметші емес тұлғалар да осындай өкіл болуы мүмкін.
      Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің Даму банкінің Директорлар кеңесіне қатысуы аймақтар арасындағы жыл сайынғы ауысып отыру негізінде жүзеге асырылады.
      4. Даму банкінің Директорлар кеңесі әрбір қаржы жылына арналған Банктің бюджетін, Даму банкінің қызметін регламенттейтін өзге де ережелерді бекітеді, Даму банкі президентінің ұсынуы бойынша Даму банкінің вице-президенттерін, ішкі аудиттың құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      5. Банк Директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне жатқызылатын

 

мәселелер Даму банкінің жарғысымен айқындалады.


               25-бап. Даму банкінің президенті


     1. Даму банкінің президенті лауазымы бойынша Банктің атқарушы органы

және Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

     2. Даму банкінің президентін Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы

бойынша Акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайды және қызметтен

босатады.

     3. Даму банкі президентіне Даму банкі қызметінің мәселелері бойынша

жедел және атқарушы-өкімші шешімдер қабылдау, Даму банкі атынан шарттар

(келісімдер) жасасу өкілеттігі берілген.


             6-тарау. Қосымша ережелер


     26-бап. Даму банкін мемлекеттік баж төлеуден босату

     Даму банкі Қазақстан Республикасының соттарына:

     республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қайтарымды

негізде берілген несиелер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы;

     мүлікке өндіріп алу туралы;

     сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ

республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен берілген заемдар

бойынша борышкерлер өз міндеттемелерін орындалуына байланысты олардың

банкроттығы туралы талап-арыз берген кезде мемлекеттік баж төлеуден

босатылады.


     27-бап. Даму банкінің жауапкершілігі

             және дауларды шешу тәртібі


     1. Даму банкі өзінің міндеттемелерін орындамағаны үшін Қазақстан

Республикасының заңдарында белгіленген негіздер және тәртіпте жауапты

болады.

     2. Даму банкінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік

органдардың, заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнінде

туындаған барлық даулары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

шешіледі.


     Қазақстан Республикасының

     Президенті


                                                жоба


             Қазақстан Республикасының Заңы


      Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне

                 толықтырулар енгізу туралы


     Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне толықтырулар

енгізілсін:

     1. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы"

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы 


Z952444_


  Заңына

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16,

106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің  Жаршысы, 1996 ж., N 2,

184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат;

N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18,


224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 12 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Z010162_ Заңы):
      1) 3-баптың 3-тармағы мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "Заң актісімен анықталған ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда";
      2) 17-баптың 2-тармағының бірінші сөйлемі мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      ", ал облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары да Қазақстан Даму банкінің акционерлері болуы мүмкін".
      2. "Мемлекеттік баж туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Z960065_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 23-24, 420-құжат; 1998 ж., N 23, 417-құжат; 1999 ж., N 23, 932-құжат):
      9-бап мынадай мазмұндағы ш) тармақшасымен толықтырылсын:
      "ш) Қазақстанның Даму банкі республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қайтарымды негізде берілген несиелер бойынша берешектерді; мүлікке өндіріп алу туралы; сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен берілген заемдар бойынша борышкерлер өз міндеттемелерін орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы өндіріп алу туралы талап-арызды берген кезде".
      3. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару

 

туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 


Z010148_


  Заңына

(2001 жылғы 3 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 30 қаңтарда

"Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):

     27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

     "23) Қазақстан Даму банкінің жарғылық қорына қатысады.".


     Қазақстан Республикасының    

          Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады