Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне 2001 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 наурыз N 418

      Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін 2001 жылғы көктемгі егіске тұқымдық материалмен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ақмола облысының әкімшілігіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) 2001 жылғы облыс бюджетін нақтылау кезінде оның шығыс бөлігінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің 2001 жылғы көктемгі егіске тұқымдық астық сатып алуына субсидия бөлу жөніндегі бюджеттік бағдарламаны көздеу;
      2) "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына тұқымдық несие алуға мұқтаж ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) беру ұсынылсын.
      2. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша, Ақмола облысының облыстық бюджетінің шығыс бөлігінде жоғарыда аталған бағдарлама көрсетілген жағдайда, тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарынан Тізбеде көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне 2001 жылғы егіс науқанының мұқтажына 20 000 (жиырма мың) тоннаға дейін тұқымдық астықты, мынадай міндетті қағидаларды:
      1) тұқымдық несиені мақсатты пайдалану және қайтарудың нақты мерзімі мен сыйақы көлемін белгілеу арқылы оның ағымдағы жылғы егіннің астығынан қайтарылуын;
      2) тұқымдық несиені қайтару үшін өз қаражаты жеткіліксіз болған

 

жағдайда, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің заңнамада белгіленген

тәртіппен осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген

субсидияларды алуға міндеттілігін көздей отырып, белгіленген тәртіппен

тиісті келісім-шарт жасасу арқылы тұқымдық қарыз ретінде берсін.

     Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.29. N 529          

              қаулысымен.


P010529_




     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады