"Наурыз" мейрамын тойлауға байланысты Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған
республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасына Қазақстан
Республикасы Парламентінің депутаттарын материалдық ынталандыру үшін 10
000 000 (он миллион) теңге бөлінсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.