Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институтын тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 454 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды таратуды жүзеге асырсын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 6 сәуірдегі
N 454 қаулысымен бекітілген

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.09. 
N 291  қаулысымен .
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.09. 
N 124  қаулысымен .
      3. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат): 
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасында: 
      "Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген жол алынып тасталсын. 
      4. "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" бөлімі және 35-жол алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады