"Қазақ ұлттық музыка академиясына музыкалық аспаптар жеткізіп беру" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне грант беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасында ноталар алмасу нысанында келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 сәуір N 460

      Астана қаласының мәдени объектілерін дамыту және Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақ ұлттық музыка академиясына музыкалық аспаптарды жеткізіп беру" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне грант беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы (бұдан әрі - Келісім) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, оған қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Келісім жасассын.
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан

 

Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша белгіленген

тәртіппен Келісімнің күшіне енуі жөніндегі қажетті мемлекетішілік

рәсімдерді жүргізсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады