"Мұнайконсалтинг" жабық акционерлік қоғамын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 461 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406 Қаулысымен.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда, көмірсутекті шикізатты барлау, әзірлеу және өндіру туралы келісімдерде, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдерде мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Жарғы капиталына мемлекеттің 100% қатысуымен "Мұнайконсалтинг" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің аумағында жеке және заңды тұлғаларға консультациялық қызмет көрсету болып айқындалсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 77 500 (жетпіс жеті мың бес жүз) теңге бөлсін. 
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғамның жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берсiн.
       Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.28. N 702  Қаулысымен .  
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіне: 
      "Астана" деген бөлімде: 
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-10-жолмен толықтырылсын: 
      "21-10 АҚО "Мұнайконсалтинг" ЖАҚ"; 
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:
      "9-1   АҚО      "Мұнайконсалтинг"  ЖАҚ".
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С. Школьникке жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады