Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы облысының әкімшілік
орталығын көшіру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Алматы облысының әкімшілік орталығын
көшіру туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының
9-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Алматы облысының әкімшілік орталығы Алматы қаласынан Талдықорған
қаласына көшірілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының әкімімен
бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті