Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы N 283 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 сәуір N 500. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004.01.29. N 100 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы N 283 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 83-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      5-тармақ "Осы қаулы" деген сөздерден кейін ", Қазақстан  Республикасының тиісті заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдар қолданысқа енгізілгеннен кейін күшіне енетін Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі туралы ереженің 12-тармағының 8) тармақшасынан басқалары," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2001 жылғы 27 ақпаннан бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады