Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 ақпан N 283. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004.01.29. N 100 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 536 Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Агенттiк Төрағасына үш орынбасары, оның ішiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.06. N 981 қаулысымен
      4. Агенттік бір айлық мерзімде белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдар қолданысқа енгізілгеннен кейін күшіне енетін Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі туралы ереженің 12-тармағының 8) тармақшасынан басқалары, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.<*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.16. N 500 қаулысымен .      

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң      
2001 жылғы 27 ақпандағы          
N 283 қаулысымен бекiтiлген        

Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгі туралы
ЕРЕЖЕ

                        1. Жалпы ережелер 

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгі (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржы қызметi саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу мен тергеу бойынша басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте - салааралық үйлестiруді әрi өзге де арнайы атқарушы және рұқсат етушi функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады.
      Агенттiк құқық қорғау органы болып табылады.
      2. Агенттік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, оның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiк мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкiлерде шоттары болады.
      Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Агенттiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
      4. Агенттiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
      5. Агенттiк штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
      Астана қаласы, Абай даңғылы, 37 "А".
      7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Агенттiк қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге Агенттiкке тыйым салынады.
      Егер Агенттiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Агенттiктiң негізгi мiндеттерi, функциялары
және құқықтары

      10. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
      1) экономика және қаржы қызметi саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу;
      2) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету бойынша, оның iшiнде экономика және қаржы қызметi саласында құқық бұзушылықтарды тергеу бойынша, сондай-ақ салықтарды, кеден алымдарын және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi төлеуден жалтаруға, заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражаттарды немесе өзге де мүлiктi заңдастыруға (тазартуға) байланысты қаржы полициясы органдарының тиiмдi iс-қимыл жасауын ұйымдастыру;
      3) экономика және қаржы қызметi саласында құқық бұзушылықтар жасаған немесе соларды жасағанына күдiктi адамдарды іздестiрудi жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетке келтiрiлген зиянды өтеуге шаралар қабылдау;
      4) республикадағы жедел жағдайды талдау және болжау, экономика және қаржы қызметi саласында заңдылықты нығайту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу әрi қаржы полициясы органдарының кiрiсуiн талап ететiн мәселелер бойынша жедел әрекет шараларын қабылдау;
      5) экономикалық және қаржылық қылмысқа қарсы күрес нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, жедел-iздестiру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын айқындауға қатысу;
      6) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша жалпы республикалық және аймақтық жедел-iздестiру мен алдын алу iс-шараларын үйлестiру және жүргiзу, қолда бар күш пен құралдарды қолдану жөнiнде оңтайлы шешiмдер әзiрлеу, бағынышты органдар мен бөлiмшелерге практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету, оң жұмыс тәжiрибесiн қорыту және тарату;
      7) қаржы органдары қызметiнiң қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының салық және кеден органдары қызметiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      8) өз құзыретi шегiнде қаржы полициясы органдары құрылымын жетiлдiру оңтайландыру, қаржы полициясы органдарының қызметтерi мен бөлiмшелерiнiң өз арасындағы және өзге де мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылын жақсарту жөнiнде шаралар әзiрлеу;
      9) өз құзыретi шегiнде қаржы полициясы органдарының қызметiн материалдық-техникалық, қаржылық және кадрлық, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету;
      10) ведомствоға қарасты ұйымдарға, оның iшiнде оқу орындарына жалпы басшылықты жүзеге асыру;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттiкке жүктелген өзге де мiндеттердi орындау.
      11. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары жүйесiне жалпы басшылықты, олармен жедел басқару жүйесiнiң iс-қимыл жасауын қамтамасыз етедi;
      2) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын айқындайды, оларды iске асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;
      3) қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi iске асырады, оларды төмен тұрған қаржы полициясы органдарының атқаруын бақылайды, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгін әлсiрететiн факторларды жоюға бағытталған шараларды жүзеге асырады;
      4) жедел жағдайдың жай-күйi мен болжамын ескере отырып, қаржы полициясы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн зерделеудi және осы қызметтi жетiлдiру жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      5) стратегиялық жоспарларды әзiрлеуге қатысады, iс-шаралардың тактикалық жоспарларын, сондай-ақ өзiне бағынышты органдар мен бөлiмшелердiң, оның ішiнде құрылымдық бөлімшелердің, қызметiн реттейтiн кесiмдер әзiрлейдi;
      6) қаржы полициясы органдарының және оның барлық буынының құрылымын әзiрлейдi, өз құзыретi шегiнде оны жетiлдiредi;
      7) қаржы полициясы органдарының кадрларын iрiктейдi, орналастыруды, оқытуды және тәрбиелеудi ұйымдастырады әрi ведомствоға қарасты оқу орындары қызметiн қамтамасыз етедi;
      8) қаржы полициясы органдары қызметiнiң көкейтестi бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер мен әзiрленiм жүргiзудi ұйымдастырады;
      9) жедел-iздестiру қызметiн, заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражаттар мен өзге де мүлiктi заңдастыруға (тазартуға) қарсы күрестi жүзеге асырады, сондай-ақ көрсетiлген қызметтi Агенттiк аумақтық органдарының жүзеге асыруын ұйымдастыруды қамтамасыз етедi және бақылайды, оларға практикалық әрi әдiстемелiк көмек көрсетедi;
      10) экономика және қаржы қызметi саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен өзара iс-қимыл жасасады, халықаралық ұйымдар қызметiне қатысады;
      11) бөлiнген материалдық ресурстардың және бюджеттiк қаржының мақсатты да тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi, олар бойынша есеп жүргiзу мен есептiлiктi, сондай-ақ қаржы полициясы органдарының қаржы-шаруашылық қызметiне ведомствоiшiлiк бақылауды жүзеге асырады;
      12) республикадағы экономикалық қауiпсiздiктiң жай-күйi және оны нығайту жөнiнде қаржы полициясы органдары қабылдап жатқан шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен мүдделi мемлекеттiк органдарды хабардар етедi;
      13) экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қаржы полициясы органдарын ұйымдық-штаттық, кадрлық және материалдық-техникалық нығайту мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
      14) заңнамамен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Агенттiктiң өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқығы бар:
      1) заңды немесе жеке тұлғаларға орындауы үшiн мiндеттi нұсқама беру;
      2) салықтар төлеуден жалтаруға байланысты қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi негiздер болған ретте, салық органының нұсқамасы негізiнде салық органымен бiрлесiп салық тексерiстерiн жүргiзу;
      3) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұрату және алу;
      4) меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке адамдардан заңнама бұзушылықты жоюды талап ету және оның орындалуын бақылау;
      5) жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды және алдын ала тергеудi жүзеге асыру;
      6) ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметiн жүзеге асыру;
      7) Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң басқа құқық қорғау органдарымен бiрлескен бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      8) әкімшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен көзделген басқа да шаралар қабылдау;
      9) ведомствоға қарасты ұйымдарды, оның iшiнде оқу орындарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша Yкiметке ұсыныстар енгізу;
      10) мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгі мәселелерi және қаржы полициясы органдарының қызметiне қатысты өзге де мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзiрлеуге қатысу;
      11) экономика және қаржы қызметi саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелерi бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын бiлдiру, халықаралық келiсiмдер жасасу;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

                        3. Агенттiк мүлкi

     13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
     14. Агенттiкке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
     15. Агенттiктiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
     Агенттiкке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

                 4. Агенттiк қызметiн ұйымдастыру

      16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      17. Төраға Агенттiк жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербес және Агенттiктiң қызметi үшiн жеке жауапты болады.
      18. Төраға осы мақсатта мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
      1) Агенттiк қызметiне басшылық жасайды;
      2) Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдары мен өзге ұйымдарында Агенттiктiң атынан өкiлдiк етедi;
      3) өз орынбасарларының, сондай-ақ Агенттiк департаменттерi мен өзге де құрылымдық бөлiмшелерi бастықтарының құқықтары мен мiндеттерiн анықтайды;
      4) өз құзыретi шегiнде қаржы полициясы органдарының атқаруы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың атқаруы үшiн мiндеттi кесiмдер шығарады;
      5) өз номенклатурасы бойынша қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүргізедi;
      6) азаматтарды қаржы полициясы органдарының кадр құрамына қабылдайды, оларға қаржы полициясы полковнигiне дейiн қоса алғашқы және келесi арнайы атақтарды бередi;
      7) Қазақстан Республикасының Президентiне қаржы полициясы органдары қызметкерлерiне жоғары басшы құрамның арнайы атақтарын беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
      8) заңнамамен белгiленген тәртiпте қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi, заңнамамен белгiленген тәртiпте оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға және құрметтi атақтарын беруге ұсынады;
      9) заңнамаға сәйкес өз құзыретi шегiнде Агенттiктiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдардың Жарғыларын бекiтедi;
     10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     19. Агенттіктің Төраға жанында консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның саны мен жеке құрамын Агенттік төрағасы бекітеді.    

            5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату     

     20. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады