Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 18 сәуір N 517. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 691 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі  N 691 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы  Заңының N 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қосымшаға сәйкес өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар айқындалсын.

     2. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мемлекеттік органдар бір апта мерзімде Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының тиісті кандидатуралардың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2001 жылғы 18 сәуірдегі   
N 517 қаулысына       
қосымша           

      Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау
           жөніндегі біліктілік комиссиясының
         құрамына енетін мемлекеттік органдар

     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
     Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі <*>
     Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша)

      ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369  қаулысымен .
     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1420  қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады