Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 691 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 517 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 182-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі