"Мәрмәр" акционерлік қоғамының конкурстық мүлкін сатудың ерекше шарттары мен тәртібі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 сәуір N 542

      Аймақ экономикасы үшін үлкен маңызы бар Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Аршалы кентінде орналасқан Вишнев мәрмәр кенішінің Батыс учаскесінде өндірісті қайта жалғастыру қажеттігіне байланысты "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z970067_ 2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Таратылатын "Мәрмәр" акционерлік қоғамының конкурстық мүлкін сатудың:
      1) "Мәрмәр" акционерлік қоғамының конкурстық мүлкін мынадай лоттарға бөліп сатуды:
      бірінші лот - негізгі өндірістік процесте жұмыс істеген технологиялық жабдық;
      екінші лот - негізгі өндірістік процесте жұмыс істемеген технологиялық жабдық;
      үшінші лот - әлеуметтік сала объектілері;
      төртінші лот - басқа мүлік (активтер).
      2) бірінші лотқа енгізілген мүліктерді сату жөніндегі аукционға қатысушының кен өндірістерін пайдалануға лицензиясының болуын көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
      2. Бірінші лотты сатып алушыға бұларды сатып алу-сату шартына енгізу жолымен мынадай қосымша талаптар белгіленсін:
      1) сатып алушының бірінші лотқа енгізілген мүліктерді 3 жыл бойы "Мәрмәр" акционерлік қоғамы жүзеге асырған қызмет бейініне сәйкес пайдалану жөнінде міндеттемелер алуы және бұл үшін қажетті құжаттарды ресімдеуі;
      2) сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін екі күнтізбелік айдан кешіктірмей Вишнев мәрмәр кен орнының Батыс учаскесінде құрылыс тасын өндіруді және оны өңдеуді қайта жалғастыруды заңнамамен белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер қабылдауы;
      3) жабдықтың құнын толық төлегеннен және құрылыс тасын өндіруді қайта жалғастыру үшін қажетті барлық құжатты ресімдегеннен кейін қабылдап алу-тапсыру келісіміне қол қою және меншік құқығын тіркеу.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Ақмола облысының әкімімен бірлесіп бірінші лотқа енгізілген технологиялық жабдықты сатып алу-сату шарты бойынша жаңа меншік иесінің міндеттемелерді орындауына Қазақстан Республикасының заңнамасымен

 

белгіленген тәртіпте бақылау жасауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады