"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 мамыр N 637

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан

Республикасының 


Z980230_


  Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                                   Жоба


                Қазақстан Республикасының Заңы


          "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі

            туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

                      толықтыру енгізу туралы



 
       "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 мамырдағы Z980230_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 7-8, 79-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

 

     3-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

     "7-1) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық

мүлік тізбесін бекітеді, республикалық меншікке жатқызылған акционерлік

қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін қоспағанда, Қазақстан

Республикасы астанасының аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар

акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік етуді, пайдалануды және билік

етуді жүзеге асырады".


     Қазақстан Республикасының

          Президенті




     Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады