Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот сараптамасын
жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
сот сараптамасын жүргізу мәселелері бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізілсін:
1. "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12
қарашадағы Z970188_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат):
1) 10-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Сараптаманы жүргізу мынадай бір жолғы тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы сот сараптамасының органдарында жүргізілетін Заңда айқындалған сараптама түрлерінің тізбесінде көзделмеген сараптама тағайындалған;
2) осы Заңның 27-бабына сәйкес шет мемлекеттің азаматы сарапшы ретінде тартылған;
3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын тиісті
мамандықтары барлық сарапшылардың қарсылық білдіруін қанағаттандырған, не
жалпы алғанда тиісті сот сараптамасы органдарын сараптама жүргізуден
дәлелді түрде шеттеткен жағдайларда тапсырылуы мүмкін".
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздер
"заңмен" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс
жүргізу
Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат, N 10, 244-құжат):
91-бапта:
төртінші бөліктегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын
адамдарға;
3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға
тапсырылуы мүмкін".
алтыншы бөліктегі бірінші сөйлем алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206-І
Қылмыстық іс жүргізу Кодексіне (ҚР Парламентінің Жаршысы, 1997
жыл, N 23, 335-бет; 1998 жыл, N 23, 416-бет; 2000 жыл, N 3-4, 66-бет, N 6,
141-бет; "Казахстанская правда" 20.03.2001 жыл, N 73):
1) 83-баптың 1-бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Заңдарымен"
сөздері "осы кодекстің 243-бабының бірінші бөлігімен" сөздерімен
ауыстырылсын;
2) 243-баптың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот-сараптама органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асырып жүрген
адамдарға;
3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға
тапсырылуы мүмкін".
4. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-ІІ
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, ("Казахстанская
правда", 2001 жылғы 13 ақпан, N 40-41; 2001 жылғы 14-ақпан, N 42-43; 2001
жылғы 15 ақпан N 44-45);
597-баптың 1-тармағындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот-сараптама органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асырып жүрген
адамдарға;
3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға
тапсырылуы мүмкін".
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.