Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы санаторий-курорттық, сауықтыру және туристік мекемелер мен ұйымдарды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 мамыр N 715


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 2000 жылғы 8 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан 
Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 
санаторий-курорттық, сауықтыру және туристік мекемелер мен ұйымдарды 
дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
        Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының
         Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан
          Республикасының Үкіметі арасындағы санаторий-курорттық,
          сауықтыру және туристік мекемелер мен ұйымдарды дамыту
                  саласындағы ынтымақтастық туралы
                            Келісім
     


      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі үш мемлекет қол қойған мәңгілік достық туралы Келісім-шартты басшылыққа ала отырып;
      азаматтардың санаторий-курорттық, сауықтыру және туристік мекемелер мен базаларда аурудың алдын алу және төмендету, ұлт саулығын қалыптастырудағы рөлін назарға ала отырып;
      материалдық-техникалық базаны дамыту және нығайту, сауықтыру мекемелерінің медициналық және мәдени қызмет көрсету деңгейін көтеру үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында;
      санаторий-курорттық емдеу және азаматтарды сауықтыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудегі өзара мүддені ескере отырып;
      төмендегіге келісті:

                               1-бап

      Тараптар санаторий-курорттық, сауықтыру және туристік мекемелер мен ұйымдарда өз мемлекеттерінің азаматтарының денсаулығын нығайту үшін анағұрлым қолайлы жағдайлар жасау, мәдени, табиғи және көз тартатын жерлермен, сондай-ақ тарихи ескерткіштермен және төрт ел халықтарының ұлттық дәстүрлерімен жете танысу мақсатындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.

                               2-бап

      Тараптар санаторий-курорттық емдеуді және демалуды қажет ететін өз мемлекеттері азаматтарымен тең құқылық, өзара тиімділік негізінде алмасу саласында ынтымақтасатын болады.
      Тараптар осындай азаматтар санын көбейту мақсатында кедендік рәсімдерді оңайлату жөніндегі шараларды жүзеге асырады, туристік фирмалар, санаторий-курорттық және басқа сауықтыру мекемелерінің негізінде алмасатын болады.

                               3-бап

      Тараптар азаматтардың демалысы және сауықтыруды ұйымдастырудың барлық

саласындағы тәжірибе алмасуға ықпал етеді, санаторийлар, курорттар, 
демалыс үйлері, пансионаттар, балалардың сауықтыру орталықтары, туристік 
мекемелер мен базалар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
     
                              4-бап
     
     Тараптар санаторий-курорттық емдеу және демалысқа мұқтаж азаматтарды 
тарту үшін, жарнамалық материалдарды жариялау жолымен, ақпараттар алмасу, 
баспа басылымдарымен, көрмелермен, фильмдермен және әртүрлі симпозиумдар 
және семинарлар өткізумен сауықтыру мекемелері туралы ақпараттар таратуға 
ықпал етеді.
     
                              5-бап
     


      Тараптар өздерінің заңдарына сәйкес өздерінің мүдделі органдары арқылы барлық емдеу-сауықтыру және туристік мекемелердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсартуды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

                               6-бап

      Тараптар санаторий, курорттар, демалыс үйлері, пансионаттар, балалар сауықтыру мекемелерінің қызметшілерін оқытуда өзара көмек көрсетеді, мамандармен алмасуға жәрдемдеседі, тиісті ведомстволар мен мүдделі ұйымдарға санаторий-курорттық емдеу, азаматтардың демалысы мен сауықтыруын

ұйымдастыру саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және 
бірлескен кәсіпорындар құруға ықпал етеді.
     
                              7-бап
     
     Тараптар тиісті мүдделі органдар арқылы ынтымақтастық туралы, 
халықаралық сауықтыру ұйымдарының ынтымақтастық қызметі жөніндегі жұмыс 
тәжірибесі туралы пікірлер алмасуды жүзеге асырады.
     
                              8-бап
     
     Тараптар бұдан әрі санаторий-курорттық, сауықтыру және туристік 
кешенді өзара тиімділікте дамыту үшін бірлескен кәсіпорындар құруға 
жәрдемдеседі.
     
                               9-бап
     
     Азаматтардың демалуы және сауығуы жөніндегі көрсетілген қызметке 
өзара есептесу Тараптардың заңдарына сәйкес Тараптардың мүдделі 
субъектілері арасындағы келісім-шарт негізінде жүргізіледі.
     
                              10-бап
     
     Тараптар, өзінің құзыреті шегінде осы Келісімді іске асыру үшін өзара 
қолданылатын экономикалық және құқықтық қолайлы жағдайлар жасауға 
міндеттенеді.
     
                              11-бап
     
     Осы Келісімді қолдану және түсіндіру негізінде туындаған барлық 
мәселелер Тараптар арасындағы кеңесу және келіссөздер жолымен шешіледі.
     
                              12-бап
     
     Осы Келісім Тараптардың басқа халықаралық келісім-шарттардан 
туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
     
                              13-бап
     
     Осы Келісім Тараптардың өзара келісуі бойынша Келісімнің ажырамас 
бөлігі болып табылатын және 14-баптың ережелеріне сәйкес күшіне енгеннен 
кейін ресімделетін Хаттамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі 
мүмкін.
     
                              14-бап
     


      Осы Келісім оның күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы депозитарийдің соңғы хабарлама алған күнінен бастап, күшіне енеді.
      Осы Келісім бес жыл бойы жүргізіледі және Тараптар басқаша шешім қабылдамаса, кейінгі бес жылдық кезеңге өздігінен ұзартылады.
      Тараптардың әрқайсысы депозитарийға жазбаша хабарлау арқылы осы Келісімнен шыға алады. Бұл жағдайда Келісім депозитарий хабарлама алған күннен бастап, осы Тарап үшін депозитарийдің жазбаша хабарлау алғанынан кейінгі алты ай өткен соң келесі айдың бірінші күнінен бастап күшін жояды.

     Астана қаласында 2000 жылғы 8 маусымда орыс тілінде бір түпнұсқалық 
данада жасалды.
     Түпнұсқалық дана Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, 
Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық 
Кеңесінің Атқару комитетінде сақталады, ол қатысушы-мемлекеттің 
әрқайсысына оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
     
     Қазақстан      Қырғыз         Тәжікстан      Өзбекстан
     Республикасы   Республикасы   Республикасы   Республикасы
     Үкіметі үшін   Үкіметі үшін   Үкіметі үшін   Үкіметі үшін
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады