Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 мамыр N 745. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.08.17. N 1080 қаулысымен. ~P011080

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де көлденең шығыстарға көзделген резервінен "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының аэровокзал ғимаратын қайта жаңарту бойынша орындалған жұмыстар үшін берешегін өтеуге 2150000 (екі

 

миллион жүз елу мың) АҚШ долларына балама сома бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген

тәртіппен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге

асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады