Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы қылмыспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 маусым N 764 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.15. N 523 қаулысымен. ~P020523

      Құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді жақсарту, қылмыспен күрес жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы қылмыспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін:
      1) Комиссия құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже.
      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс

 

және құқық тәртібі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

     4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы қаулыдан

туындайтын ұйымдық шараларды қабылдасын, оның ішінде Қорғаныс және құқық

тәртібі бөлімінің штат санын бес бірлікке көбейту жөнінде ұсыныс енгізсін.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                           Қазақстан Республикасы

                                               Үкіметінің

                                           2001 жылғы 7 маусымдағы

                                           N 764 қаулысымен

                                                 бекітілген


         Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы

          қылмыспен күрес жөніндегі ведомствоаралық

                    комиссияның құрамы


     Тоқаев                     - Қазақстан Республикасының Премьер-

     Қасымжомарт Кемелұлы         Министрі, комиссия төрағасы


     Қыдырбаев                  - Қазақстан Республикасы

     Аманбек Райқұлұлы            Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Қорғаныс    

                                  және құқықтық тәртiп бөлiмінiң          

                                  меңгерушiсi, хатшы




                  Комиссия мүшелері:


     Ысқақов                    - Қазақстан Республикасының Ішкі істер

     Болат Ғазизұлы               министрі - Ішкі әскер қолбасшысы


     Рогов                      - Қазақстан Республикасының Әділет

     Игорь Иванович               министрі


     Тұрысбеков                 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

     Зауытбек Қауысбекұлы         қызмет істері жөніндегі агенттігінің

                                  төрағасы


     Әбілхатаев                 - Қазақстан Республикасының Президенті

     Марат Кәрімұлы               Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімі

                                  меңгерушісінің орынбасары (келісім

                                  бойынша)


     Жұмабеков                  - Қазақстан Республикасы Бас

     Оңалсын Исламұлы             Прокурорының бірінші орынбасары

                                  (келісім бойынша)


     Нүкенов                    - Қазақстан Республикасының

     Маратқали Ордабайұлы         Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден

                                  комитетінің төрағасы


     Тiлеубердин               - Қазақстан Республикасының

     Алтай Абылайұлы             Премьер-Министрi Кеңсесiнiң

                                 Басшысы




     Бұлғақбаев                - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Болатбек Ақылбайұлы         полициясы агенттiгiнiң төрағасы




     Дүтбаев                   - Қазақстан Республикасының

     Нартай Нұртайұлы            Ұлттық қауiпсiздiк комитетi

                                 төрағасының бiрiншi орынбасары

                                 (келiсiм бойынша)



     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.21. N 1502            

              қаулысымен. 


P011502_




                                         Қазақстан Республикасы

                                               Үкіметінің

                                        2001 жылғы 7 маусымдағы

                                           N 764 қаулысымен

                                               бекітілген


           Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы

            Қылмыспен күрес жөніндегі ведомствоаралық

                      комиссия туралы ереже


                       1. Жалпы ережелер


     1. Қылмыспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі -

Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан

Республикасының Премьер-Министрі тікелей басқаратын

консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

     2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен

заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін,

өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа

алады.


                 2. Комиссияның негізгі міндеттері


     3. Комиссияның негізгі міндеттері:


 
       1) қылмыспен күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, қылмыспен күресті күшейтуге, оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастыру шараларын қабылдау жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
      2) қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      4) мемлекеттік органдардың қылмыспен күрес мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді орындауын бақылауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының Президентін қылмыспен күрестің жай-күйі туралы хабардар ету және осы жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады.
 
                   3. Комиссияның негізгі функциялары
 
      4. Комиссия оған жүктелген міндеттерге сәйкес:
      1) қылмыспен күрес мәселелері жөніндегі құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар қызметінің практикасын зерделейді, осы қызметтің негізгі бағыттарын әзірлейді;
      2) қылмыспен күрес мәселелері жөніндегі құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдардан өз құзыреті шегінде сұратады;
      3) құқық бұзушылықпен күрес, оны жетілдіруге, бағытталған шаралар мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдайды;
      4) қылмыспен күрестің проблемалық мәселелерін қарайды, оларды шешу жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
      5) Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың жағдайын талдайды, қылмыспен күрестің, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау, республикада қылмыстылыққа ықпал етіп себептер мен жағдайларды жою бойынша кешенді іс-шараларды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      6) қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      7) қылмыспен күрес және құқық бұзушылықпен күресті күшейтуге бағытталған шараларды іске асыру мәселелері жөніндегі заңнаманы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері мен тапсырмаларын олардың орындалуы бөлігінде құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарды тексеруді жүргізу жөнінде жұмыс топтарын ұйымдастыру туралы ұсыныстар әзірлейді;
      8) қылмыспен күрес саласындағы шетелдік тәжірибені зерделеуді ұйымдастырады және оны Қазақстан Республикасында енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
      9) оның құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді қарайды.
 
                      4. Комиссияның құқықтары
 
      5. Комиссия оған жүктелген міндеттер мен өз функцияларын іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне қылмыспен күрес мәселелері жөнінде ұсыныстар беруге;
      2) қылмыспен күрес мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар дайындаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, өзге де құжаттардың жобаларын қарауға;
      3) қылмыспен күрестің халықаралық ынтымақтастығы мәселелерін қарауға қатысуға;
      4) қаралатын мәселелер бойынша ұсынымдық сипатқа ие және хаттамамен ресімделетін шешімдерді өз құзыреті шегінде қабылдауға;
      5) қылмыспен күрес проблемаларын талдау мен зерделеу үшін қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға;
      6) қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі заңдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін олардың орындауы туралы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан ақпарат сұратуға;
      7) мыналар:
      қылмыспен күрес мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің орындалуын қамтамасыз етпеген құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар басшылары мен лауазымды адамдардың жауапкершілігі туралы;
      құқық қорғау органдарының құрылымын жетілдіру және оңтайландыру, олардың қызметінің басым бағыттарын айқындау жөнінде;
      қылмыспен күрес және оның тиімділігін арттырумен байланысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау жөнінде;
      қылмыспен күрес саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарын жүзеге асыруға құқылы.
 
                5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
 
      6. Комиссияға басшылық жасауды оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады.
      7. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Комиссияның мүшелері мәжіліске ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      8. Комиссияның мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда, кемінде айына бір рет өткізіледі.
      9. Комиссияның жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
      10. Мәжілістің күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша шешімдер ашық дауыспен қабылданады және егер, оған Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      11. Комиссияның шешімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің,

 

Премьер-Министрінің, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік

органдарының кесімдерін шығару арқылы іске асырылады.

     12. Комиссия мәжілістерінің хаттамаларын оның жұмыс органы дайындайды

және қол қойылғаннан кейін барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де

ұйымдарға жіберіледі.

     13. Комиссияның жұмыс органы Комиссия мәжілістерінің күн тәртібі

бойынша ұсыныстар мен қажетті материалдарды дайындайды және белгіленген

тәртіппен Комиссия қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылаудың жүзеге

асырылуын қамтамасыз етеді.




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады