Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 27 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 маусым N 770

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 27 P960027_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 2, 9-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар

 

министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Инфракос" республикалық мемлекеттік

кәсіпорнының уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік

құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган болып

белгіленсін.";

     2) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

     "3-1. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына

"Инфракос-Экос" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат берілсін".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады