Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасында "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетiнiң Египет университетi туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 маусым N 830

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетiнiң Египет университетi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедке Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетiнiң Египет университетi туралы келiсімге қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, оны жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

жоба

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетiнiң Египет университетi туралы келiсiм

(2004 жылғы 11 ақпанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi,
      екi ел халықтарының арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды негiзге ала отырып,
      екi ел арасындағы достық қатынастарды нығайту мен дамытуға тiлек бiлдiре отырып,
      екi халықтың рухани және мәдени мұраларын зерттеуге қолайлы жағдай туғызуға ұмтыла отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Египет тарабы өз қаражаты есебiнен Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) бұдан әрi "Университет" деп аталатын "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетiнiң Египет университетiнiң құрылысын жүзеге асырады.
      Университет мүлiктiк кешен ретiнде осы Келiсiмге қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес ғимараттардан, құрылыстардан, жабдықтар мен Университеттiң жұмыс істеуі үшiн қажет өзге де мүлiктерден тұрады.
      Университет құрылысы аяқталғаннан кейiн және оны Египет тарабы жабдықтаған соң, ол осы Келiсiм ережелерiне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына сый ретiнде берiледi.

2-бап

      Университет заңды тұлға мәртебесi бар мемлекеттiк емес оқу орны болып табылады және өз қызметiн осы Келiсiм ережелерiне, Университет Жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Тараптар Университеттiң мүлiк кешенi мен барлық материалдық және санаткерлiк меншiгi оның жеке меншiгi болып табылатындығына және Университет Жарғысында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылмайтындығына келiстi.

3-бап

      Университеттiң қызметiн қаржыландыруды оның Құрылтайшылары жүзеге асырады, оларды Тараптар төмендегiдей түрде белгiлейдi:
      Египет тарабы өзi тағайындайтын оқытушылар құрамына және басқа да қызметкерлерге еңбекақы төлеудi қамтамасыз етедi.
      Қазақстан тарабы өзi тағайындайтын қызметкерлерге еңбекақы төлеудi қамтамасыз етедi.
      Қазақстан тарабы, инженерлiк коммуникацияларды (электр-жылу-сумен жабдықтау, кәрiз) пайдалануға және ғимараттарды күтiп-ұстауға байланысты шығыстарды өтеудi қамтамасыз етедi.

4-бап

      Университет Қазақстан Республикасында қабылданған бiлiм стандарттарына, сондай-ақ осы Келiсiм ережелерiне сәйкес оқу жоспарларын, оқыту бағдарламалары мен әдiстемелерiн әзiрлейдi.

5-бап

      Жалпы басшылық жасау мен Университет қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Тараптар Қамқоршылық Кеңесiн құрады. Қамқоршылық Кеңесiнiң құзыретiне Университеттiң қаржы, мәдени және бiлiм беру саясатын қалыптастыру мәселелерi енедi. Қамқоршылық Кеңесi қызметке тағайындау және қызмет мерзiмiнiң аяқталуының шарттары мен ережелерiн, Университеттiң оқытушы және техникалық персоналы мүшелерiне екi елде де қабылданған заңдар мен ережелерге сәйкес еңбекақы мөлшерiн анықтайтын Университеттiң Жарғысын әзiрлейдi. Қамқоршылық Кеңесi оқыту әдiстемесiн, Университеттiң ішкi күн тәртiбiн, дипломдар берудiң және ғылыми дәрежелер мен атақтарды тағайындаудың, оларды Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес келтiрудiң ережелерiн, Университет қызметi үшiн қажет қаржыландыру жолдары мен қаржы бөлу нысандарын анықтайды, сондай-ақ Университет бюджетiн дайындаудың стратегиясын әзiрлейдi және оны бекiтедi.

6-бап

      Қамқоршылар кеңесi төмендегiдей жолмен құралады:
      Қазақстан Республикасы тарабынан:
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi - тең төраға;
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi - мүше;
      3. Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының Бас Мүфтиi - мүше;
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрi - мүше;
      5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес хатшылығының басшысы - мүше;
      6. Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң ректоры - мүше;
      7. Абылайхан атындағы Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi және халықаралық қатынастар университетiнiң ректоры - мүше;
      8. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi - мүше.
      Египет Араб Республикасы тарабынан:
       1. Египет Араб Республикасының Уақуфтар министрi - тең төраға;
      2. Египет Араб Республикасының Мүфтиi - мүше;
      3. "Әл Азхар" университетiнiң ректоры - мүше;
      4. Әл Азхардың өкiлi - мүше;
      5. Каир университетiнiң ректоры - мүше;
      6. Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi - мүше;
      7-8. Египет Араб Республикасы Уақуфтар министрiнiң ұйғарымына қарай
      екi көрнектi қоғам қайраткерi - мүшелер.

7-бап

      Университет ректорын және проректорын Университет Жарғысымен белгiленетiн мерзiмге Қамқоршылар кеңесi тағайындайды.
      Университет ректоры болып Египет Араб Республикасының азаматы, проректоры болып - Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.

8-бап

      Қазақстан тарабы Университеттiң египеттiк оқытушылары мен техникалық персоналын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық қорғауды қамтамасыз етедi.

9-бап

      Университеттiң египеттiк оқытушылары және техникалық персоналы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi келiп-кету визалық алымдарын, тұрмыстық жабдықтар мен жеке қолданыстағы басқа да заттарды әкелу/әкетуге кеден баждары мен салықтарын төлеуден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босатылады.
      Египет Араб Республикасы азаматтарының қатарынан египет тарабы тағайындайтын Университеттiң оқытушы және техникалық персоналының еңбекақысы және Университеттiң жарғылық қызметiне грант қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын басқа да ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасында төлем көздерiнен ұсталатын жеке тұлғалардың табыс салығын төлеуден босатылады.

10-бап

      Египеттiк оқытушы және техникалық персонал мүшелерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттенедi.

11-бап

      Қазақстан тарабы египеттiк оқытушы және техникалық персоналға және олардың отбасы мүшелерiне Египет тарабы есебiнен Қазақстан Республикасында тұрғын үй таңдауға және жалға алуға көмек көрсетедi, сондай-ақ египеттiк персоналға Қазақстан Республикасының осындай санаттағы азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген шарттармен медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi.

12-бап

      Тараптар өкiлеттiк мерзiмi үш жыл және Университет Жарғысына сәйкес оны жаңарту мүмкiндiгi бар Университет Кеңесiн құруға келiстi.

13-бап

      Осы Келiсiм ережелерiн қолдануда немесе түсiндiруде әлде бiр келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер, достық түсiнiстiк немесе өздерi уағдаласқан басқа да тәсiлдермен шешетiн болады.

14-бап

      Осы Келiсім оның күшiне енуi үшiн қажеттi Тараптардың мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандары туралы соңғы жазбаша хабарламалары алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Келiсiм шектеусiз кезеңге жасалады және оған осы Келiсiмге жасалғандай мемлекетiшiлiк рәсiмдер жүргiзiлетiн әрi оның ажырамас бөлiктерi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

15-бап

      Келiсiм бойынша қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi жүргiзуге және оның заңды күшiне енуiне дейiн, оқу процесiн 2001-2002 оқу жылында бастау үшiн, Тараптардың әрқайсысы Келiсiмге қол қойылған сәттен бастап, осы Келiсiмнiң 1 және 3-баптарында көзделген өз мiндеттемелерiн орындауға келiстi.
      ____________ қаласында 2001 жылғы "___"__________ әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды әрi барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының                   Египет Араб
           Yкiметi үшiн                   Республикасының Yкiметi
                                                    үшiн

      Мамандар:
      Багарова Ж.А.
      Жұманазарова А.Б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады