Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Ұйғыр мемлекеттік республикалық музыкалық комедия театрының ғимаратында жүргізілетін құрылыс жұмыстарын қаржыландыру үшін 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан
Республикасы Үкіметінің резервінен 30000000 (отыз миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген
тәртіппен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге
асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.