2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру және қазақстан-литва ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша) және мүдделi ұйымдары (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген іс-шараларды iске асыру жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда кемiнде бiр рет Қазақстан Республикасының Yкiметiн Жоспардың орындалу барысы туралы хабардар етсiн.<*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.06. N 936 қаулысымен .
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 839 қаулысымен
бекітілген
2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында (Литва Республикасы) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық
қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында
қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды
iске асыру жөнiндегi іс-шаралар
Жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.06. N 936 қаулысымен .
--------------------------------------------------------------------
Р/с! Іс-шара ! Орындалу ! Орындалуына жауаптылар
N ! ! мерзімі !
--------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
--------------------------------------------------------------------
1 Шарттық-құқықтық негiздi
жетiлдiру:
Мынадай құжаттардың жобаларын
қол қоюға дайындау:
1) Шағын және орта бизнес 2001 жылғы Қазақстан Республикасының
саласындағы ынтымақтастық туралы IV тоқсан Табиғи монополияларды
Қазақстан Республикасының реттеу, бәсекелестікті
Yкiметi мен Литва Республикасының қорғау және шағын бизнесті
Үкiметi арасындағы хаттама қолдау жөніндегі агенттігі
2) Қазақстан Республикасы мен -//- Қазақстан Республикасының
Литва Республикасының арасындағы Энергетика және
мұнай мен газ өнеркәсiбiндегi минералдық ресурстар
ынтымақтастық туралы меморандум министрлігі, "Мұнай мен
Газ Көлігі" Ұлттық
компаниясы" ЖАҚ
(келісім бойынша)
2 Ақпараттық және консультациялық Тұрақты
ынтымақтастықты, тәжiрибе негізде
алмасуды дамыту:
1) Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiру Индустрия және сауда
мәселелерi бойынша; министрлігі
2) стандарттау, метрология және Қазақстан Республикасы
сертификаттау саласында; Индустрия және сауда
министрлігінің
Стандарттау, метрология
және сертификаттау
жөніндегі комитеті,
3) салық және кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының
мәселелерi бойынша Қаржы министрлігі,
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігi,
Қазақстан Республикасының
Экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмысқа қарсы
күрес жөнiндегi агенттігi
(қаржы полициясы)
3 Екi жақты сауда-экономикалық Тұрақты Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық көрмелерiн, негізде Индустрия және сауда
жәрмеңкелерiн, миссияларын министрлігі, Қазақстан
және басқа да нысандарын өткiзу Республикасының Табиғи
жөнiндегi жұмысты жалғастыру. монополияларды реттеу
"Қазақстан-литва ынтымақтастығы және бәсекелестікті қорғау
көшбасшысы" жүлдесiн тағайындау жөніндегі агенттігі,
мүмкiндiгiн қарау Астана қаласының әкімі,
Алматы қаласының әкімі,
Қазақстан Республикасы
Сауда-өнеркәсіп
палаталарының одағы
(келісім бойынша),
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
4 Көлiк саласындағы 2001 жыл Қазақстан Республикасының
ынтымақтастықты жандандыру: ішінде Көлік және коммуникациялар
министрлігі, "Қазақстан
1) Клайпеда портында темір жолы" РМК (келісім
бiрлескен тиеу-түсiру және бойынша), "Ақтау теңіз
көлiк-экспедициялық сауда порты" РМК (келісім
кәсiпорындар құру туралы бойынша), Қазақстан
мәселенi пысықтау; Республикасының Сыртқы
2) бiрлескен жұмысты істер министрлігі
жалғастыру мақсатында
Клайпеда теңіз портының
қатысуымен екi ел темiр жол
әкiмшiлiктерi арасында
екi жақты жұмыс тобын құру
жөнiнде жұмыс жүргiзу:
- Литва Республикасының
порттық құрылымдарын
пайдалана отырып,
қазақстандық экспорттық-
импорттық жүктерді
тасымалдаудың бәсекелес
қабiлеттi жағдайларын
қалыптастыру жөнінде,
- қазақстан жүктерiн еуропа
елдерiне және кейiн қарай
Клайпеда халықаралық паром
өткелi арқылы пароммен артық
салмақсыз темiр жол
вагондарымен тасымалдау
көлемдерiн өсiру, еуропа
елдерiне, басқа елдерге және
кейiн қарай олардан қазақстан
жүктерi бар контейнерлердiң
транзитi үшiн Клайпеда
контейнер терминалын
пайдалану мүмкіндіктерiн
қарау жөнінде;
3) Қазақстан Республикасының
аумағында бiрлескен жол -
құрылыс кәсiпорындарын құру
мүмкiндiгiн қарау;
4) Клайпеда портын пайдалана
отырып Трансазия темiр жолы
магистралының Солтүстiк дәлiзi
бағытының құрамына қосу
туралы мәселенi пысықтау;
5) екi ел арасында әуе
қатынасын жаңғырту жөнiндегi
жұмысты жандандыру;
6) бiрлескен автокөлiк
компанияларын құруға жәрдем
көрсету;
Автомобиль көлiгi жөнiндегi
аралас екi жақты комиссия
шеңберiнде екi ел арасындағы
халықаралық тасымалдар
бойынша рұқсатқа квотаны
өсіру мүмкіндігін қарау;
7) транссiбiр тасымалдары Тұрақты -//-
бойынша Үйлестiру Комитетiндегi негізде
бiрлескен қызметтi үйлестiру
жөнiнде жұмыс жүргізу;
5 Мұнайгаз секторы саласындағы
ынтымақтастықты дамытуды
жалғастыру:
1) транзиттiк квоталар және 2001 жылғы Қазақстан Республикасының
тарифтер мәселелерiн келiсу IV тоқсан Энергетика және
жөнiнде Қазақстан Республикасы, минералдық ресурстар
Ресей Федерациясы және Литва министрлігі, "Мұнай мен
Республикасы арасында үш жақты Газ Көлігі" Ұлттық
келiссөздер жүргiзу; компаниясы" ЖАҚ (келісім
бойынша), Қазақстан
Республикасының Сыртқы
істер министрлігі
2) табиғи және сығымдалған
газ беру жөнiнде Қазақстан мен
Литва компаниялары арасындағы
ынтымақтастықты дамытуға жәрдем
көрсету; 2001 жыл -//-
3) Клайпеда теңiз портында ішінде
сығымдалған газды қайта тиеу
жөнiндегi терминалдың бiрлескен
құрылысына қатысу мүмкiндiгiн
қарау
6 Туризм саласындағы Тұрақты Қазақстан Республикасының
ынтымақтастықты жалғастыру: негізде Туризм және спорт
1) Қазақстан Республикасында жөніндегі агенттігі
және Литва Республикасында
туристiк ақпараттық өкiлдiктер
ашу жөнiнде тәжiрибе алмасу
мәселесiн пысықтау;
2) туризм саласын жетiлдiру
үшін кадрлар даярлау және қайта
даярлауда, Қазақстан
Республикасының туристiк
инфрақұрылымын дамытуға
инвестициялар тартуда екi жақты
ынтымақтастықты дамыту; 2001 жыл
3) Қазақстан Республикасы ішінде
Yкiметiнiң 2000 жылғы 12
тамыздағы N 1248
қаулысымен бекiтiлген, Литва
Республикасының Мемлекеттiк
туризм департаментiмен бiрлесiп
Туризм саласындағы
ынтымақтастық туралы Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен
Литва Республикасының Үкiметi
арасындағы келiсiмдi iске асыру
жөнiндегi кешендi iс-шаралар
жоспарын әзiрлеу
7 Шағын және орта бизнес аясында, Тұрақты Қазақстан Республикасының
сондай-ақ жиһаз және ағаш өңдеу негізде Табиғи монополияларды
өнеркәсібі саласындағы реттеу және бәсекелестікті
ынтымақтастықты дамыту. қорғау жөніндегі агенттігі,
Қазақстанда жиhаз өндiрiсi Индустрия және сауда
жөнінде бірлескен кәсiпорын министрлігі,
құруға ықпал жасау Сыртқы істер министрлігі
8 Ауыл шаруашылығы саласында, Тұрақты Қазақстан Республикасының
оның ішінде мынадай мәселелер негізде Ауыл шаруашылығы
бойынша ынтымақтастықты министрлігі
жандандыру:
1) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
қайта өңдеу,
2) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
өзара тиiмдi экспорттық беру,
3) асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамыту,
4) инвестициялар тарту және
бiрлескен кәсiпорындар құру,
5) тәжiрибе және ақпараттық
материалдар алмасу
9 Қазақстан және литва 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
кәсiпорындары арасындағы мамыр Экономика және сауда
берешектердi реттеу жөнiндегi министрлігі (шақыру),
жұмысты жалғастыру Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі,
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі,
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс
министрлігі, Қазақстан
Республикасының Энергетика
және минералдық ресурстар
министрлігі, Қазақстан
Республикасының Көлік және
коммуникациялар
министрлігі, Қазақстан
Республикасының Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру
комитеті, "Кәсіпорындарды
қайта ұйымдастыру және жою
жөніндегі агенттігі" ААҚ
(келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы мен 2001 жыл Қазақстан Республикасының
Литва Республикасы арасындағы ішінде Ұлттық Банкі
1992 жылғы сауда-экономикалық (келісім бойынша)
қатынастардың нәтижелерi
бойынша берешектердi реттеу
мүмкiндігін қарау
(корреспонденттік есеп-шотқа
көшкенге дейiн)
10 Сауда-экономикалық Жарты Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi жылдықта Индустрия және сауда
үкiметаралық қазақстан-литва бір рет министрлігі (шақыру),
комиссиясы екiншi мәжiлісінің Қазақстан Республикасының
хаттамасын iске асыру Көлік және коммуникациялар
жөніндегі жұмыс нәтижелерi министрлігі, Қазақстан
туралы ақпарат беру Республикасының Энергетика
және минералдық ресурстар
министрлігі, Қазақстан
Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі,
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі,
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгі,
Қазақстан Республикасының
Экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмысқа қарсы
күрес жөнiндегі агенттiгi
(қаржы полициясы),
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестiктi
қорғау жөнiндегі агенттігі,
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт
жөніндегі агенттігі,
Астана қаласының әкімі,
Алматы қаласының әкімі,
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі (келісім
бойынша), "Мұнай мен Газ
Көлігі" Ұлттық компаниясы"
ЖАҚ (келісім бойынша),
"Қазақстан темір жолы" РМК
(келісім бойынша),
"Ақтау теңіз сауда порты"
РМК (келісім бойынша),
Қазақстан Республикасы
Сауда-өнеркәсіп
палаталарының одағы
(келісім бойынша)
11 Қазақстан Республикасында 2002 жыл Қазақстан Республикасының
Сауда-экономикалық Экономика және сауда
ынтымақтастық жөніндегі министрлігі, Қазақстан
үкіметаралық қазақстан-литва Республикасының Сыртқы
комиссиясының үшінші істер министрлігі
мәжілісін өткізу
---------------------------------------------------------------------------