"Менің Қазақстаным" арнайы поезының мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 маусым N 854

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi:
      1) Қосымшаға сәйкес "Менiң Қазақстаным" Арнайы поезын (бұдан әрi - Арнайы поезды) жолға шығаруды ұйымдастырсын;
      2) Арнайы поезд жұмысының бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi арнайы темiр жол құрамын бөлудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi халық арасында консультациялық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн Арнайы поезд жұмысына бiлiктi мамандардың қатысуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi халыққа медициналық консультация мен көмек көрсету үшiн Арнайы поезд жұмысына бiлiктi медициналық бригаданың қатысуын қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi Арнайы поездың жол жүру бағытында қоғамдық тәртiптi қорғауды қамтамасыз етсiн.
      6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Арнайы поездың іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Арнайы

 

поезды жолға шығару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге

62 000 000 (алпыс екі миллион) теңге бөлінсін.

     8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген

тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге

асырсын.

     9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                          Қазақстан Республикасы

                                          Үкіметінің

                                          2001 жылғы 23 маусымдағы

                                          N 854 қаулысына

                                          қосымша


        "Менің Қазақстаным" арнайы поезының жол жүру кестесі


     _________________________________________________________________

          Бағыт         !          Өткізу уақыты

     _________________________________________________________________

      батыс                2001 жылғы мамыр - маусым

     _________________________________________________________________

      солтүстік            2001 жылғы маусым - шілде

     _________________________________________________________________

      шығыс                2001 жылғы шілде - тамыз

     _________________________________________________________________

      оңтүстік             2001 жылғы қараша

     _________________________________________________________________



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады