Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1150
Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан
Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы
5 наурыздағы N 1150 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999
жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
Ұлттық олимпиадалық комитеті туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1150
Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 8, 90-құжат) күші
жойылды деп танылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.