"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 маусым N 899

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық  кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжат; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжат; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжат; N 23, 916-құжат; 2002 жылғы 12 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 2 наурыздағы  Заңы ): 
      1) 105-баптың 2-тармағындағы "егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе" деген сөздер "егер заң актiлерiнде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 139-бапта:
      3-тармақта:
      "құрылтайшылар" деген сөз алынып тасталсын;
      "қадағалау кеңесiнiң" деген сөздер "директорлар кеңесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Алтын акциямен" куәландырылған вето салу құқығы беруге жатпайды." деген сөздермен толықтырылсын:
      3) 192-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрiнен екiншi түрiне беру Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.";
      4) 200-бапта:
      1-тармақта:
      "мемлекеттiк органның" деген сөздерден кейiн "жазбаша" деген сөздермен толықтырылсын;
      "кәсiпкерлiк қызметтiң мына түрлерiн жасауға" деген сөздер алынып тасталсын;
      1) тармақшада:
      "сатуға және беруге, айырбастауға" деген сөздер "шеттетуге немесе өзге әдiстермен билiк етуге (осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қорларын" деген сөз "құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) оған тиесiлi акцияларға (осы бапта белгiленген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) заемдар беруге құқығы жоқ.";
      2-тармақта:
      "қорларға" деген сөз "құралдарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсіпорынның негізгі құралдарына жататын мүлiктi, сондай-ақ оған тиесілi акцияларды сатуға және оған қатысты сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ.";
      5) 206-бапта:
      2-тармақта: 
      "билiк етуге" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ дебиторлық берешекті осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда есептен шығаруға," деген сөздермен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: 
      "3. Қазыналық кәсіпорын оның негізгі құралдарына жататын мүлікті сатуға және оған қатысты сыйға беру мәмілелерін жасасуға құқығы жоқ."; 
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығында (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 910, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; N 22, 789-құжат; 1999 ж., N 23, 916-құжат; 2001 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 мамырдағы  Заңы ): 
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) кiрiспе алынып тасталсын; 
      3) мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3-бап. Мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығын жүзеге асыру 
      1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын республикалық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге Қазақстан Республикасы Yкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) орындайды. 
      Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар мен Қазақстан Республикасының Yкiметi сол үшiн уәкiлдiк берген өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттік басқару органдары) болып табылады. 
      2. Коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарына қатысты функцияларын тиiсті аумақтық бiрліктiң әкiмшiлiгi (бұдан әрi - уәкілдi орган) жүзеге асырады. 
      Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмшiлігi не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, әкiмшiлiк уәкiлдiк берген атқарушы орган (бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органы) болып табылады."; 
      5) 6-бапта "(уәкiлдi органы)", "(уәкiлдi органы)", "(уәкiлдi орган)" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк басқару органының ұсынуы бойынша", "және мемлекеттiк басқару органы", "кәсiпорын мен мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен толықтырылсын; 
      6) 8-бапта: 
      1-тармақта: 
      бiрiншi бөлiк "(уәкiлдi органы)" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк басқару органының ұсынуы бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын; 
      екiншi бөлiктегi "оның құрылтайшысы (уәкілді органы)" деген сөздер алынып тасталсын; 
      7) 9-бапта: 
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы мынадай өкiлеттiктерге ие: 
      1) мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын айқындау; 
      2) мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштердi, оларды берудiң мерзiмдiлiгi мен тәртiбiн қарау және бекiту; 
      3) уәкілдi органға тиiстi есептi мерзiмдi ұсына отырып, мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылау және талдау; 
      4) мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң жекелеген мәселелерiн реттейтiн iшкi құжаттарды бекiту; 
      5) Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және олардың конкурстық iрiктеуiн өткiзу; 
      6) мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң сақталуына және мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру; 
      7) осы Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен оның құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау."; 
      2-тармақтағы: 
      "оның уәкілдi органы тағайындайтын және оған есеп беретiн кәсiпорынның" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органына есеп беретiн" деген сөздермен ауыстырылсын;"; 
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3. Мемлекеттік басқару органы кәсіпорынның басшысымен қарым-қатынасы жеке еңбек шарты арқылы ресімдейді. 
      Жеке еңбек шартында кәсіпорын басшысының құқығы, міндеті мен жауапкершілігі, оның ішінде таза табыстың белгіленген бөлігін мемлекеттік бюджетке уақытылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді табыс етпегені үшін, оның еңбек ету жағдайы, демалуы және материалдық жағынан қамтамасыз етілуі, жеке еңбек шартының мерзімі және заңдарда көзделген кепілдіктер ескеріле отырып атқаратын қызметінен босату негіздері белгіленеді."; 
      4-тармақ "меншiк иесiнiң" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк басқару органының" деген сөздермен толықтырылсын; 
      6-тармақ "кәсiпорынның мүлкiне" деген сөздердiң алдынан "осы Заңда белгiленген шекте" деген сөздермен толықтырылсын; 
      7-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "уәкілдi орган" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      8-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегi "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      8) 10-бапта: 
      1-тармақтағы "қорлар мен" деген сөздер алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтарымен толықтырылсын: 
      "4. Мемлекеттiк кәсiпорындардың негiзгi құралдарға жататын, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында бекiтiлген мүлiктi, сондай-ақ оған тиесiлi акцияларды сатуға және оған қатысты сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ. 
      5. Шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы мүлiктi алу туралы шешiмде уәкiлдi орган мемлекеттiк кәсiпорынға алынған (алуға жататын) мүлiктiң баланстан есептен шығару мерзімiн белгiлеуге құқылы."; 
      9) 12-баптың 3-тармағында: 
      "оны оқшаулау жөнiндегi мәмiлелердi қоспағанда" деген сөздер алынып тасталсын; 
      "жергiлiктi әкiмнiң" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      10) 13-баптың 2-тармағындағы "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      11) 14-бапта: 
      "оған уәкiлдi органның рұқсаты алынбаған" деген сөздер алынып тасталсын; 
      "уәкілдi органның немесе өзге де құзыреттi органның" деген сөздер "заңнамада анықталатын тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      12) 16-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "уәкiлдi орган" деген сөздер "егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уәкiлдi органның келiсiмi бойынша мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      13) 21-баптың тақырыбындағы және мәтiнiндегi "қорлары", "қорының", "қорынан", "қорды" деген сөздер "капиталдары", "капиталының", "капиталынан", "капиталды" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      14) 23 және 24-баптар алынып тасталсын; 
      15) 25-бапта: 
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi: 
      "уәкiлдi органның" деген сөздерден кейiн "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын; 
      "меншiк иесiнiң немесе уәкiлдi органның келiсiмiнсiз кәсiпкерлiк қызметтiң мына түрлерiн жасауға" деген сөздер "уәкілдi органның келiсiмiнсiз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы:
      "сатуға және беруге, айырбастауға" деген сөздер "шеттетуге немесе өзге әдiстермен билiк етуге (осы Заңның 10-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қорларын" деген сөз "құралдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) оған тиесiлi акцияларға (осы Заңның 10-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;
      2-2) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгерлiк немесе кепiлдiк беруге;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) заемдар беруге құқығы жоқ.";
      екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      3-тармақтағы "қорларға" деген сөз "құралдарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      16) 26-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "уәкiлдi органның" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      17) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда) таза табысының бөлігін аудару нормативін мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша жоспарлы жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін белгілейді. 
      Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігін аудару нормативін мемлекеттік басқару органы жергілікті қаржы органдарының келісімі бойынша жоспарлы жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін белгілейді. 
      Белгiленген нормативтер бойынша мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бөлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке есепке алуға жатады. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының таза табысының бөлiгi ол анықтайтын мерзiмде, мөлшерде және тәртiппен оның бюджетiне есепке алуға жатады.";
      18) 28-баптағы:
      "(тұтыну қорының)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 29-бап алынып тасталсын;
      20) 35-бапта:
      2-тармақта "уәкiлдi органның келiсiмiнсiз негiзгi қорға" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органының келiсiмiнсiз негiзгi құралдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазыналық кәсiпорын Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын тәртiппен банк заемдарын пайдалануға құқылы.";
      21) 36-бап алынып тасталсын;
      22) 38-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "уәкiлдi органның" деген сөздердiң алдынан ", осы Заңның 10-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiк алынып тасталсын;
      23) 39-баптағы "уәкiлдi органдар" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 40-баптағы "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 41-баптың 1-тармағындағы "уәкiлдi орган бекiтетiн" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы бекiтетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "42-бап. Қазыналық кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу
      Қазыналық кәсiпорынға еңбекке ақы төлеу қорын еңбекке ақы төлеу нысандарын мемлекеттiк басқару органы белгiлейдi.
      Қазыналық кәсiпорынға еңбекке ақы төлеу жүйесiн Қазақстан  Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
      27) 43-бап алынып тасталсын;
      28) 45-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық кәсiпорынды қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру уәкiлдi органмен келiсiлген мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, коммуналдық кәсiпорынды қайта құру - жергiлiктi атқарушы органның шешiмімен жүргiзiледi."; 
      2-тармақ алынып тасталсын; 
      29) 50-бапта: 
      1-тармағындағы "(осы Жарлықтың 24-бабы)" деген сөздер "негiзгi кәсiпорынның уәкiлдi органымен келiсiлетiн осы Заңның 25-бабының 1) 2-1) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "жергiлiктi әкiмнiң" деген сөздер "жергiлiкті атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар  Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 189-құжат; 1999 ж., N 21, 786-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 жылғы 12 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 2 наурыздағы  Заңы ): 
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы"; 
      2) кiрiспе алынып тасталсын; 
      3) бүкiл мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4) 2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4) Жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының заң актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес оларды жүзеге асыру жекешелендіру объектісін сатудың шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар сатып алушы бола алмайды."; 
      5) 5-баптағы 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Мемлекеттiк мүлiктiң мынадай түрлерi жекешелендiру объектілерi болып табылады: 
      1) мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме (бұдан әрi - кәсiпорын); 
      2) жекешелендiру тұйық технологиялық тiзбекті бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; 
      3) кәсiпорынның мүлкi; 
      4) акциялар; 
      5) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестер; 
      6) мемлекетке тиесiлi акцияларға құқығын куәландыратын туынды бағалы қағаздар; 
      7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк мекемелерге бекiтілген өзге де мемлекеттiк мүлiк. 
      2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тек қана мемлекеттiк меншiкте болатын мемлекеттiк мүлiк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi және/немесе Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк мүлiк жекешелендiру объектiсi бола алмайды."; 
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: 
      "Рынокта үстем жағдайға ие болып отырған табиғи монополистер болып табылатын, сондай-ақ экономиканың жекелеген саласы (секторы) үшiн стратегиялық мәнi бар ұйымдардың мүлiктiк кешендерiн немесе акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн жекешелендiру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды және жекешелендiрудiң түрiне арналған нұсқауды қамтуы тиiс. Стратегиялық маңызы бар экономикалық салалардың (секторлардың) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi."; 
      6) 7, 8 және 9-баптар алынып тасталсын; 
      7) 10-бапта: 
      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "10-бап. Мемлекетке тиесiлi акциялар және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлестерi"; 
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Мемлекетке тиесiлi акцияларды және жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлестерiн сату акционерлiк қоғамдар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер және бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгiленген талаптар сақтала отырып жүргiзiлуге тиiс."; 
      8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "12-бап. Жекешелендiрудiң түрлерi 
      1. Жекешелендiру мынадай түрлерде жүзеге асырылады: 
      1) аукцион, тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетiн конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату нысанындағы сауда-саттықта сату; 
      2) тiкелей бәсiрелi сату. 
      2. Мемлекеттiк мүлiктi сатуға тiкелей алып келмейтiн, бiрақ оның кейiннен сатылуын көздейтiн iс-әрекет (мемлекеттiк кәсiпорынның акционерлiк қоғам болып қайта құрылуы, жабық акционерлiк қоғамның үлгiсiн ашық етiп өзгерту, мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға) беру не оны тиiсiнше жалдаушы (жалгер) не сенiм бiлдiрiлген басқарушы кейiннен сатып алу құқығымен сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру) жекешелендiрудiң түрлерi ретiнде емес, оның алдын ала сатылары ретiнде қаралады."; 
      9) 13-бапта: 
      1-тармақтағы бiрiншi сөйлем алынып тасталсын; 
      2-тармақтағы "осы Жарлықтың 14-бабымен" деген сөздер "осы Заңның 14-14-3-баптарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      10) 14-бапта: 
      1-тармақта: 
      "шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық қорларындағы акциялары мен үлестерi" деген сөздер "мемлекетке тиесiлi акциялар және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлестерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "республикалық ресми баспасөзде қазақ" деген сөздер "ресми басылымдарда мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "9. Осы баппен белгiленген нормалар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, сауда-саттық өткiзу кезiнде қолданылады."; 
      11) мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2 және 14-3 баптармен толықтырылсын: 
      "14-1. Қор биржасындағы сауда-саттық 
      1. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды қор биржасында сату Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 
      Шетел мемлекеттерінің қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуға жол беріледі. 
      2. Сату туралы хабарлама қор биржасында сауда-саттық өткізуді бастағанға дейін он бес күннен кешіктірмей ресми басылымдарда мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануы және сауда-саттықтың өткізілетін күні, орны, сату объектісі және оның мөлшері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. 
      Сатушы хабарламада мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуға қатысты өзге де мәліметтерді көрсетуге құқылы. 
      3. Сатушының бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларымен жасалатын шарты мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сатушы белгiлеген ең аз бағадан төмен емес сату мiндеттемесiн қамтуы тиiс. 
      14-2-бап. Екi кезеңдi рәсiмдер жолымен өтетiн конкурс 
      1. Қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен екi кезеңдi рәсiмдер жолымен өтетiн конкурс (бұдан әрi - конкурс) жекешелендiру бағасының басымдығын және/немесе өзге шарттарын анықтайтын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша өткiзiледi. 
      2. Конкурс өзiне мынадай iс-шаралар жоспарын қамтиды: 
      1) заңдарда белгіленген тәртiппен қаржы кеңесшiсiн тарту; 
      2) жекешелендiру объектiсiн жан-жақты талдау, оның құнын бағалау және ықтимал сатып алушылар (инвесторлар) үшiн сату объектiсi туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыру; 
      3) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны ресми басылымдарда мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ қаржы кеңесшiсiнiң ықтимал сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысын тарату; 
      4) қаржы кеңесшiсiнiң ықтимал сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстарын қамтитын өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастыруы; 
      5) келiссөздер барысында ең жақсы ұсыныстар тапсырған кемiнде екi ықтимал сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен сатушының ықтимал сатып алушылармен (инвесторлармен) өтiнiмдердiң тiзбесi бойынша келiссөздер өткiзуi (конкурстың бiрiншi кезеңi); 
      6) бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту тұрғысында қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен сатушының конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер өткiзуi (конкурстың екiншi кезеңi). 
      3. Сатушы, қаржы кеңесшiсi және барлық конкурсқа қатысушылар өткiзген келiссөздердiң әрбiр кезеңiнiң қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылады. 
      4. Конкурстың екінші кезеңінің барысында неғұрлым жақсы шарттар ұсынған ықтимал сатып алушы (инвестор) конкурсты жеңіп шыққан болып танылады. 
      5. Конкурстың жеңiмпазы сатушы белгiлеген мерзiмде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан немесе жалтартқан жағдайда, ұсынысы екiншi ең жақсы болып танылған ықтимал сатып алушы (инвестор) сатып алу-сату шартына қол қояды. 
      14-3-бап. Мемлекетке тиесiлi акцияларға құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату 
      1. Мемлекетке тиесілі акцияларға құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды (бұдан әрi - туынды бағалы қағаздар) сату Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 
      2. Туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгi шарттарын сатушы Қазақстан Республикасының Үкiметіне бекiтуге ұсынады. 
      3. Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешiм туынды бағалы қағаздар шығарылған мемлекетке тиесiлi акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың түрi, аумағында туынды бағалы қағаздарды сату жүзеге асырылады деп болжамданатын шетелдiк мемлекет (шетелдiк мемлекеттер), мәмiленi аяқтаудың соңғы мерзiмi, туынды бағалы қағаздар меншiк иелерiнiң құқықтарын іске асырудың шарттары мен тәртiбi және қажет болған жағдайларда, өзге де шарттар туралы мәлiметтер қамтылуы тиiс.";
      12) 15-бапта:
      1-тармақтағы "жалға", "жалға алушыға", "Жалгерге" деген сөздер "мүлiктiк жалдауға (жалға)", "жалдаушыға (жалгерге)", "Жалдаушыға (жалгерге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "жал" деген сөз "мүлiктiк жалдауға (жалға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "кәсiпорын" деген сөз алынып тасталсын;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      13) 16-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жекешелендірудің бастапқы кезеңі болып:
      1) заңдарда белгiленген тәртіппен мемлекеттік кәсiпорынның акционерлiк қоғам болып қайта құрылуы;
      2) Осы баптың 6-тармағында белгіленген жағдайда жабық акционерлiк қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүліктің сенімді басқаруға немесе кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) берілуі танылады.";
      2, 3, 4-тармақтардағы "жалгер", "жалдау", "жалгермен", "жалгерді", "жалдау" деген сөздер "жалдаушы (жалға алушы)," "мүлiктiк жал (жалға)", "жалдаушы (жалгер)", "жалдаушының ("жалгердің"), "мүліктік жалды (жалға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: 
      "6. Егер мемлекетке жабық акционерлiк қоғамның сатуға жататын, шығарылған дауыс берiлетiн акцияларының кемiнде үштен екiсi тиесiлi болса, осы акционерлiк қоғам заңнамада белгіленген тәртiппен ашық акционерлiк қоғам болып қайта құрылуға жатады."; 
      14) 17-бапта: 
      2-тармақта: 
      2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2) сатып алушының талап етуi бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ егер жекешелендiру объектiсi кәсiпорын мүлiктiк кешен болып табылса жасасқан келiсiм-шарттар мен шарттардағы кредиторлық және дебиторлық берешектердiң сомасы туралы ақпаратты әзiрлейдi және ұсынады;"; 
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: 
      "3. Жарғылық капиталдарындағы акциялар мен мемлекеттiң қатысу үлесi сату объектiсi болып әрекет ететiн мемлекеттiк заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары сатушының сұрау салуы бойынша олар анықтайтын мерзiмде объектiнi сатуға дайындау үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсынуға міндетті.
      Ұсынылған мәлiметтердiң растығы үшiн жауапкершiлiк осы тармақта санамаланған заңды тұлғалардың басшылығына жүктеледi.";
      15) 18-бапта:
      тақырыбындағы "Жеке жобалар бойынша объектiлердi" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақ алынып тасталсын;
      16) 22-баптың 2-тармағында:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шарт талаптарының орындалуын бақылау сатып алушының мiндеттемелердi орындауды аяқтаған сәтiне дейiн жүргiзiледi.";
      екiншi бөлiк "сатып алу-сату шартын" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан," деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Егер сатып алу-сату шартын бұзуға тараптардың біреуінің айтарлықтай бұзуы себеп болса, екінші тарап мәміле бойынша орындағанының қайтарылуын және келтірілген зиян орнының толтырылуын талап етуге құқылы.". 
      4. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi N 220-1 Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостары, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж. N 20, 727-құжат): 
      8-бапта: 
      2-тармақ "Мемлекеттiк органдардың" деген сөздерден кейiн "(Қазақстан Республикасының Үкiметiн және тиiсті әкімшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмшiлiгiн қоспағанда) және мемлекеттiк кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын; 
      3-тармақ алынып тасталсын. 
      5. "Акционерлiк қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 281-1 Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1998 ж., N 17-18, 223-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; N 24, 1072-құжат): 
      1) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып әрекет ете алмайды."; 
      2) 17-баптың 1-тармағындағы "Ашық қоғам" деген сөздер "Қоғам" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      3) 22-баптың 4-тармағындағы "құрылтайшылары" деген сөз "акционерлерiнiң құрылтай немесе жалпы жиналысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4) 48-бапта: 
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "19-1) "алтын акцияны" енгiзу және күшiн жою;"; 
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "қабылдайды" деген сөздiң алдынан ", ал инвестициялық жекешелендіру қорларын қайта ұйымдастыру процесінде құрылған қоғамдарда - акцияларға дауыс беруге қатысушылардың кемінде үштен екісі мөлшеріндегі көпшілік" деген сөздермен толықтырылсын; 
      5) 51-бапта: 
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "2-1. Қоғам жазбаша хабарлама жіберу жолымен "алтын акцияның" иесін акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабардар етуге міндетті. 
      "Алтын акция" иесінің қоғамнан ақпарат алу бөлігінде акционерлермен бірдей құқығы бар."; 
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "5-1) инвестициялық жекешелендiру қорларын қайта ұйымдастыру процесiнде құрылған қоғамдар үшiн - қоғам қайта ұйымдастырылғанға дейiнгі инвестициялық жекешелендiру қорлары лицензияларының толық атауы мен нөмiрi;"; 
      6) 53-бапта: 
      2-тармақтағы "оның iшiнде" деген сөздерден кейiн "осы баптың 2-1-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "2-1. Инвестициялық жекешелендiру қорын (инвестициялық жекешелендiру қорларын) қайта ұйымдастыру жолымен құрылған қоғам акционерлерiнiң қайталанған жалпы жиналысының, егер оған қатысу үшiн тiркеудi аяқтау сәтiнде дауыс беретiн акциялардың, оның iшiнде сырттан дауыс беретiн акционерлердiң (немесе осындай акционерлердiң өкілдерi) бес жүзден астам иелерi тiркелген болса, шешiм қабылдауға заңды күшi бар."; 
      7) 57-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "2-1. Он мыңнан астам акционерлерi бар қоғамдардың, сондай-ақ инвестициялық жекешелендiру қорларының және инвестициялық жекешелендiру қорларын қайта ұйымдастыру жолымен құрылған қоғамдардың осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде кемінде қырық мың дана таралыммен шығарылатын ресми басылымдарында жариялау жолымен таратусыз сырттан дауыс беруге арналған бюллетеньдерді таратуға құқығы бар."; 
      8) 61-баптың 2-тармағы "қоғамның директорлар кеңесінің" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк қызметшi болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын; 
      9) 62-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: 
      "3. Өзінің құзыретіне енгізілген мәселелер бойынша директорлар кеңесі оның құрамының кемінде үштен бір бөлігін құрайтын директорлар кеңесі мүшелерiнiң талап етуi бойынша қоғамның қаражаты есебінен тәуелсіз сарапшыларды, консультанттарды тартуға мiндеттi."; 
      10) 63-баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "ашық қоғам" деген сөздердiң алдынан "Қоғамның" барлық дауыс беретiн акцияларына иелiк ететiн бiр ғана акционерi бар қоғамдарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; 
      11) 67-баптың 1-тармағы "Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне" деген сөздерден кейiн "және алтын акцияның "иесіне" деген сөздермен толықтырылсын; 
      12) 72-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: 
      "Атқарушы органның басшысы немесе оның атынан, оның тапсырмасы бойынша әрекет ететiн тұлға, қоғамның атқарушы органы қабылдайтын шешiмдердi өздерiне қатысты вето құқығы белгiленген мәселелер бойынша "алтын акцияның" иесiмен келiсуге мiндеттi."; 
      13) 86-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Жылдық қаржылық есептiлiк өзiне бухгалтерлiк балансты, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерi туралы есептi, сондай-ақ қоғам ақшасының қозғалысы туралы есептi қамтиды."; 
      14) мынадай мазмұндағы 88-1-баппен толықтырылсын: 
      "88-1-бап. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне қоғамның ақпараттарды беруi 
      Қоғамның атқарушы органы директорлар кеңесiнiң мүшелерiне оларға жүктелген функцияларды орындау кезiнде сұрау салуды алған сәтiнен бастап 10 күннен кешiктiрмей, қоғамның қызметi туралы, оның iшiнде құпия сипаты бар ақпаратты уақытылы берудi қамтамасыз етедi.". 
       2-бап. Мемлекеттiк мекемелердің жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестерi осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде сатылуы тиіс.
      Осы Заңды қолданысқа енгiзгенге дейiн құрылған жабық акционерлiк қоғамдардың резервтiк капиталдары осы Заң күшіне енген күнiнен бастап екi жыл iшiнде қалыптасуы тиiс.
       3-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады