Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерін дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 шілде N 913

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау

 

және сертификаттау жүйелерін дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған

бағдарламасы бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                            Қазақстан Республикасы

                                                  Үкіметінің

                                            2001 жылғы 4 шілдедегі

                                               N 913 қаулысымен

                                                  бекітілген


           Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және

         сертификаттау жүйелерін дамытудың 2001-2002 жылдарға

                          арналған бағдарламасы


                          1. Паспорты


Атауы                Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және    

                     сертификаттау жүйелерін дамытудың 2001-2002

                     жылдарға арналған бағдарламасы

                     (бұдан әрі - Бағдарлама)


Әзірлеу үшін         Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның

негіздеме            2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру      

                     жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы

                     N 3834 


U983834_


  Жарлығы және "Қазақстан Республикасы 

                     Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл      

                     бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың     

                     жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің    

                     2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысы


Негізгі әзірлеуші    Қазақстан Республикасының Экономика және сауда       

                     министрлігі    


Бағдарламаның        Қазақстан Республикасының стандарттарды және

мақсаты              сәйкестік бағасын әзірлеудің, қабылдаудың және       

                     қолданудың халықаралық практикасына көшуі үшін       

                     жағдайлар жасау;

                     стандарттарды қолданудың міндетті нысанынан ерікті   

                     нысанына көшу;

                     техникалық регламенттер жүйесін құру;

                     Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарын     

                     халықаралық талаптармен сәйкестендіру


Негізгі іс-шаралар   1) Бар проблемаларды талдау;

                     2) нормативтік құқықтық базаны әзірлеу


Іске асырылу         Бағдарламаны іске асыру 2001-2002 жылдар арасы

мерзімі    


                     2. Кіріспе



 
       Бағдарлама ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан-2030" K972030_ Жолдауын дамытуда "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысына сәйкес әзірленді.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 991 P980991_ қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерін жетілдіру бағдарламасының" жалғасы болып табылады.
      Бағдарлама қысқа мерзімді және 2001-2002 жылдар кезеңін қамтиды. Бағдарламаның ұсынылған іс-шаралары ұзақ мерзімді сипатқа ие және келесі бағдарламаларда іске асырылатын болады.
      Бағдарлама республикада қолданыстағы мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерін бұдан әрі реформалауға және жетілдіруге, стандарттарды және сапаны басқару жүйелерін әзірлеудің, қабылдаудың, қолданудың халықаралық практикасына көшуге қажетті жағдайлар жасауға, республикада шетелдік практикада қабылданған өнімнің, процестің (жұмыстардың) және қызмет көрсетулердің сәйкестігін бағалау жүйелерін құруға бағытталған.
 
          3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
 
      Қазіргі кезде республикада мемлекеттік стандарттау және сертификаттаудың мемлекеттік жүйелері құрылған.
      1999 жылы "Стандарттау туралы" Z990433_ және "Сертификаттау туралы" Z990434_ Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды, оларды дамытуда стандарттау және сертификаттау жүйелерінің негізгі ережелерін регламенттейтін мемлекеттік стандарттар кешені, стандарттау және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі әзірленді және енгізілді, стандарттау және сертификаттау жөніндегі органдар анықталды.
      Сапаны басқару және қоршаған ортаны қорғау жүйелерін енгізуге ұйымдарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
      Республикада халықаралық нормалармен сәйкестендірілген аккредиттеу жүйесі құрылуда. Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау және салыстырып тексеру зертханаларын аккредиттеу жүйесі мен тәртібінің негізгі ережелері әзірленді.
      30 мыңнан аса нормативтік құжаттардың атаулары бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар (бұдан әрі - ҚР МСҚ) қоры құрылды.
      Сонымен бiрге бiздiң алдымызда стандарттау және сертификаттау саласындағы жұмыстарды халықаралық практикасына көшіру жолымен мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамыту және жетiлдiрудi талап ететiн жаңа мiндеттер тұр:
      ҚР Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының функциясына ҚР МСҚ жетiлдiру және Бүкiләлемдiк сауда орталығымен (бұдан әрi - ВТО) өзара iс-қимыл жөнiндегi ақпараттық қамтамасыз етудi жабдықтау және дамыту және ВТО-ға мүше елдердiң және мүдделi тұлғалардың стандарттар және сертификаттау рәсiмдерiне қатысты сұраныстарына ақпараттар, хабарламалар және тиiстi құжаттар ұсыну енгiзу;
      ИСО, МЭК, МОЗМ халықаралық стандарттарын тiкелей қолдану;
      халықаралық және аймақтық ұйымдар мен стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң жұмыстарына қатысу;
      өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың) мен қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгiне мiндетті талаптарды белгiлейтiн техникалық регламенттердi әзiрлеудi және қабылдауды қамтамасыз ететiн республика заңнамасына өзгерiстер енгізу;
      басым бағыттар бойынша халықаралық стандарттармен сәйкестендiрiлген мемлекеттік стандарттар және техника-экономикалық ақпараттар сыныптауыштарын әзiрлеу;
      халықаралық талаптармен сәйкестендiру үшiн қажетті халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды сатып алу;
      республиканың кәсiпорындарында 9000 және 14000 сериялы халықаралық стандарт ИСО-ға сәйкес сапа жүйесiн енгiзу үшiн жағдай жасау;
      ҚР МСҚ ресурстарын басқару жүйесiн автоматтандыру.
      Ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн бұдан әрi дамыту басым бағыттар бойынша халықаралық талаптармен сәйкестендiрiлген нормативтiк құжаттарды әзiрлеу, стандарттау нысандары мен әдiстерiн, сыныптау және кодтау жүйелерiн жетiлдiру, өнiмдi сертификаттау және аккредиттеу рәсiмдерiн өзгерту мәселелерiне байланысты проблемаларды

 

шешедi.

     Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты және

техникалық көмек гранттары есебiнен жүргiзiледi.


              4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері


     Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының стандарттарды және

сәйкестiк бағасын әзiрлеудiң, қабылдаудың және қолдаудың халықаралық

практикасына көшуі үшін жағдай жасау болып табылады.

     Бағдарламаның міндеттері:

     ішкі рынокты сапасыз және әлеуетті қауіпті өнімнен қорғау;

     отандық өнімнің сыртқы рынокқа шығуын қамтамасыз ету;

     саудада техникалық кедергілерді жою;

     қоршаған ортаны қорғау;

     ҚР МСҚ дамыту болып табылады.


     5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі


     Бағдарламаның негiзгi бағыттары:

     техникалық регламенттер жүйесiн қалыптастыру;

     басым бағыттар бойынша мемлекеттiк стандарттау жүйесiн ұйымдастыру

және дамыту;

     техника-экономикалық ақпаратты сыныптау және кодтау мен сызықтық

кодтау жүйесiн дамыту;

     өнiмдi каталогтау жүйесiн құру;

     мемлекеттік сертификаттау жүйесiн және аккредиттеу жүйесiн дамыту;

     стандарттау және сертификаттау бойынша мамандарды даярлау және

олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

     халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

     Бағдарламаны iске асыру тетiгі өзiне:


 
       Бағдарламада көзделген жұмыстарды жоспарлауды, iске асыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ететiн ұйымдастыру iс-шараларын;
      мемлекеттiк стандарттау және сертификаттау жүйелерiнiң ережелерiн халықаралық нормалар және талаптармен сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк iс-шараларды;
      ақпаратты қорғау талаптарын сақтай отырып жаңа технологияларды енгізу негiзiнде республикада ақпараттық жүйе құруды қамтамасыз ететiн техникалық iс-шараларды қамтиды.
      Бұл iс-шаралар нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге арналған шығындарды азайту есебiнен бәсекеге қабiлеттi өнiмдi тиiмдi өндiруге, сондай-ақ сапалы өнiм шығаруға және саудада техникалық кедергiлердi болдырмауға мүмкiндiк бередi.
      Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетiне "Стандарттау туралы" Z990433_ және "Сертификаттау туралы" Z990434_ Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерін жетілдіру мен стандарттау және сертификаттау саласында жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi бiрыңғай саясат жүргiзу жүктелген.
      Бағдарламаны iске асыруға Қазақстан Республикасы орталық орындаушы органдарының, сондай-ақ заңды тұлғаларының қатысуы болжануда.
 
               5.1. Техникалық регламенттер жүйесiн қалыптастыру
 
      Халықаралық практикада өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызмет көрсетулердiң қауіпсiздігі мәселелерi дербес немесе басқа құжаттармен бiрге, оның iшiнде егер оларда техникалық регламенттерде сiлтемелер болса, стандарттармен қауiпсiздiк нормаларын белгiлейтiн заңдар, директивалар, ұйғарым мен тiкелей әсер ететiн басқа да құжаттар жататын техникалық регламенттермен реттеледi.
      Техникалық регламенттер жүйесiн қалыптастыру жөнiндегі iс-шаралар:
      еуропалық нұсқауларды қабылдау практикасын зерделеудi;
      техникалық регламенттердi әзiрлеу, келiсу, бекiту және мазмұндау тәртiбiн, шет елдердiң халықаралық және ұлттық техникалық регламенттерiн қолдану рәсiмдерiн белгілеудi;
      техникалық регламенттердiң, стандарттардың және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың өзара байланыстарын анықтауды;
      Қазақстан Республикасының техникалық регламенттер жүйесiн

 

қалыптастыру үшiн негіз ретiнде ұсынылатын құжаттар тiзбесiн дайындауды;

     әзiрленетiн салалық жоспарларды, бағдарламаларды, әлеуметтiк

жобаларды нормативтiк және метрологиялық қамтамасыз ету бөлiмдерiн

қалыптастыруды және енгiзудi қамтиды.


        5.2. Басым бағыттар бойынша мемлекеттiк стандарттау жүйесiн

                           жетiлдiру және дамыту


     Республиканың нормативтiк базасын дамытуда және халықаралық

талаптарға сәйкестiгін қамтамасыз етуде басты бағыттар болып экономиканың

мынадай салалары мен қызмет түрлерi анықталған:

     отын-энергетикалық кешен;

     қоршаған ортаны қорғау;

     ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсiбi;

     телекоммуникация;

     денсаулық сақтау;

     құрылыс.

     Iс-шаралар:


 
       стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы нормативтiк қамтамасыз етудi, мемлекеттiк стандарттарды халықаралық нормалар және талаптармен сәйкестендiрудi жетiлдiрудi;
      ИСО және МЭК халықаралық стандарттарын тiкелей қолдануды;
      Қазақстан Республикасының нормативтiк құжаттарының мемлекеттiк тiлдегi аудармаларын сараптауды;
      мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң нормативтiк қорын көкейкестi жағдайда ұстап тұруда және оны республикада шағын және орта кәсiпкерлiк құрылымын дамытуға бағдарлауды;
      мемлекеттiк қадағалау нысандарын өзгертудi және мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың қазiргi заманғы құқықтық негiздерiн қалыптастыруды;
      бұрынғы КСРО салалық стандарттарын қайта қарауды және оларды бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiру мен саудада техникалық кедергiлердi болдырмау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнiң талаптарына және ВТО талаптарына сәйкес келтiрудi;
      салалар бойынша стандарттау жөнiнде техникалық комитеттер құруды;
      республикада қолданыстағы салалық нормативтiк құжаттар көрсеткiштерiнiң каталогтарын әзiрлеудi;
      сапа жүйесiн және қоршаған ортаны қорғауды әзiрлеу үшiн бiрiздiленген нормативтiк және ғылыми-әдiстемелiк қор құруды;
      9000 және 14000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарының Қазақстан Республикасында өнiм өндiру жағдайына бейiмделуiн көздейдi.
 
       5.3. Техника-экономикалық ақпаратты және сызықшалы кодты сыныптау
                         және кодтау жүйелерiн дамыту
 
      Техника-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтау жүйесiн және сызықшалы кодтауды жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жүйелеу және реттеу:
      сыныптауыштарды әзiрлеу және жүргізу, оларды бекiту және тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылдарын реттеудi;
      мемлекеттiк сыныптауыштар құрамы мен құрылымын анықтауды;
      сыныптауышпен әлеуметтiк сала, банктiк және қаржылық қызмет, негiзгi

 

қаржыларды (қорларды) сыныптау сияқты салаларды қамтуды;

     жүйенiң инфрақұрылымын анықтауды және сыныптауыштарды жүргiзуге

республиканың құзыреттi ұйымдарын бекiтудi;

     отандық сыныптауыштарды үнемi көкейкестi етудi және оларды

сыныптаудың халықаралық жүйелерiмен сәйкестендiрудi, өнiмдi сыныптау

жүйесiн халықаралық талаптар шеңберiнде ұлттық деңгейде егжей-тегжейлi

етудi;

     сызықшалы кодтау технологиясын қолданудың нормативтiк құқықтық

қорларын талдауды және дамытуды көздейдi.


                    5.4. Өнiмдi каталогтау жүйесiн құру


     Каталогтау жүйесiн дамыту жөнiндегi іс-шаралар:

     өнiмдi каталогтау жүйесiн жүргізу тәртiбiн, республикада өндiрiлетiн

өнiмдер жөнiндегі республикалық, аймақтық, облыстық және қалалық деректер

қорын қалыптастыруды анықтауды;

     деректер қорын жүргiзу үшiн арнайы жабдықтар сатып алуды;

     каталогтық парақтарды әзiрлеудi және оларды талдауды;

     Қазақстан Республикасы өнiмдерiнiң каталогтарын құруды және жүргiзудi

көздейдi.


         5.5. Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiн және аккредиттеу

                               жүйесiн дамыту



 
       Негізгi іс-шаралар мемлекеттiк сертификаттау жүйесiн ұқсас халықаралық және аймақтық жүйелерде тануын қамтамасыз етуге және сәйкестiктi бағалаудың халықаралық және еуропалық үлгiлерiне көшу үшiн жағдай жасауға бағытталған.
      Iс-шаралар:
      мемлекеттік сертификаттау жүйесiнiң құқықтық базасын және

 

сертификаттау жөнiндегi органдар мен зертханаларды аккредиттеудi

жетiлдiрудi;

     сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеудi және оларды

халықаралық талаптармен сәйкестендiрудi;

     республика аймақтарында сертификаттау бойынша органдар мен

зертханалар желiсiн құруды;

     сертификаттау саласында халықаралық келiсiмдерге қосылуды,

сертификаттау мен аккредиттеудiң халықаралық және аймақтық жүйелерiне

енудi;

     сәйкестiк бағасының нәтижелерін өзара қабылдау мақсатында

сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі тиісті халықаралық және ұлттық

ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді көздейді.


       5.6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қорын

                                (МСҚ) жетiлдiру


     ҚР МСҚ жетiлдiру мен дамыту:


 
       халықаралық және еуропалық техникалық регламенттер мен стандарттарды сатып алуды, оларды мемлекеттiк стандарттар мен нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен қайта қарау кезiнде негiз ретiнде қолдануды;
      ақпараттарды және өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызмет көрсетулердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына, мүлкiне, қоршаған ортаға қауiпсiздiк нормаларын белгiлейтiн техникалық регламенттер - құжаттардың мiндеттi данасын мемлекеттiк басқару органдарынан алуды;
      ВТО-мен өзара iс-қимыл жөнiнде ақпараттық қамтамасыз етудi жабдықтауды және дамытуды;
      стандарттау, метрология және сертификаттау саласында жедел ақпаратпен алмасу процесiне жаңа ақпараттық технологияларды сатып алуды және енгізудi;
      ҚР МСҚ қызметiн автоматтандыруды қамтиды.
 
            5.7. Стандарттау және сертификаттау жөнiндегі мамандарды
             даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
 
      Стандарттау және сертификаттау жөнiндегі мамандарды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру мәселелерi қазiргі уақытта республиканың бiлiм беру мекемелерiндегi оқытудың қолданыстағы негiзгi немесе арнайы циклдар жүйесi және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi Комитетiмен (бұдан әрi - Комитет) келiсiлген жоспарлар мен бағдарламалар бойынша мамандандырылған ұйымдар мен институттар желiсi арқылы шешiледi.
      Негiзгi iс-шаралар:
      стандарттау және сертификаттау жөнiндегi мамандарды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру және оқыту бағдарламаларын, әдiстемелiк және көрнекiлiк материалдарды әзiрлеу мәселелерiнде бiрыңғай саясатты анықтауды;
      Қазақстан Республикасында сапа жүйесi жөнiнде сарапшы-аудиторлар, стандарттау жөнiнде сарапшылар дайындау жүйесiн дамытуды және оларға бiлiктiлiк талаптарын анықтауды;
      Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп республиканың бiлiм беру мекемелерiнде стандарттау және сертификаттау жөнiнде пәндердiң оқытылу жүйесiн жетiлдiру бойынша іс-шаралар жүргізудi;
      республиканың бiлiм беру мекемелерiнiң оқытушылар құрамының бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламасын дайындауды;
      стандарттау, сертификаттау және сапа жүйелері саласында мамандар мен сарапшы-аудиторлар даярлау жөнiнде халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтудi және дамытуды көздейдi.
 
                        5.8. Халықаралық ынтымақтастық
 
      Халықаралық ынтымақтастықты жетiлдiру Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық кеңеске (МАК), Стандарттау жөнiндегi Халықаралық Ұйымдардың Техникалық Комитеттерiне (ИСО) қатысуды, Халықаралық Электротехникалық Комиссия (ХЭК) мүшелiгiне өтудi көздейдi.
      Еуропалық одақ елдерiмен сауда-саттық алмасу көлемiн ескере отырып, Стандарттау жөнiндегі мемлекетаралық кеңестiң мүшелерiмен және Еуропаның тиiстi ұйымдарымен бiрлесiп ТМД елдерiнде еуропалық стандарттар мен нормаларды қолдану және оларды орталықтандырылған сатып алу (қамтамасыз ету) мәселелерiнiң шешiмiн табу қажет.

 

     Стандарттау және аккредиттеу жөнiндегi ұлттық органдардың шет

елдердегі жұмыс тәжiрибесiн Қазақстан аумағына енгiзу мақсатында оқуға,

сондай-ақ республикада семинарлар жүргiзуге және мамандарды оқытуға

әлемнiң өнеркәсiбi дамыған елдерiнiң халықаралық және ұлттық ұйымдарын

тартуға үлкен көңiл бөлiнетiн болады.


             5.9. Азаматтық және қызметтiк қарудың және оның

             оқтарының үлгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын құру


     Негiзгi iс-шаралар:

     арнайы жабдықты және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып

алуды;

     азаматтық және қызметтiк қарудың және оның оқтарының үлгiлерiнiң

тiзбесiн құруды;

     азаматтық қару және оның оқтары үлгілерінің мемлекеттік кадастрын

құруды көздейді.


 
       Бұл iс-шараларды іске асыру азаматтарды, олардың меншіктерін қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық және қызметтік қарулардың айналысы кезінде туындайтын құқықтық қарым-қатынастарды реттеуге ықпал ететін болады.
 
              6. Қажетті қорлар және оларды қаржыландыру көздері
 

 

     Бағдарлама iс-шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты

есебiнен жүргізiледi. Бағдарламаны 2001-2002 жылдары іске асыру үшiн

болжанып отырған сома 129 600 мың теңгенi құрайды. Жыл сайынғы көлемдер

тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделген

көлемдерге сәйкес нақтыланады.

                                                             1-кесте

---------------------------------------------------------------------------

             Iс-шаралардың атауы             ! Бағдарламаны iске асыруға

                                             ! арналған қаржылық шығындар

                                             ! (мың теңге)

                                             !-----------------------------

                                             !  Барлығы  !   оның ішiнде

                                             !           !-----------------

                                             !           !2001 ж. !2002 ж.

---------------------------------------------------------------------------

1. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен

қаржыландыру:

1) әлемнiң өнеркәсiбi дамыған елдерiнiң

халықаралық, аймақтық және ұлттық

стандарттарын, техникалық регламенттерiн

және сыныптауыштарын әзiрлеу және сатып алу,

сондай-ақ Стандарттау жөнiндегі халықаралық

ұйымға (ИСО) мүшелiк жарна төлеу;                80 000    20 000  60 000

2) сапа саласында қолданбалы ғылыми

зерттеулер;                                       3 100       700   2 400

3) Қазақстан Республикасы өнiмдерiнiң

каталогын құру және жүргізу;                      8 000     4 000   4 000

4) ВТО-мен өзара iс-қимыл жөнiнде

ақпараттық қамтамасыз етудi жабдықтау

және дамыту;                                     24 100     9 500  14 600

5) Азаматтық және қызметтік қарудың және

оның оқтарының үлгілерiнiң мемлекеттік

кадастрын әзiрлеу, жүргiзу және шығару;           6 000     2 000   4 000

6) ҚР МСҚ автоматтандыру.                         8 400       -     8 400


Жиыны                                           129 600    36 200  93 400

---------------------------------------------------------------------------

     Қаржыландыру техникалық көмек гранттары есебінен жүргiзiлуi мүмкін.


            7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже


     Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру отандық өнiмнiң, процестердiң

(жұмыстардың) және қызмет көрсетулердiң бәсекеге қабiлеттiлiгін, сапасын

және қауiпсiздігін арттыруды қамтамасыз етедi.

     Бағдарламаны іске асырудан күтiлетін нәтиже:

     1) өнiмнiң сыртқы және iшкi рынокта бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға;

     2) саудада техникалық кедергілердi болдырмауға;

     3) мемлекеттің халқын және рыногын сапасыз және әлеуеттi қауіптi

өнiмнен қорғауға;

     4) қоршаған ортаны қорғауға;

     5) экспортты дамытуға және өндiру көлемiн кеңейтуге;

     6) басқарудың қазiргi заманғы әдiстерiн кең түрде енгізуге және

отандық және халықаралық стандарттар негізiнде сапаны қамтамасыз етуге;

     7) республиканың өнеркәсiптiк кешенiнiң техника-экономикалық

көрсеткiштерiн жақсартуға;

     8) барлық өнiм түрлерiнiң тұтынушылық қасиеттерiн жақсартуға ықпал

етуi тиiс.


    8. Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау және сертификаттау    

       жүйелерін дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасын

                  іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

---------------------------------------------------------------------------

Р/с!       Iс-шаралардың атауы       !  Аяқталу  !  Орындаушылар !Орындалу

N !                                 !  нысаны   !               ! мерзімі

---------------------------------------------------------------------------

               8.1. Техникалық регламенттер жүйесін қалыптастыру


8.1.1. - "Стандарттау туралы" ҚР      Жобалар     ЭСМ              2002 ж.

       Заңына өзгерістер енгізу                                    2001 ж.

       туралы"

       - "Сертификаттау туралы" ҚР

       Заңына өзгерістер енгізу

       туралы" ҚР Заңдарының

       жобаларын дайындау


8.1.2. Шет елдердің халықаралық және  Нормативтік ЭСМ, ЕХҚМ,        2002 ж.

       ұлттық техникалық регламент.   құжаттар    ЭМРМ, АШМ,

       терін қолданудың техникалық                МКМ, БҒМ,

       регламенттерін, рәсімдерін                 ККМ, ТОҚМ,

       әзірлеу, сәйкестендіру,                    ТЖА, ДСА,

       бекіту, мазмұндау және баяндау             ЭСМ-ның

       тәртібін анықтау                           Стандарттау,

                                                  метрология

                                                  және

                                                  сертификаттау

                                                  жөніндегі

                                                  комитеті

                                                  (бұдан әрі -

                                                  Комитет)


8.1.3. Мемлекеттік, салалық, аймақтық Нормативтік  Комитет          2001 ж.

       ғылыми-техникалық бағдарла.    құжаттар

       маларды нормативтік және

       метрологиялық қамтамасыз ету

       жөніндегі бөлімдерді

       (іс-шараларды) қалыптастыру

       тәртібін анықтау    


             8.2. Басым бағыттар бойынша мемлекеттік стандарттау

                         жүйесін жетілдіру және дамыту


8.2.1. Басым бағыттарды ескере отырып  Комитет    Комитет         2001-2002

       мемлекеттiк стандарттау         бұйрықтары                    жж.

       жөніндегі жұмыстардың

       жоспарын әзірлеу


8.2.2. Мемлекеттiк тiлдегi нормативтік Қорытынды  Комитет         2001 ж.

       құжаттарды растау


8.2.3. Қолданыстағы мемлекеттiк        Министрлік. ЭСМ, АШМ, ДСА  2001 ж.

       стандарттарда мiндеттi және     тердің                     2002 ж.

       ұсынылатын талаптардың (тағам   бұйрықтары

       өнiмдерiне, ауыл шаруашылығы

       өнiмдерiне, денсаулық сақтау

       және тазалық құралдарына)

       шектелуiне талдау жүргiзу


8.2.4. Мұнай сапасына, мұнай-газ       Нормативтік ЭМРМ, ЭСМ      2001-2002

       құбырларына қойылатын талаптар, құжаттар                      жж.

       қоршаған ортаны қорғау жөнінде

       нормативтік құжаттар кешенін

       әзірлеу


8.2.5. Отын-энергетикалық кешеннің     Нормативтік ЭМРМ, ЭСМ      2001-2002

       сенімділік көрсеткіштерін       құжаттар                      жж.

       регламенттейтін нормативтік

       құжаттар мен қауіпсіз пайдалану

       талаптарын әзірлеу


8.2.6. "Стандарттау туралы" Қазақстан  Бағдарлама. ЭСМ, Министр.  2001 ж.

       Республикасы Заңының            лар         ліктер, ве.

       талаптарына сәйкес салалық                  домстволар,

       стандарттарды қайта қарау және              Комитет

       оларды нормативтік құжаттар

       етіп қайта өңдеу жөнінде

       ведомстволық бағдарламалар

       әзірлеу


8.2.7. Отын-энергетикалық кешенде,     Комитеттің  ЭСМ, ЭМРМ,    2001-2002

       ветеринарияда, денсаулық        бұйрықтары  АШМ, ДСА,        ж.ж.

       сақтауда стандарттау жөнінде                Комитет

       техникалық комитеттер құру    


8.2.8. Кәсіпорындарда сапа жүйесін     Аймақтық    Облыстардың,  2001 ж.

       енгізудің аймақтық              бағдарлама. Астана қ.,

       бағдарламаларын әзірлеу         лар         Алматы қ.

                                                   әкімшіліктері


8.2.9. Қазақстан Республикасында 9000  Есеп        ЭСМ, ТОҚМ,     2001-2002

       сериялы ИСО халықаралық                     Комитет           жж.

       стандарттарын және 14000

       сериялы ИСО халықаралық

       стандарттарын бірлесіп

       қолданудың тиімділігіне сынау

       және талдау жүргізуді

       қамтамасыз ету, оларды қолдану

       жөнінде ұсынымдар әзірлеу


8.2.10. 9000 сериялы ИСО халықаралық   Әдістемелік Комитет        2001-2002

        стандарттары негізінде         нұсқаулар                     жж.

        экспорттық қазақстандық

        өнімдердің негізгі түрлерін

        дайындайтын ұйымдарда сапа

        жүйесін;

        14000 сериялы ИСО халықаралық

        стандарттарына сәйкес қоршаған

        ортаға әлеуетті қауіпті

        өндірісті ұйымдарда қоршаған

        ортаны қорғау жүйесін енгізу

        жөнінде практикалық көмек

        көрсету


8.2.11. 14000 сериялы ИСО халықаралық  Стандарттар   ТОҚМ        2001-2002

        стандарттарын сәйкес қоршаған                               жж.

        ортаны қорғау және экологиялық

        қауіпсіздік мәселелері жөнінде

        нормативтік құжаттар әзірлеу


       8.3. Техника-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтау жүйесін

                       және сызықтық кодтауды жетілдіру


8.3.1.  Республиканың құзыретті        Комитеттің    Комитет     2001-2002

        ұйымдарына білім, қоршаған     бұйрығы                      жж.

        ортаны қорғау, банктік,

        қаржылық және сыртқы

        экономикалық қызмет,

        статистикалық сыныптауыштар

        мен атаутізімдер, негізгі

        қорларды сыныптау жүйелерінде

        техника-экономикалық және

        әлеуметтік ақпараттар

        сыныптауыштарын әзірлеу мен

        жүргізуді бекіту


8.3.2.  Техника-экономикалық және      Комитеттің   ЭСМ, ТОҚМ,    2001-2002

        әлеуметтік ақпарат             бұйрықтары   ҚарМ, ДСА,       жж.

        сыныптауыштарын әзірлеу және                Комитет

        бекіту    


                  8.4. Өнімді каталогтау жүйесін дамыту


8.4.1.  Өнімді каталогтау жөніндегі    Стандарттар  Комитет       2001 ж.

        жұмыстарды ұйымдастыру және

        жүргізу тәртібі жөніндегі

        стандарттарды әзірлеу    


8.4.2.  Өнімді каталогтау жөніндегі    Есеп         Комитет       2001-2002

        деректер қорын жүргізу үшін                                  жж.

        арнайы жабдық сатып алу       


8.4.3.  "Қазақстан Республикасының     Комитеттің   Комитет       2001 ж.

        өнімдері" каталогын құру       бұйрығы


                8.5. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі және

                        аккредиттеу жүйесін дамыту


8.5.1.  Халықаралық деңгейде           Комитет      Комитет       2001-2002

        сертификаттау және             бұйрығы                       жж.

        аккредиттеу бойынша жұмыстар

        нәтижелерін тануды қамтамасыз

        ету жөніндегі шараларды

        анықтау


8.5.2.  Өнімнің түрлі топтарын         Нормативтік  ЭСМ, ЭМРМ,    2001-2002

        сертификаттау ережелері мен    құжаттар     ККМ, АШМ,        жж.

        рәсімдерін Кеден Одағы                      ДСА, Серти.

        елдерінде қолданыстағы сондай               фикаттау

        ережелермен және рәсімдермен                жөніндегі

        сәйкестендіру жөнінде шаралар               аккредит.

        қабылдау                                    телген

                                                    органдар

                                                    (келісім

                                                    бойынша)


    8.6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қорын жетілдіру


8.6.1.  Қазақстан Республикасының      Комитеттің   Комитет       2001 ж.

        Мемлекеттік стандарттар қоры   бұйрығы

        кеңесі туралы ереже дайындау

        және нормативтік құжаттардың

        салааралық қорларымен

        қызметін үйлестіру


8.6.2.  Экономикасы дамыған елдердің   Нормативтік  Комитет      2001-2002

        халықаралық, аймақтық және     құжаттарды                   жж.

        ұлттық регламенттерін,         сатып алу

        стандарттарын, халықаралық

        ұйымдар сыныптауыштарын сатып

        алу және олардың мемлекеттік

        және орыс тілдеріне аударылуын

        қамтамасыз ету


8.6.3.  ҚР Мемлекеттік стандарттар      Енгізу       ЭСМ, ТОҚМ,  2001-2002

        қорының пайдаланушыларымен      туралы       АШМ, ДСА,      жж.

        нормативтік құжаттарды әзірлеу  кесімдер     ТЖА, ЭМРМ,

        және қамтамасыз ету кезінде                  Комитет

        ақпараттық технологиялар және

        телекоммуникациялық жүйелер

        енгізу


8.6.4.  Бірыңғай ақпараттық-библиогра.  Мемлекеттік  ЭСМ, ТОҚМ,    2001 ж.

        фиялық деректер қорын           басқару      АШМ, ДСА,

        қалыптастыру үшін техникалық    органдарының ТЖА, ЭМРМ

        регламенттердің, нормативтік    бұйрықтары

        құжаттардың тізбесін және

        міндетті данасын Комитетке

        беру


8.6.5.  ҚР Мемлекеттік стандарттар      Есеп         ЭСМ          2001-2002

        қорын және ВТО-мен өзара                                     жж.

        іс-қимыл жөнінде ақпараттық

        қамтамасыз етуді материалдық

        -техникалық жабдықтау


       8.7. Стандарттау және сертификаттау жөнінде мамандарды даярлау

                        және олардың біліктілігін арттыру


8.7.1.  Өнім, қызмет, өндіріс, сапа     Сарапшы-     ЭСМ,         2001-2002

        жүйелерін, қауіпсіздікті        аудиторлар.  Комитет         жж.

        қамтамасыз ету жүйелерін        дың серти.

        стандарттау, сертификаттау      фикаттары

        жөніндегі сарапшы-аудиторларды

        даярлауды қамтамасыз ету    


8.7.2.  Сертификаттау жөніндегі         Сарапшы-     ЭСМ,         2001-2002

        халықаралық органдарда          аудиторлар.  Комитет         жж.

        сарапшы-аудиторларды сапа       дың серти.

        жүйелері бойынша оқуын          фикаттары

        қамтамасыз ету         


8.7.3.  Стандарттау және сертификаттау  Бұйрық,      Комитет      2001 ж.

        жөніндегі мамандарды даярлау    үлгілік

        және оқытатын бағдарламалар,    бағдарла.

        әдістемелік және көрнекі        малар,

        құралдарды әзірлеу              әдістемелік

        мәселелерінде бірыңғай          ұсынымдар

        саясатты анықтау    


8.7.4.  Қазақстан Республикасының       Іс-шаралар   БҒМ, ЭСМ     2001 ж.

        Білім және ғылым

        министрлігімен бірлесіп

        Республиканың білім беру жүйесі

        мекемелерінде стандарттау және

        сертификаттау бойынша пәндерді

        оқыту жүйесін дамыту жөнінде

        іс-шаралар әзірлеу 


                     8.8. Халықаралық ынтымақтастық


8.8.1.  Стандарттау, метрология және    Келісімдер   ЭСМ, ҚарМ    2002 ж.

        сертификаттау жөніндегі

        мемлекетаралық кеңеске (МАК)

        ай сайын мүшелік жарна төлеп

        тұру  


8.8.2.  Стандарттау жөніндегі           Келісімдер   ЭСМ, ҚарМ    2001-2002

        халықаралық ұйымға (ИСО)                                     жж.

        ай сайын мүшелік жарна төлеп

        тұру  


8.8.3.  Халықаралық электротехникалық   Үкіметтің    ЭСМ, ҚарМ,   2002 ж.

        комиссияға (ХЭК) мүшелікке өту  қаулысы      СІМ


8.8.4.  Еуропалық одақтың, Шығыс        Келісімдер   ЭСМ, СІМ     2001-2002

        Еуропа елдерінің сертификаттау                               жж.

        жүйелерінде сертификаттау

        бойынша аккредиттеу жөніндегі

        шетелдік ұйымдармен халықаралық

        ынтымақтастықты қамтамасыз ету,

        сертификаттау жөніндегі

        аккредиттеу органдарын және

        сынау зертханаларын өзара тану

        туралы келісімдер дайындау


8.8.5.  Стандарттау, метрология және    Келісімдер   ЭСМ, БҒМ     2001-2002

        сертификаттау жөнінде                                        жж.

        халықаралық және мемлекет.

        аралық ұйымдардың жұмыстарына

        қатысу және стандарттау,

        метрология және сертификаттау

        жөніндегі ұлттық ұйымдармен

        ынтымақтастықты қамтамасыз

        ету


         8.9. Азаматтық және қызметтік қарудың және оның оқтарының

                       үлгілерінің мемлекеттік кадастры


8.9.1.  Лицензиялық бағдарламалық       Есеп         Комитет      2001-2002

        қамтамасыз етілген кадастр                                   жж.

        құру жөніндегі жұмыстарды

        қамтамасыз ету    


8.9.2.  Қызметтік және азаматтық қару   Қазақстан     ІІМ,        2002 ж.

        және оның оқтарының             Республикасы  Комитет

        үлгілерінің мемлекеттік         Үкіметінің

        кадастрын әзірлеу және бекіту   қаулысы

---------------------------------------------------------------------------



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады