Саха Республикасына (Якутия) материалдық көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 шілде N 914

      2001 жылғы мамырда қатты су тасқынынан болған табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен Саха Республикасына (Якутия) материалдық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Саха Республикасына (Якутия) материалдық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен кейіннен Саха Республикасының (Якутия) Үкіметіне беру үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне 50 000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада ақшалай қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі:
      1) көрсетілген қаражатты айырбастасын және оны белгіленген тәртіппен Саха Республикасы (Якутия) Қаржы министрлігінің арнайы шотына аударсын;
      2) Саха Республикасына (Якутия) Лена өзенінің бассейніндегі апатты су

 

тасқынының алдын алу және олардан болуы мүмкін залалды азайту бойынша

кешенді іс-шараларын жүзеге асыру жөнінде әдістемелік және консультативтік

көмек көрсетсін.

     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан

Республикасы Үкіметінің материалдық көмек көрсетуі туралы дипломатиялық

арналар арқылы Саха Республикасының (Якутия) Үкіметін хабардар етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады