Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне көші-қон мәселелері
бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
көші-қон мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне толықтырулар
енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 U952337_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 жылғы 20 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 20 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы Z010164_ Заңы):
28-баптың екінші бөлігіндегі "ішкі істер органдарының" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізіледі" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
13 желтоқсандағы
Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат):
мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
"29-1-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары шығару
Иммигранттарды Қазақстан Республикасынан тысқары шығару шетелдіктер
мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы заңдармен
айқындалатын жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады".
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.