"Алатау" қонақ үйi" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 шілде N 935

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының, "Қазхром" ұлтаралық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы және "Еnriсhмеnt" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң Түрiк Республикасының Кемер қаласындағы Бельдиби ауданында орналасқан қонақ үй құрылысына енгiзген салымдарына барабар Қоғамның жарғылық капиталына үлестiк қатысуымен "Алатау" қонақ үйi" жабық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) бiрлесiп құру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "Қазхром" ұлтаралық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) және "Еnriсhмеnt" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) құрылтай шартын жасасын;
      2) Қоғамның Жарғысын бекiту кезiнде оның қызметiнiң негiзгi мәнi қонақ үй бизнесiндегi шаруашылық қызметiн жүзеге асыру, қонақ үйде тұратын адамдардың емделуi мен демалысын ұйымдастыру болып анықталсын;
      3) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      4) жоғарыда аталған қонақ үйдiң мүлкiн бағалауды жүргiзсiн және осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының оған Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетін иемдену және пайдалану құқығын беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 P961455_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Алатау" қонақ үйі" ЖАҚ;
      2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-14-жолмен толықтырылсын:
      "21-14. "Алатау" қонақ үйi" ЖАҚ;
      3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк

 

пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi

құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27

мамырдағы N 659 


P990659_


  қаулысына:

     көрсетiлген қаулыға қосымшада:

     "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы" бөлiмi мынадай

мазмұндағы реттiк нөмiрi 238-1-жолмен толықтырылсын:

     "238-1. "Алатау" қонақ үйi" ЖАҚ.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады