Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысы 2001 жылғы 12 шілде N 944. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151   қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары комитетi туралы ережеде: 
      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен ашылған шоттар арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады."; 
      18-тармақ: 
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "1-1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;";
      5) тармақша "құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi" деген сөздерден кейiн "және аумақтық органдар туралы үлгілiк ережелердi" деген сөздермен толықтырылсын. 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады