Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 25 шілде N 1006. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы          
Үкіметінің                
25 шілдедегі N 1006            
қаулысымен бекітілген          

Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен
орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған
Бағдарламасы

Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен
орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған
бағдарламасының төлқұжаты

Бағдарламаның аталуы          Уран шығаратын кәсiпорындарды
                              сақтау және шығарылған уран кен
                              орындарының зардаптарын жою

Бағдарламаны даярлаудың       Қазақстан Республикасы Президентiнiң
негiздемесi                   "Халық денсаулығы" мемлекеттiк
                              бағдарламасы туралы" Жарлығы .
                              Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                              2000 жылғы 10 сәуiрдегi N 10
                              хаттамалық шешiмi

Бағдарламаның мемлекеттiк     Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
тапсырыс берушiсi             ресурстар министрлiгi

Бағдарламаның негiзгi         Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
әзiрлеушiсi                   ресурстар министрлiгi

Бағдарламаның мақсаттары      Бұрынғы уран шығарған кәсiпорындардың
                              радиациялық қалдықтарының әсерiнен
                              халықты қорғау;

                              радиациялық қауiптi объектiлердi
                              түгендеу және олардың қауiптiлiк
                              дәрежесiне қарай жерлердi қалпына
                              келтiру;

                              пайдаланудағы иондаушы сәуле құтылық
                              көздерiн есепке алу мен сақтауды және
                              таусылғандарын көмудi жүйелеу;

                              шұғыл оңалту жұмыстарының түрлерi мен
                              көлемiн және қажеттi қаржы қаражатын
                              анықтау

Iске асыру мерзiмi            Бiрiншi кезектi объектiлердi 2001-2005
                              жылдары, екiншi кезектiлерiн
                              2006-2010 жылдары оңалту

Бағдарламаның негiзгi         "Уранликвидрудник" республикалық
орындаушылары                 мемлекеттiк кәсіпорны

                        Кіріспе

      Қазақстан аумағындағы уран кен орнын барлау және жедел iздестiру қырқыншы жылдардың ортасында басталған болатын және 1951 жылы аяқталды, мұнда алғашқы өндiрiстiк кен орны ашылды. Одан кейiн, бiрнеше кен орындары ашылды. Осылардың негiзiнде 3 комбинат құрылды, олар уран кендерiн өндiредi және қайта өңдейдi. Атап айтқанда: Оңтүстiк Қазақстанда - Қырғыз тау-кен комбинаты (1953 ж.), Солтүстiк Қазақстанда - Тың тау-кен химиялық комбинаты (1957 ж.), Батыс Қазақстанда - Каспий тау-кен металлургия комбинаты (1959 ж.).
      Соңғы қырық жыл iшiнде Қазақстанда 20 уран шығаратын кен орындары (6) белгiлi болды. Осы жыл аралығында бұрынғы КСРО уранының 40 пайызы өндiрiлдi. 1992 жылы Қазақстан уран өндiруден 3-шi орын (Канада және Нигериядан кейiн) және жалпы уран өндiру ауқымынан 7-шi орынды алды. Осындай кен ауқымды тау-кен жұмыстарын жүргiзуде уран кен орындарының атқарған жұмыстары ауқымды болды: жалпы алаңдары уран өндiретiн кәсiпорындардың радиоактивтiк қалдықтарының әсер етуi қазiргi жағдайда былай бағаланады: 10 000 га, жалпы әсерi - 250 000 Ки, 50-шi жылдан бастап Қазақстан аумағында 170 млн. ш.м. жуық радиоактивтi қалдықтар жинақталды, бұлар кен байыту фабрикалары түрiнде жұмыс iстедi. Гидрометаллургиялық зауыттар өз қалдықтарын және тауар рудаларын тиiстi жерлерге көмудi (сақтауды) жүргiздi.
      Осы Бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттiлiгi алда тұрған ауқымды жұмыстарға баға берiп, уран өндiрiлетiн аудандардағы радиациялық жағдайларды қалпына келтiруге себеп болады. Осы мақсатта оларға зерттеу жұмыстарын жүргiзу және баға беруде атқарылатын жұмыстардың мерзiмдерi және көлемдерi, сонымен бiрге талап етiлетiн қаржы қаражаты көзделдi.
      Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң 2000 жылғы 1 маусымдағы бұйрығымен әзiрлендi. Осы Бағдарламаны әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығы заңдық негiзi болып табылады (N 4153 16.11.98 ж.), мұның 1.2-бөлiгiнде былай делiнген:
      Кен алынған қабаттарды және радиоактивтік кен өндіру мен ұқсату жөніндегі кәсіпорындардың қалдық сақтау орындарын зарарсыздандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілмейді.
      Радиоактивтiк қалдықтарды көму үшiн жағдайдың жоқтығынан олардың жинақталу процесi жалғасуда, сәуле шығаратын көздердiң ұрлануымен, жоғалуымен және пайдаланылмауымен байланысты радиациялық авариялар саны өсуде.
     Бағдарлама 2001-2010 жылдар кезеңiн қамтиды. Мұнда ТАСIS желiсi бойынша соңғы жылдардың зерттеу жұмыстары пайдаланылды, яғни орындалатын жұмыстар, сондай-ақ геологиялық барлау және тау-кен жұмыстарымен шұғылданатын кәсiпорындардың атқарған жердi өңдеу жұмыстарының және осы маңайды сақтау жобаларды қарастырылды.

        1 Кесте. Аймақтар бойынша уран кен орындары объектілерін
                   және радиоактивтік қалдықтарды бөлу

Жабылатын жер !  Өлшем  !Солтүстік! Орталық !Оңтүстік ! Батыс   ! ҚР  
объектісінің  ! бірлігі !Қазақстан!Қазақстан!Қазақстан!Қазақстан! бойынша
аталуы        !         !         !         !         !         ! барлығы

Кен орны          дана       34         6         23        2         65
Кендер            дана       19        17         25        -         61
Қалдықтарды       дана        1         1          -        1          3
сақтау орны
Теңгерімдік
кендер қалдықтары мың м3    785,6       -          -        -        785,6
Теңгерімнен тыс
кендер қалдықтары мың м3  1 972,7   468,3      4 948,1      -      7 389,1
Теңгерімдік және
теңгерімнен тыс
араласқан кендер  мың м3     41,9       -          -        -         41,9
қалдықтары
Теңгерімнен тыс
кендер және бос
жыныстардың аралас
қалдықтары
(+- теңгерімдік   мың м3    262,8     48,3     1 928,4      -      2 239,5
кендер қалдықтары)
Қалдықтар*        мың м3    194,2     76,7        37,8      -        308,7
Кен байыту
фабрикаларының
қалдықтары        мың м3    749,8       -          -        -        749,8
Үймелеп
қышқылдандыру
штабельдері       мың м3  1 045,8       -      2 210,0      -      3 255,8
      Е қалдық    мың м3  5 052,7    593,3     9 124,3      -     14 770,4
Қалдықтар         мың м3 49 450,0    420,0         -   104 000,0 153 870,0
Е қалдық    мың м3 54 502,8  1 013,3     9 124,3 104 000,0 168 640,4
__________________________________________________________________________
      * - қалдықтардың құрамы туралы мәліметтер жоқ

             1. Проблеманың қазiргi жағдайын талдау

     Стратегиялық мiндеттердi орындаудағы соңғы он жылдың iшiнде елiмiздiң қалқанын қажеттi шикiзат мәселелерiмен қамтамасыз етудегi уран өндiретiн және оны өңдейтiн кәсiпорындардың радиоактивтiк қалдықтарын адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға әсерiн келтiрмеу мәселелерi екiншi кезекке қалып қойды және жүйелi зерттелмедi. Бұған тиiстi экологиялық заңдардың болмауы және қоршаған ортаны қорғаудағы нақты атқарылатын жұмыстардың жоқтығы өз кезегiнде салқындығын тигiздi.
      Осыларға қарамастан, радиоактивтiк қалдықтардың әсерiн азайту жөнiндегi кейбiр шаралар өткiзiлдi. Уран өндiретiн және өңдейтiн объектiлердi түгендеу жұмыстары жалпыодақтық "Радиоактивтiк қалдықтармен жұмыс iстеу жөнiндегi 1991-1995 жылдары және 2005 жылдың болашағында мемлекеттiк Бағдарлама" шеңберiнде жүргiзiлдi. Бағдарлама КСРО-ның Атом энергоөнеркәсiп министрлiгi 1991 жылы әзiрлеген болатын, бiрақ белгiлi саяси жағдайларға байланысты ары қарай дамуын таппады. 1991 жылы КСРО аумағында 23 қоймаларда әртүрлi оңалту шаралары жүргiзiлген болатын. Бұлардың басты мақсаты - қалдықтың бетiн 1,5 метрлiк қалыңдықта жер қабатымен тегiстеу болатын. Мұндай жұмыстар жер асты рудниктерiнiң аумағында да атқарылды.
      Осындай жұмыстардың атқарылуынан қалдықтарды жабу жұмыстары негiзгi қауiптi радиациялық уран өндiретiн өнеркәсiп объектiлерiнің маңайын сақтау болатын. Өйткенi, гидрометаллургиялық шаралар кезiнде барлық өңдеу жұмыстары қалдықтарға айналып кететiн болған. Уран өнiмдерiмен қоса, өңделетiн рудалардың жалпы 15 пайызы сыртқа шығарылады. Сөйтiп, кейбiр табиғи радондардың таралуынан алғашқы радиоактивтi зақымдану 70 пайызға жетедi.
      Қазiргi уақытта Қазақстанда 2 қалдықты сақтау орындары пайдаланылуда - Өскемен қаласындағы Yлбi металлургия зауыты және Степногорск қаласына жақын Заводской поселкесi "ҚазСабтон" ЖАҚ гидрометаллургиялық зауыты. Бұрынғы Ақтау қаласындағы Каспий кен металлургиялық комбинатында қалдықтарды сақтау 1994 жылдан бастап пайдаланылмайды. Ал, 2000 жылы 57.00 Бағдарламасы шеңберiнде Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi осы алаңдардағы қалдықтарды сақтаудағы радиоактивтi алаңдарды оңалту жобасын қаржыландыруда.
      Бұл мақсатты жұмыстарды жүргiзуде қоршаған ортаның жағдайын, әсiресе радиологиялық жағдайдың өзгеруi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi (N 103 31.12.92 ж.) "Қазақстан Республикасындағы радиологиялық жағдайды өзгерту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы шешiмi" қабылданған болатын, бұдан кейiн Қазақстан аумағында радиациялық зерттеу жұмысы жандана түстi. Бұл Бағдарламадағы маңызды жұмыстар уран өңдейтiн өнеркәсiп аумақтарында радиоактивтiк көздердiң әсер ету сипаттамасын сараптау көзделген. Бұл жоспар 1993-1995 жылдары атқарылуы тиiс едi.
      Радиоэкологиялық зерттеулер көлемiн жүргiзудегi кең ауқымды жұмыстарды "Жарыс" МХК бөлiмшелерi орындады. Олар мынадай нәтижеге қол жеткiздi:
      - радиогидрохимиялық аумақты суретке түсiру 1:1 000 000 орындалған жұмыстар 615 мың км2 атқарылды, 150 мың км2 алаңдарда радиоактивтiк ластану анықталды (Семей сынақ полигоны қызметiнiң нәтижесi), бұл алаңдар ауыр металдармен және органикалық қосындылармен ластанған болатын;
      - Шу-Сарысу уран-руда өндiру жерлерiнде жердiң бетi табиғи радонның сәулелерiмен зақымданғаны анықталды, оның зақымдануы 16 800 Бк/кг;
      - Оңтүстiк, Орталық және Солтүстiк Қазақстанда геологиялық барлау объектiлерiнiң 18-де осындай өңделетiн жұмыстарға зерттеулер жүргiзiлдi;
      - ірi масштабты радиометрикалық суретке түсiруден 18 облыс орталықтары, 60 өндiрiстiк тораптар, елдi мекендер мен көпшiлiк демалатын орындар зерттелдi. Зерттелгендердiң 10 мың км2 алаңында, оның iшiнде 2,7 мың км2 алаңында Батыс Қазақстандағы мұнай өндiру жұмыстарының кезегi; мұнда 509 радиоактивтiк оқиғалар тексерiлдi, оның iшiнде 279-ы бiлiктi радиоактивтi техногендiк учаскелерде өңдеу жұмыстарымен атқарылды.
      8 қалада 18 бақыланбаған немесе зерттелмеген көздер анықталды. 1000 мектептердегi алаңдарды зерттегенде мектепке дейінгi және өзге мекемелерде 607 радиоактивтiк көздер анықталды. Бұлар алғашқы жүздiктен 35 000 мкр/сағ. дейiн болды.
      Бiрақ, нақты жұмыстардың атқару нәтижелерiне қарамастан, экономикамызды жақсартуда дәл осы жұмыстарға 1996 жылдан жете көңiл бөлiнбедi.
      Сонымен, 1993-96 жылдары уран өндiретiн кәсiпорындарға жете көңiл бөлiнiп қоймай, сонымен бiрге сынақ полигондарының ауқымды алаңдарына да көңіл бөлiндi.
      Уран өндiрушi және уранда мамандандырылған геологиялық барлау ұйымдары осы кезеңде барлық Оңтүстiк және Солтүстiк Қазақстан рудниктерiн өңдеу жобаларын әзiрледi. Жезқазған облысындағы (қазiргi Қарағанды) облысы Жиделi кен орындарының уран объектiлерi өңделдi.
      Бұл кезде Волковгеология (Оңтүстiк Қазақстан) және Степгеология (Солтүстiк Қазақстан) геологиялық барлау кәсiпорындарында өңдеу жұмыстары басталды пайдалануға берiлмеген уран кенорындарында. Осындай жұмыстарды мұқият атқару үшiн 57 объектілер зерттелдi.
      1993-1996 жылдары Тың тау-кен химиялық комбинаты Заозерное, Восток, Звездное, Туша, Мыңбай, Шат, Тастыкөл, Глубинное кен орындарын өңдеу және оны сақтау жобаларына тапсырыс бердi. Солтүстiк Қазақстандағы жабық уран рудниктерiне радиациялық-экологиялық кешендi баға беруде жер қабатындағы ластанған жерлерге ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды.
      Өкiнiшке орай, кәсiпорындар әзiрлеген осы жобалардың бiрде-бiреуi iс жүзiнде жүзеге аспады. Жоғарыда аталған жұмыстар кейiнiрек зерттеулер нәтижесiнде ТАСIS шеңберiнде және NUCREG (1996 ж.) және ВISТRО (1999 ж.) бағдарламалары орындалды. Алғашқы жобада уран саласының 100 объектiсi қаралды. Осылардың 6 объектiсi мұқият зерттелдi:
     - Өскемен қаласындағы Үлбi металлургия зауытының қалдықты сақтау жерлерi;
     - Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия комбинатының қалдықты сақтау жерлерi;
     - Ботабұрым (Жамбыл облысы Ақсүйек кентi) кен орындарының маңы;
     - Қордай (Жамбыл облысы) кен орындарының маңы;
     - Қызыл (Қарағанды облысы) кен орындарының барлау маңы;
     - Косашы (Солтүстiк Қазақстан облысы Сарытүбек кентi) кен орындарының барлау маңы.
     Толық зерттеулер мынаны көрсеттi, радиоактивтiк деңгейдiң өсiмдiктерде және суларда анықталғандарына қарамастан бұрынғы уран объектiлерiнiң көпшiлiгi қоршаған ортаға аса қауiп туғызбайды. Осы ретте бұлар осы жерден құрылыс материалдарына және басқа жұмыстарға пайдаланған алынған материалдар зиянды болуы мүмкiн.
     Бұрынғы 100 уран объектiлерiнiң радиациялық қауiптiлерi 13 объект болып отыр:
     - УМЗ (Өскемен қаласы) қалдықты сақтау орны;
     - ГМЗ ЦГХК (Заводской кентi, Ақмола облысы) қалдықты сақтау орны;
     - Панфилов (Алматы облысы) кенорны;
     - Қордай (Жамбыл облысы) кенорны;
     - Есiл (Красногорск кентi, Ақмола облысы) кен орны;
     - Косашы (Солтүстiк Қазақстан облысы, Сарытүбек кентi) кен
орны;
     - Ботабұрым (Жамбыл облысы, Ақсүйек поселкесi) кен орны;
     - Восход (Ақмола облысы) кен орны;
     - ПГМК (Ақтау қаласы, Қошқар Ата өз.) қалдықты сақтау орны;
     - Мыңбай (Ақмола облысы, Степногорск қаласы) кен орны;
     - Глубинное (Ақмола облысы) кен орны;
     - Балкашин (Ақмола облысы, Шаңтөбе) кен орны;
     - Маяк (Ақмола облысы, Күйген жар а.) кен басқармасы.
       Екiншi жоба жан-жақты қарастырылған Жамбыл облысының ғана уран өңдеу саласының объектiлерiне арналды. Ал ең басты назар, алғашқы жобадағы iрi қауiптi Ботабұрым, Қордай және Қызылсай кен орындарына аударылды. Осы iрi уран кен орындарында қырық жылдан берi жұмыстар атқарылғандықтан оларға радиологиялық жағдай талдамасы жүргiзiлдi. Рудниктер мен оның маңындағы аумақтарда материалдар бойынша қосымша зерттеулерден топырақ бетiн, суды және ауаны радионуклеидтермен ластану дәрежесiне сипаттама берiлдi.
      Ластанған объектiлердiң ластану дәрежесiне баға беруде әдiстеме әзiрленiп, Шығыс Европадағы тәжiрибелер қолданылды. Соның салдарынан 80-шi жылдардың аяғында 90-шы жылдардың басында жабық уран өңдеу кәсiпорындарында оңалту шаралары жүзеге асырылды. Мұның басты маңызы - оның қауiптілiгiне бал көрсеткiшi бойынша уран объектiлерiне баға беру. Бұдан әрi осылардың аясында басымды жұмыстарды анықтауға көңiл бөлiндi. Тұрғындарға аса қауiптi болатын жағдай адамдарда дейінгі аралықтағы ластану көздерінің ара қашықтығы болып табылады.
      Кешендi баға беру әдiстемесiнде жеке алғанда Оңтүстiк Қазақстандағы Восточный және Западный кен басқармаларына және Қордай кен орнына көңiл бөлiндi. Бұлардың ішiнде алғашқы кезекте Ботабұрым кен орнының N 2 учаскесi, Қызылсай және Қордай кен орындары болып табылады.
      Қауiп туғызатын дәреже бойынша (есеп беру авторларының) сараптаушылардың экологиялық жағдайды кен орны учаскелерiнде қалыпқа келтiру жөнiндегi алғашқы кезектегi мiндеттер жинақталды:
      - тау-кен орындарын ашу (карьерлер, ойпаттар, шахтылар);
      - кендер мен бос қалыптарының жинақталған жерлерiн анықтау;
      - алаңдарды өңдеу;
      - өнеркәсiп алаңдарын өңдеу.
      Барлық салалардағы (кен орындарында) Оңтүстiк Қазақстандағы қалған объектiлерде жоғарыда аталғандардан басқа, "... олардың адамдардан алыс жерлерде орналасуы және бұрынырақтағы жұмыстар атқарылғандығы, мұндағы тау бөктерiндегi қалдықтардың өзiнен-өзi тегiстелуi, өйткенi мұнда бос кеннiң жиынтықтары жинақталған болатын". Осындай объектiлер бұдан әрi айтылатын болса Солтүстiк және Орталық Қазақстанда бар.
      Жабық уран өңдеу кәсiпорындарына қатысты стратегиялық iс-қимылдарды әзiрлеу осы Бағдарламада Оңтүстiк Қазақстан кен орындары үшiн жасалған ұсыныстарда басқа аумақтардың объектiлерiне қолдануға жатады. Осы аумақтар үшiн ТАСIS сараптаушылары әзiрлеген әдiстемелiк кешендi жұмыстарға баға беру және олардың басымдықтарын анықтау жан-жақты өзiнiң ерекшелiктерiмен қоса ескерiлген болатын.

               2. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты бұрынғы уран өндiрген кәсiпорындардың аумақтарын өңдеу болып табылады. Осы тұрғыда осы жерлердегі экологиялық жүйе элементтерiн қалыпты жағдайға келтiру, яғни оның (суын, топырағын, ауасын) бiрiншi кезекте радиоактивтi ластануды адамдардың денсаулығына зиян келтiрмейтiн деңгейге жеткiзу.
     Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Бағдарламаны әзiрлеген кезде мынадай мiндеттер қойылады:
     - Қазақстанның кен басқармалары мен кен орындарында барлық уран мәселелерi жөнiнде толық мағлұматтар;
     - радиациялық қауiптi объектiлердi түгендеу және олардың қауiптілік дәрежесiне қарай өңдеу;
     - пайдаланудағы иондаушы сәуле құтылық көздерiн есепке алу мен сақтауды және таусылғандарын көмудi жүйелеу;
     - шұғыл атқарылатын жұмыстар көлемiн анықтау және радиациялық қауiптi объектiлердi оңалту үшiн қажеттi қаражат бөлу.

      3. Бағдарламаның негiзгі бағыттары мен іске
                       асыру жолдары

      Бағдарламаның басты мақсатын орындау үшiн - радиоактивтік ластануды халық денсаулығына зиян келтiрмейтiн деңгейге жеткiзу, қамтылатындар:
      - тау-кен, шахта әдiстерi арқылы кен өндiрудiң экономикалық тиiмсiздiгiне байланысты жабылған кәсiпорындарды сақтау;
     - баланстық кен қорының таусылуына байланысты өндiрiс жұмыстары тоқтатылған кәсiпорындарды жою.
     Уран өңдеу кәсiпорындарына қарасты болған жерлердi өңдеу үшiн қамтылатындар:
     - радиоактивтiк қалдықтарды көму;
     - радиациялық ластанған объектiлердi дезактивациялау;
     - бүлiнген жерлердi қайта шұрайландыру.
       2001-2005 жылдары, мөлшерленген шығын мен күтiлетiн нәтижелердi салыстыру көзқарасын басшылыққа ала отырып, әсiресе өте қауiптi радиациялық, негiзiнен алғанда, тұрғындары көп аудандарға қатысты және қауіптілігi жөнiнен бiрiншi кезектегi объектiлердi санациялау жоспарланып отыр (3 кесте). Экономикалық мақсаттылықты басшылыққа ала отырып, нормалық актiлердегi ережелерге сай жұмыстарды орындау iрi қаржы көздерiн тартуды қажет еткенiмен, осы кезеңдерде алғашқы шұғыл жұмыстарды атқару көзделуде.
      Сақталатын және жойылатын кенiштердiң басты объектiлерi:
      - теңгерiмдік және теңгерiмнен тыс кендердiң қалдықтары, қышқылдандырылған үйiндiлер қалдықтары;
     - өндiрiстiк алаңдардың ластанған аумағы;
     - жойылмаған (сақталмаған) тау-кен қазбалары (шахта өзектерi,
кенiштер, беттiк ойылымдар т.б.).
     Екiншi кезектегi объектілердi оңалту жұмыстары және бiрiншi кезектегi объектілердiң екiншi дәрежедегi мiндеттердi аяқтаудағы жұмыстары 2006-2010 жылдары мониторингтiң көрсеткiшi бойынша қоршаған ортаны сақтау мақсатында өте қажетті деп тапқан объектiлерде орындалады және бұл жерлердегi жұмыстар қоршаған ортаны сақтай отырып, радиациялық сәулелердiң әсерлерiн жоюға баға беру болып табылады.

        3.1. Кен орындары бойынша басым объектiлер

               3.1.1. Солтүстiк Қазақстан

      Солтүстiк Қазақстандағы тау-кен шахтасы әдiсiмен уран шығарылған және барланған 34 кен орындарын сақтап қою (өңделмеген кен орындарын) және жер бетiн өңдеу (барлық кен орындарында) жұмыстары бiрiншi кезекте N 5 кен басқармасының кен орындарында (Грачевское, Косашы), N 4 кен басқармасында (Есiл, Шоқпақ, Қамыс), N 3 кен басқармасында (Заозерное, Тастыкөл), N 1 кен басқармасында (Балкашин, Аққанбiрлiк, Восток) жүргiзiлетiн болады.
      N 1 кен басқармасының аумағындағы радиоактивтiк қалдықтардың мәртебесi (тәнділігi) анықталмағандықтан, мұнда "ҚазСабтон" ЖАҚ, қазiргi уақытта Восток кен орнын пайдалану жұмыстарын жалғастыруда, N 4 үйiндiлеп қышқылдандыру қатары, сонымен бiрге үйiндiлеп қышқылдандыру ерiтiнділерiн қайта өңдеу кенiшi N 1 және N 2 карта-тұндырғыштарымен, осы Бағдарлама шеңберiнде санацияға жататын объектiлер ретiнде есептелмейдi. Өйткенi, бұл Бағдарламада жұмыс iстемейтiн кенiштер қамтылады.

          3.1.1.1. Грачев және Косашы кен орындары

      Бұл кен орындары "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық саябағының аумағында тұрғындар көп тұратын жерде орналасқан және жыл сайын астық егілетін құнарлы жерлерде орналасқан.
      2000 жылы Грачев кен орнын 15 жылға сақтауға қоюды, кеніштің кен алынған қабаттары мен кәсіп алаңшасын санитарлық-тазалық бағытта қайта баптауды, жер асты кешендерін және жер бетіндегі кешенді ғимараттарды сақтауды қамтитын "N 5 кен басқармасының N 12 кенiшiн сақтауға қою және қайта шұрайландыру жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi жұмыс жобасы" әзiрлендi.
      Жоба бойынша жұмыстар үстiмiздегi жылы басталды. 2000 жылы бөлiнген 20 млн. теңге жер бетiнде бүтiн қалған жабдықтарды бөлшектеуге, төрт опырымның екеуiн iшiнара қайта шұрайландыруға, екi пайдалану өзегiн сақтауға және кәсiп алаңшасының бiр бөлiгiнiң ластанған топырағын алып тастауға жұмсалды.
      Жұмыстың толық сметалық құны жоба бойынша 65 583.7 мың теңге құрайды (оның iшiнде 7 млн. теңге қайтарылады).
      Бiрақ осы объектiлердi қайта радиометрлiк суретке түсiру нәтижесiнде бұл қаражаттың жеткiлiксiз екенi анықталды.
      Грачев кен орнын сақтауға қою жөнiндегi (анықталған) жұмыс құны (N 12 кенiш) 71 575,99 мың теңгеге бағалануда (қайтарылмайтын сомасыз).
      1997 жылдарда өткiзiлген зерттеулерге сәйкес, "... Косашы кен орнының радиоактивтi қалдықтарының әлеуеттi қауiптiлiгi оларды құрылыс материалдары өндiрiсiнде немесе басқа мақсатта пайдаланғандықтан" болып табылады (6). N 2 және N 3 шахтылардың кәсiптiк алаңшалары мен опырымдарын қайта шұрайландыру жұмыстарына 1993 және 1995 жылдары "Степгеология" ӨГБ-де атқарылған есептер мен жобаларға сәйкес, 243 975,0 мың теңге қажет (2000 ж. бағасы бойынша).
      N 5 кен басқармасының объектiлерiн сақтауға қою және қайта шұрайландыру жұмыстарының жалпы құны 315 551,0 мың теңгенi құрайды.

            3.1.1.2. Заозерное және Тастыкөл кен орындары

      Заозерное кен орындарындағы N 8 руднигiнде 1956-дан 1992 жылдар аралығында 2.24 млн. м3 жер қойнауы өңделдi, жер бетiнде 536 мың м3 теңгерiмнен тыс және 79,705 мың м3 теңгерiмдiк кендер сақтаулы, 2.75 мың м3 тауарлы кендер жерүстi маңындағы қорымға жерленген.
      "3-КБ N 8 кенiшiн сақтауға қою және қайта шұрайландыру жұмыс жобасы" 1992 жылы өндiрiстiк технологияның Бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу жобалау институтында әзiрлендi. Жоба кенiштi 10 жыл сақтауға қоюды, жыныстық және баланстан тыс қалдықтарды, сонымен бiрге кәсiптiк алаңшаларды қайта шұрайландыруды, тауарлы кендердi радиоактивтi қалдықтарды жерлеу орнына (РҚЖО) көмудi, жерүстi кешенiн сақтауға қоюды, жабдықтарды бөлшектеудi қамтиды. 1994 жылы жоба бойынша жерастылық кешенді жою, тау-шахта жабдықтарын бөлшектеу, шахта өзектерiн тоқтатып қою жұмыстары орындалды.
     Жобадағы орындалмаған жұмыстың бөлiгi 2000 жылдың бағасы бойынша 1 576 331.6 мың теңге құрайды және мына жұмыстардан тұрады:
     - автомашиналар мен жабдықтарды дезактивациялау, жуу орнын
салу;
     - ғимараттарды дезактивациялау жұмыстары;
     - ғимараттарды сақтауға қою жұмыстары;
     - Көксар көлiн қайта қалпына келтiру;
     - қалдықтарды өңдеу жұмыстары;
     - балансты кендердi РҚЖО-ға көму;
     - автожолдар мен саздақ карьерлерiн салу;
     - жанар-жағар май тұндырғышы мен резервуары құрылысы;
     - Көксар көлiне автожолын салу;
     - iшкі алаңдар автожолдарын және кiрме темiр жолдарын қалпына келтiру;
     - көрiктендiру және көгалдандыру.
       Тастыкөл кен орнында басты ластаушы радиоактивтi объектiлерi болып көлемi 1 246 мың м3 болатын 4 баланстық және баланстан тыс кендер қалдықтары; белгiлi қауiптi қоршалмаған карьердiң 15 га алаңы туғызуда.
      1986 жылы N 9 шахта сақтауға қойылып, N 5 карьердегi баланстан тыс қалдықтарды өңдеу жұмыстары 1989 жылы орындалды. Өткен 12 жыл iшiнде жер бетiне жабылған зат қабаты (саздақ және павлодарлық балшық) үйiндiнiң көпшiлiк бөлiгiнде сумен шайылған, өсiмдiктер тамыр алмаған, яғни мұндағы жұмыстар дұрыс орындалмаған немесе толық атқарылмаған болып есептеледi.
      N 8 кешенін қайта қалпына келтіру және сақтауға қою, экологиялық жағдайды жақсартумен қоса, сол кездегі энергетикалық мүмкіндіктерді, өнеркәсіптік құрылысты, көлік жолдарын және инженерлiк коммуникацияны пайдалана отырып, тау-кен өндірісін басқа өнім түрлерін шығаруға бағыттап, осы арқылы кәсiпорын жұмыскерлерiнiң көп бөлiгін жұмыспен қамтамасыз етудi жорамалданған болатын.
      Қазiргi уақытта Заозерное кентiнде есептелген 7000 адамның 1000-ы тұрады, ешқандай өндiрiс орыны ұйымдастырылмаған. N 3 кен басқармасы 2000 жылдың ақпанынан бастап, тау-кен өндiрiсiн тоқтатқан 7 жылдан берi және инфрақұрылымның толық құлауынан кейiн, банкроттық жағдайға тартылуда.
      Әрине, бұл жағдайда жобадағы шешiмдердiң басым бөлiгiн орындау жөнсiз болып табылатыны анық, бiрақ кейiнiрек, тау-кен iсiн қайта жаңғыртқанда, бұл шаралардың түгел орындалуы дұрыс деп табылуы мүмкін.
      Қазiргi жағдайда, Бағдарлама авторларының пiкiрiнше, N 3 кен басқармасының ауданы үшiн маңызды мәселенiң бiрi балансты және баланстан тыс кендер қалдықтарының әсерiн шектеу, тұрғындардың кәсiп алаңшаларының және карьерлердiң аймағына рұқсатсыз келуiне тосқауыл қою және ескерту болып табылады.
      Сондықтан N 3 кен басқармасының аймағын экологиялық сауықтыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар мыналар (Заозерное және Тастыкөл кен орындары - әсiресе):
     - N 8 кенiшiнiң теңгерiмнен тыс қалдықтарын өңдеу;
     - N 9 кенiшiнiң теңгерiмнен тыс қалдықтарындағы радонға қарсы жаппаны қайта орнату (Тастыкөл кен орны);
     - N 8 (Заозерное кен орны) және N 9 (Тастыкөл кен орны) кенiштердегi тауар кендерiнiң қалдықтарын РҚЖО-ға көму;
     - N 8 кенiшiнiң кәсiп алаңшасын қоршау және бүкiл периметрiнiң бойына ескерту белгiлерiн қондыру;
     - N 9 кенiшiнiң карьерi мен кәсiп алаңшасын қоршау және бүкiл периметрiнiң бойына ескерту белгiлерiн қондыру.
     Осы жұмыстардың бағасы шамамен 1 136 953 мың теңгенi құрайды.

          3.1.1.3. Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары

      Барлық төрт кен орындарындағы радиоактивтiк қалдықтар теңгерiмдiк және теңгерiмнен тыс кен қалдықтарымен (Шат және Ағаш) және аралас қалдықтармен (Глубинное және Көксор) айқындалады.
      1990 жылы ЦГКХ-ның жоба конструкторлық бөлiмi N 14 кенiшiнiң өндiрiстiк алаңдарын (Глубинное кен орны) және N 6 карьерiн (Шат кен орны) өңдеу жобасын әзiрлеген болатын. Жобада Шат кен орнының тауарлы және баланстан тыс кендерiн, сонымен бiрге ластанған топырақты N 6 карьерге тасымалдап және төсеп, бетiн қалыңдығы 1,0 метр болатын саздықпен жабу қамтылған.
      Қазiргi уақытта бұл жұмысты атқаруға мүмкiндiк болмай отыр, өйткенi карьер iшi айнасы шамамен 12 м тереңдiкте жатқан суға толы.
      Шат кен орнының қалдықтарының астында қалыңдығы 1,0 метр саз және полиэтилен пленкасынан тұратын жасанды сүзгiш экран сазды көпшiкке салынған. Глубинное кен орнындағы сүзгiш экран қалыңдығы 3-10 м табиғи балшық шөгiндiлерiнен тұрады, оның сүзу коэффициентi тәулiгiне 0,05 м болып табылады.
      Бұл жағдай қалдықтарды өз орындарында сақтауға қалдыруға мүмкiндік бередi.
      Мұндағы жұмыстар опырымдарды тегiстеуден, ластанған жерлерiн 0-25 см тереңдiкке дейiн тазалаудан және карьердi қоршаудан тұрады.
      Шат кен орнының карьерiнен 1 шақырым жерде, Глубинныйдан 6 шақырым жерде, Ағаштан 2,5 шақырым жерде орналасқан жақын арадағы елдi мекен (Дальний кентi) қазiр жоқ, сондықтан ең басты қауiптi - кен қалдықтарын құрылыс материалдарына пайдалану - алдағы 3-5 жылдың iшiнде елемеуге болады. Кен орындарының маңындағы жерлер пайдаланылмайды.
      Осыған байланысты, бұл кен орындары екiншi кезектегi объектiлер деп қаралады, мұндағы атқарылатын қайта қалпына келтiру жұмыстарын кен қалдықтарын және карьердi қоршаумен, ескертпе белгілерiн қоюмен бiтiруге болады.
      Жұмыстың құны шамамен 172 879,0 мың теңгенi құрайды.

              3.1.1.4. Есiл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары

      Есіл кен орнында 1992 жылға дейiн ЦГХК-ның N 4 кен басқармасына қарасты N 1 және N 2 кенiштерi жұмыстарын атқарды. Бұл кен орнының теңгерiмдiк қорлары толығымен сарқылды. 1993-94 жылдары жерасты кешенiнiң жабдықтарды бөлшектенiп, өндiрiмдер жойылды, яғни сумен толтырылды.
      1994-1998 жылдары уранды өңдеу толығымен аяқталғандықтан, алдымен кәсiпорынның өзi, соңынан берекесiздiкпен жер бетiндегi кешеннiң жабдықтары бөлшектенген. N 1 және N 2 кенiштерiнiң жер қабатындағы өңдеу жұмыстары орындалмады, қазiр сол жұмыстарға жобалар әзiрленуде.
      Шоқпақ және Қамыс кен орындарында N 3 кенiшi бiр шахталық алаңнан аталу ретiне сәйкес 1977 және 1986 жылдардан бастап жұмыс iстедi. Бұл кен орындарын пайдалану 1992 жылы, теңгерiмдiк қоры бiтпесе де, толығымен тоқтатылды.
      Радиоэкологиялық зерттеулер нәтижесiне сай қоршаған орта элементтерiнiң ұзақ уақыт аралығында ұйғарынды мөлшерден мандымды ластану мүмкiндiгi шамалы.
      Есiл өзенiнiң радионуклидтермен, қышқылды жауын-шашынмен ластанғаны кен қалдықтары орналасқан маңнан өзен арнасына қарай жер бедерiнiң төмендеуiмен радиоактивтiлiктiң жоғарылауы растайды. Алайда, осы кен орындарының өзен алқабында орналасуы, Солтүстiк Қазақстанның iрi су артериясының ластануын болдырмау шараларын қабылдауды шарттайды.
      Жобаға сәйкес N 1 және N 2 кенiштерiнiң қалдықтары мен кәсiп алаңшаларын қалпына келтiру шараларының жиынтығы көзделуде, оның құны 309,0 млн. теңге.
      N 3 кенiшiн сақтауға қою жобасында Шоқпақ кен орнының кәсiп алаңшалары мен қалдықтарын өңдеу жұмысы көзделуде. Екi кен орындарында да жер бетiнде пайда болған диаметрлерi 15 метрден 30 метрге және тереңдiгi 15 метрге дейiн жететiн, алып жатқан алаңы 0,5-тен 0,8 га болатын шұңқырларды жою, сонымен бiрге опырылуы мүмкін белдеу аймақтарын қоршау жобаланып отыр.
      Шоқпақ және Қамыс кен орындарын сақтап қою жұмысының құны 51,9 млн. теңге.
      Солтүстiк Қазақстан аймағындағы уран кен орындары мен кен байқалу орындарының басым көпшiлiгi 1953-1959 жылдар аралығында ашылып, бағаланғандықтан, қалдықтардың көп бөлiгi осы уақытқа дейiн табиғи жағынан өзiнен-өзi мүжiлдi және өсiмдiктермен жабылды. Жоғарыда аталып өтiлген объектілердiң қалдықтарының көлемi аз, радиоактивтiк деңгейiнiң төмен болғандығынан, сонымен бiрге елдi мекендерден алыста орналасқандықтарынан тұрғындарға және қоршаған ортаға қауiп келтiрмейдi.

                      3.1.2. Оңтүстiк Қазақстан

      Ботабұрым, Қызылсай және Қордай кен орындары жиналған қалдықтарының көптiгiнен Оңтүстiк Қазақстан аймағында орналасқан 48 кен орындары мен байқалған кендердiң iшiндегi ең радиациялық қауiп төндiретiндерi болып табылады. Өз кезегiнде, Ботабұрым және Қордай кен орындарын iстейтiн өндiрiс орындары мен елді мекендерге қатысты орналасуына орай бiрiншi кезектегi объектiлерге жатқызуға болады.
      Оңтүстiк Қазақстандағы өндiрiстiк емес объектiлердi қалпына келтiру оларды кешендi зерттегеннен кейiн, Солтүстiк Қазақстан мен Жамбыл облысының кен орындарында қолданған жұмыстарға сәйкес атқарылатын болады (6).

                      3.1.2.1. Қордай кен орны

      Қордай кен орнының радиоактивтiк қалдықтарының қоршаған ортаға әсер етуiн бағалауға арналған, 1997 жылы жүргiзiлген, экологиялық зерттеулер нәтижесiнде, қоршаған ортаның кейбiр элементтерiнiң (жер құйқасы мен судың) радионуклидтермен байытылғанына қарамастан, бұл қалдықтардың тұрғындар мен қоршаған ортаға қауiп келтiрмейтiнi анықталды: баланстан тыс қалдықтар ауқымы 1,1 км2 аймаққа шашылған, қалдықтар аумағы 0,28 км2 құрайды, қойылымдық мөлшер күштілiгi 1000 мкр/сағ жетедi. Теңгерiмнен тыс кендер мен қалдықтар алаңы 0,18 км2 жетедi.
      Көптеген ұқсас объектілердей, мұнда да тұрғындардың баланстан тыс кендерді әртүрлi құрылыс материалдары ретiнде қараусыз пайдалануынан шын қауіп төнуі мүмкін.
      Осыған қатысты, ең аз дегенде, қалдықтарды жергілікті тұрғындардың қараусыз қолдану мүмкіндігін, олардың шаңдануын және атмосфераға радонның тарауын болдырмайтын шаралар керек.
      Шамамен алғанда, қалдықтарды қоршау, оларды радонға қарсы экранмен жабу, кәсiп алаңшаларының аймақтарын ластанған топырақтан тазалау жұмыстарынан тұратын шараларға қажеттi қаражат 370 000 мың теңгенi құрайды.
      Сараптаушылардың бағалауы бойынша (6), Қордай кен орнындағы радиоэкологиялық жағдайды жақсарту жұмыстарын атқару үшiн 550 мың АҚШ доллары қажет (79 750 мың теңге). Бұл тұрғыда, карьердi баланстан тыс кендермен және ластанған топырақ құрамымен жабу көзделуде.
      Мұндай жұмыстарды орындауға оның қымбатшылығынан мүмкiндiк туындамай отыр.

             3.1.2.2. Ботабұрым мен Жусандала кен орындары

      1956 жылдан жұмыс істеген Ботабұрым кен орнының теңгерiмдiк қорлары 1991 жылы таусылды. Осы жылы Жусандала кен орнын техникалық-экономикалық себептермен пайдалану жөнсiз деп табылды.
      1992 жылы "Южполиметалл" ӨБ орталық конструкторлық бөлiмшесi тау кенiштерi объектiлерiн жою, Жусандала саласының тау өнiмдерiн сақтауға қою, кәсiп алаңшаларының радиоактивтiк ластануын жою жұмыстарын қамтитын "Восточный кенiшiн жою" жобасын әзiрледі.
      Жұмыстың толық сметалық құны 2000 жылғы баға бойынша - 2 741 711,4 мың теңге.
      Жамбыл облысының уран өндiретiн кәсiпорындарын 1997-98 жылдары экологиялық зерттеу барысында Восточный кенiшi де мұқият зерттелдi.
      Осы жұмыстардың нәтижесiнде экологиялық жағдайды қалпына келтiру үшiн сараптаушылардың көрсетуi бойынша "Восточный" кенiшiнiң мына объектiлерi ерекшелендi:
      - Дайковой кенiшiнiң үстiндегi карьер мен ойылымдар;
      - Капитальная, "Вентиляционная" және "Д-1" шахталары;
      - үймелеп қышқылдандыру қалдықтары, теңгерiмнен тыс кендер мен бос жыныстар;
      - сүзгiш алаңдары;
      - кәсіптік алаңшалар.
      Осыған байланысты, карьердi теңгерiмнен тыс кен материалдарымен (3 680 мың м3) және сүзгiш алаңдардың түп тұнбаларымен (300 мың м3) көму жөнділiгi мойындалады, Восточный кенiшiн қайта өңдеу жұмыстарының құны 30 712 мың АҚШ долларына бағаланады (4 453 240 мың теңге).
      Қазiргi уақытта Восточный кенiшiндегi бұрынғы уран өндiрiсi Шығанақ кен орнының негiзiнде барит өнiмдерiн шығаруға қайта жарақталды. Осы жұмыстарға "Капитальная" шахтасының қайта өңделген кәсiптiк алаңшасы, кен байыту фабрикасының дезактивацияланған ғимараты, бұрынғы кен қоймасы, тиеу торабы және ұсақтау кешенi пайдаланылады.
      Өндiрiстiк кешен жақын қашықтықта (100-200 м) орналасқан және бетi жабылмаған теңгерiмнен тыс кен қалдықтарының, үйiндiлеп қышқылдандыру қатарының және кен байыту фабрикасының қоқыс тұндырғышының қоршауында орналасқан.
      Мұндағы сәулелердiң қойылымдық мөлшер күштiлiгi 100-500 мкр/сағ болуда.
      1992 жылдан 1999 жыл аралығына дейiн "Д-2" шахтасының технологиялық шүмегi жойылды (көмiлдi) және "Д-1" шахтасының шүмегi ұзақ мерзiмге сақтауға қойылды; N 3 және Вентиляционная шахталарының өзектерi уақытша жабылған, Капитальная шахтасының өзегi ашық, бiрақ қоршалған; жер бетi кешендерiнiң жабдықтары бөлшектенген немесе кеңейген барит өндiрiсi мақсатында пайдаланылуда.
      Межелер жиынтығы бойынша Восточный кенiшiнiң кен орындарын алғашқы кезектегi объектілер санына қосуға болады. Бiрақ, Восточный кенiшiн жою жобасы шынайы деректермен есептесе отырып, салмақты түзетулер енгiзудi талап етеді.
      Дәлдеп айтқанда, теңгерiмнен тыс кен материалдарын және сүзгiш алаңдардың түп тұнбаларын карьерге көмгеннен гөрi, олардың жатқан жерiнде көму әлдеқайда арзан және пайдалы болатын едi.
      Теңгерiмнен тыс кендердiң қалдықтарын, сүзгiш алаңдарды және барит өндiрiсiнiң кәсiп алаңшаларына жалғасып жатқан аймақтарды қайта өңдеу тоқтаусыз кiрiсетiн бiрiншi кезектегi жұмыстар болып табылады.
      Өңiрдiң ауа-райы жағдайын ескере отырып, қайта өңдеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде радонға қарсы экранның саздағын жел эрозиясынан сақтау үшiн iрi жыныс кесектерiмен жабылуын қарастыру қажет.
      Бiрiншi кезектегi жұмыстардың құны 327 505,0 мың теңгенi құрайды.

                       3.1.2.3. Қызылсай кен орны

      1997-98 жылдардағы экологиялық зерттеулер нәтижесiнде, екiншi кезектегi қауiптi радиациялық объектiлер есебiнде Ближний, NN 1, 3, 4, 7, 11 және Жамантас салаларының кәсiп алаңшалары, сонымен бiрге N 2 кәсiп алаңшасы мен кен байыту фабрикасы бөлiп қаралды. Ең әсер ететiнi, барлық кәсiп алаңшаларында бар баланстан тыс кен мен үйiндiлеп қышқылдандыру қалдықтары.
      ТАСIS сарапшыларының бағалауы бойынша, Батыс кен басқармасындағы объектiлердi өңдеу жұмыстарының құны 4 341 мың АҚШ доллары немесе 629 445 мың теңге.
      "Южполиметалл" ӨБ жобасына сәйкес бұл жұмыстарды орындау құны 2 100 мың АҚШ доллары немесе 304 500 мың теңге.
      Ауданның елсiз екенiн ескере отырып және үйiндi материалдарын қолдану ықтималдығының аздығына байланысты, баланстан тыс кен мен үйiндiлеп қышқылдандыру қалдықтарын, радиоактивтiк үйiндiлердiң шаңдануын болдырмайтын, бос жыныс қабатымен (iрi фракциялар) жабу, сонымен бiрге үйiнділер мен карьерлердiң айналасына ескертпе белгiлерiн қою сияқты қорғау шараларымен шектелуге болады. Карьерлердi тереңдiгi 1,0 метр болатын ормен қоршау қажет.

               3.2. Пайдаланылған иондаушы сәуле көздерi

      Республикадағы жинақталған радиоактивтiк қалдықтар уран өндiретiн және оны өңдейтiн кәсiпорындардың қалдығымен шектелмейдi. 2001 жылғы 1 қазанда елiмiзде 39 000 қабырлауға жататын және 342 кәсiпорындар мен ұйымдардың балансында тұрған иондаушы сәуле көздерi (ИСК) есептелдi (3 кесте).
      Радиоактивтi шикiзаттарды iздестiру мен барлауға маманданған бiрқатар уран өндiретiн кәсiпорындар мен геологиялық ұйымдардың жұмыстарын тоқтатуына, өз жұмыстарында иондаушы сәуле көздерiн пайдаланатын кәсiпорындар санының қысқаруына (экономикалық мәселелерге байланысты) байланысты ол көздердiң көпшiлiгi талапсыз қалды. ОСП 72/87 (3.11 т) талаптарына сәйкес мұндай көздер басқа иеленушiлерге берiлуi керек едi. Бiрақ, республикада ИСК-не сұранысты зерттеп және сақтауда тұрғандарын сататын бiрде-бiр ұйымның болмауы кедергi келтiруде.
      Iстеп тұрған көптеген кәсiпорындардың, әсiресе, банкроттық процедурасы жүрiп жатқан кәсiпорындардың ИСК-нiң жұмыс iстеп бiткендерiн немесе қолданылмағандарын қабырлауға қаражаттары жоқ. Олардың көпшілiгiнде сақтаулы тұрған иондаушы сәуле көздерiнiң жағдайы үрей туғызады, көпшiлiгiнiң қолдану мерзiмi бiткен және төлқұжаттары жоғалған.
      Бұдан әрi пайдалануға жатпайтын радионуклидты көздер радиоактивтi қалдықтар ретiнде қаралуы тиiс, бұлар өңделуге жатады және жерленуi тиіс (ОСП 72/87 5.21 т).
      Бiрақ, республикамызда радиоактивтi қалдықтарды қабырлайтын лицензиясы бар кәсiпорындар жоқ. Дәл қазiр радиоактивтi қалдықтарды (иондаушы сәуле көздерiн) уақытша сақтауға қоятын лицензиясы бар бiр ғана кәсiпорын Курчатов қаласындағы "Байкал-1" торабы болып табылады.
      Пайдаланушыларда сақтаулы ИСК-нiң санына, оларды жаңарту уақытына, қаржылық мүмкiншiлiгiне байланысты жыл сайынғы қабырландыруға жататындарының саны, радиациялық мәлiмдеу құралдары мен белсендiлiгi ең аз көрсеткiштен төмен көздердi санамағанда, 450-500 дана болып бағаланады.
      Бiрақ мұндай көлемде жұмыс істеу сақтаудың жұмыс құнын арттырады екен.
      Бұған қоса, уақыт өткен сайын, қауiпсiздiк талаптарының артуына байланысты, қабырландыру және сақтауға қою жұмыстарының құны артады. Шығындардың артуы кәсiпорындардың ИСК-нен құтылу әрекеттерiн ынталандырмайды.
      Ұзақ мерзiмдi сақтау өз пайдасын бермедi, өйткенi радиоактивтiк қалдықтар көмiлуi тиiс.
      Қалыптасқан жағдай қолданылған көздермен жұмыс тәртiбiн реттейтiн ұйымдық және техникалық шаралардың шұғыл түрде қабылдануын талап етедi.
      Бағдарламаның бұл тұрғыдағы мақсаты мыналарды көздейдi:
      - иондалған сәуле көздерін түгендеп, жылжуын бақылап отыратын бір орталық құрылуы тиіс; оларға деген сұранымдарды есепке алу, көму және қолданыста емес көздерді жалға беру;
      - елдегi барлық иондаушы сәуле көздер мүлкiн түгендеп, бiр жүйеге келтiрілген (қалыпқа) мәлiметтерден тұратын деректер қорын жасау;
      - иондалған сәуле көздерiн көму жұмыстарымен айналысатын немесе айналыспақшы болған кәсiпорындардың аяларында жинау, уақытша сақтау және тасымалдау жұмыстарын атқаратын аумақтық орталықтар құру;
      - кәсiпорындарға сатылатын иондалған сәуле көздерiнiң сату құнына оларды көму құны (тасымалдау құнынсыз) қосылсын; сонымен бiрге, көмуге (ұзақ уақыт сақтауға) қажет қаржыны арнайы есеп-шотқа (қорға) жинап, кәсiпорын жойылған, банкрот болған, меншiк нысанын өзгерткен және басқа жағдайларда қолданылсын;
      - антимонопольдық комитетпен келiсе отырып, радионуклидтiң белсендi бiр данасын немесе иондалған сәуле көзiнiң түрiн жерлеу (ұзақ мерзiмге сақтау) бағасын анықтау.
      2001 жылы аяқталуы тиiс ұйымдық шаралар арнайы аумақтық орталықтардың иондалған сәуле көздерiн жерлеу мәселелерiнiң 2002-2005 жылдарға арналған әрбiр аумақ бойынша нақты шараларымен жалғасуы тиiс.
      Бұл жағдайда, аталған шаралар жоспарында бiрiншi кезекте банкрот болған және арнайы сақтау қоймалары жоқ кәсiпорындардың иондалған сәуле көздерi болуы керек.
     Облыс әкiмдерiмен, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың және қоршаған ортаны қорғаудың облыстық басқармаларымен келiсiлген жоспар-графигi жиынтық жоспардың негiзi болып,
"Байкал-1" кешенiмен келiсуге жатады.

2 Кесте         

      ИСК-нің жер бетіндегі қалдықтарын жабу жөніндегі
                       көрсеткіштері
                 (уақытша жабу жұмыстары)

___________________________________________________________________________
N !       Облыс          !ИСК бар кә.!      ИСК саны        ! ИСК белсен.
р/с!                      !сіпорындар !______________________! ділігі ГБк
   !                      !саны       !  өңдеуге  !оның ішін.! (жиынтығы)
   !                      !           ! жататыны  !де, жануды!
   !                      !           !           !болдырмау !
___________________________________________________________________________
1   Ақтөбе                   35           326        200      1 168 ГБк
2   Атырау                   13            44        н/с        н/с
3   Алматы                   23         1 180      1 177       4,45 ГБк
4   Шығыс Қазақстан           8         1 673      1 640      44,75 ГБк
5   Жамбыл                   29         4 043      2 309     18 670 ГБк
6   Қарағанды                86           816        390     26 893 ГБк
7   Қостанай                 38         7 369      6 600    407 444 ГБк
8   Қызылорда                10           609        600        274 ГБк
9   Маңғыстау                11         2 767      2 243      2 017 ГБк
10   Батыс Қазақстан           6           271        255        597 ГБк

                                                                  5
                                                          1 194х10 м/сек
 
11   Павлодар                 13         1 268        740        н/с
 
12   Оңтүстік Қазақстан        9         2 674        354     95 839 ГБк

                                                                  5
                                                          27,45х10 м/сек

13   Солтүстік Қазақстан      11           598        355      7 888 ГБк

14   Ақмола                   24           473        142   2 999,79 ГБк

                                                                 5
                                                          5 802х10  м/сек

15   Алматы қ.                н/с       14 959     14 434      1 183 ГБк

                                                                  5
                                                            0,5х10 м/сек
16   Астана қ.                26            94         42          2 ГБк

     Жиынтығы:               342        39 164     31 481    565 024 ГБк

                                                                  5
                                                          7 024х10 м/сек
__________________________________________________________________________
 
      Ескерту: ҚР ҰЯО Бас директоры бекіткен, 15.06.95 ж. жағдай бойынша нұсқама негізіндегі анықталған ұзақ мерзімді сақталу көздерінің құны, бағаның өзгеруіне байланысты есептелді, 290 млн. теңгені құрайды.

          4. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру
                         көздерi

      Осы бағдарлама шеңберінде сақтауға қойылуы және (немесе) жойылуы тиiс уран өндiретiн кәсiпорындар негiзiнен мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады, ал қазiргi кезде жекешелендiрiлген өндiрiс орындарының балансында жатқан радиоактивтiк қалдықтарды да олардың меншiк ауыстыруына дейiн пайда болған.
     Осыған байланысты, барлық жұмыстардың қаржыландыру көзi негiзiнен республикалық бюджетке келiп тiреледi. Бiрақ, бұл бюджеттен тыс, жеке алғанда уран өндiрушi және қайта өңдеушi акционерлiк қоғамдардың арнайы қаражаттары қолданылмайды деген сөз емес.
     Объектiлермен және көздер бойынша атқарылатын жұмыстардың шамаланған құны 3 және 4 кестелерде берiлген.

                                                        3 кесте

          Өңдеу шаралары құнының жинақтық кестелері
                      I кезектегі объектiлер
                       (2001-2005 жж.) <*>

      Ескерту. 3-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.02.25. N 199 қаулысымен.

___________________________________________________________________
P/c| Объектiлер   |Жұмыстардың   | Жұмыс құны   |Орындалу кезеңі;
N |              |    түрі      | млн. теңге   |қаржыландыру көзі
___________________________________________________________________
1   Солтүстiк
    Қазақстан       сақтауға қою      103,6           2001-2002
     N 5 кен                        (49,3-54,3)     республикалық
   басқармасының                                       бюджет
    N 12 кенiшi
   (Грачев кен
      орны)

2    N 4 кен        сақтауға қою      118,0           2001-2003
   басқармасының                   (50,4-60,1-7,5)  республикалық
    N 3 кенiшi                                         бюджет
   (Шоқпақ және
    Қамыс кен
    орындары)

3    N 4 кен           жою            127,0           2001-2003
   басқармасының                   (50,3-69,0-7,7)  республикалық
   N 1 және N 2                                        бюджет
    кенiштерi
  (Есiл кен орны)

4   Қосашы кен      сақтауға қою      106,6           2002-2003
      орны                          (52,0-54,6)     республикалық
                                                       бюджет

5    Оңтүстік          жою            506,4           2002-2005
     Қазақстан                     (75,0-182,0-     республикалық
     Восточный                     150,0-99,4)         бюджет
      кеніші
   (Ботабұрым және
    Жусандала кен
     орындары)

6    N 3 кен         сақтауға қою     260,0           2003-2004
   басқармасының                   (138,0-122,0)     республикалық
     N 8 кеніші                                        бюджет
   (Заозерное кен
       орны)

7    N 3 кен           жою            161,9           2003-2004
   басқармасының                   (49,4-112,5)     республикалық
    N 9 кеніші                                          бюджет
   (Тастыкөл кен
       орны)

8   Қордай кеніші      жою            136,5          2004-2005
    (Қордай кен                     (66,5-70,0)     республикалық
       орны)                                           бюджет

                                      1520,0
                                   соның ішінде:
       ЖИЫНЫ                        2001-150,0
                                    2002-310,4
                                    2003-439,2
                                    2004-451,0
                                    2005-169,4
__________________________________________________________________

      4 Кесте       

                   ІІ кезектегі объектілер
                      (2006-2010 ж.ж.)

___________________________________________________________________________
N !   Аймақ, объектілер  !Жұмыс түрлері; ! РАҚ   ! Жұмыс   ! Орындалу
р/с!                      !жұмыс жосп.    ! көлемі! құны    ! кезеңі;
   !                      !тіркеу нөмірі  ! мың м3!млн.теңге! қаражат
   !                      !               !       !         ! көздері
___________________________________________________________________________
     Солтүстік Қазақстан
1   Көксар, Шат,           сақтауға қою    510,8    175,0   респ. бюджет
     Глубинное, Ағаш кен    және жою
     орындары

2   Балкашин, Восток кен   сақтауға қою    1316,6   900,0   респ. бюджет
     орындары               және жою
                                                                 және
3   "ҚазСабтон" ЖАҚ ГМЗ   пайдаланылмаған 27400,0           "ҚазСабтон"
     қалдықтарды сақтау    бөлігін қайта                     ЖАҚ қаражаты
     орындары              өңдеу
     Орталық Қазақстан

4   Безымянное, Үлкен-     жою              87,0    60,0    респ. бюджет
     Ақжал, Қызыл, Ұлытау
     кен орындары

5   Оңтүстік Қазақстан     жою            1791,8   305,0    респ. бюджет
     Қызылсай кен орны
     (8 сала)

6   Батыс Қазақстан
     "Қошқар-Ата"           қайта өңдеу    120000,0          респ. бюджет
     қалдықтарды сақтау
     орны

     Жиынтығы:                             151106,2  1440,0
7   Өткен жылдары жою және                          160,0   респ. бюджет
     ұзақ мерзімге сақтау жөніндегі
     аяқталған жұмыстар: жыныс
     үйінділерін қайта өңдеу,
     үйлер мен ғимараттарды жою,
     өндірістік алаңдардың аумағын
     көріктендіру; қоршаған ортаны
     қорғау жөніндегі ұзақ мерзімді
     мониторинг нәтижелері бойынша
     қосымша жұмыстарды атқару

     Жиынтығы:                                       1600,0
___________________________________________________________________________
      Екінші кезектегі объектілерді оңалтуға арналған шығындарды жылдар бойынша бөлу жобалық-сметалық құжаттаманың әзірлену шамасына қарай 2005 жылдан бастап мүмкін болады.
      Жүзеге асырылуы республикалық бюджеттен болжанып отырған жұмыстардың орындалу мерзiмдерi мен шығындар көлемi тиiстi жылға республикалық бюджеттi қалыптастыру кезінде түзетілуі мүмкін.

            5. Бағдарламаны жүзеге асырудағы күтiлетiн нәтиже

      Бағдарламада көзделген барлық оңалту шараларын жүзеге асырғанда күтілетiн нәтиже:
      - республика аумағының көп бөлiгiндегi уран кенiштерiнiң кәсiп алаңшалары және оларға жалғасқан алаңдарындағы радиоактивтiк ластанудың деңгейiн қалыптық мәнiне дейiн төмендету;
     - радиоактивтiк шаң-тозаңның мен радонның қоршаған ортаға араласуына жол бермеу;
     - радиоактивтiк қалдық материалдарын бақылаусыз пайдалануға жол бермеу;
     - мемлекеттiк ұлттық "Көкшетау" саябағын, Есiл, Иманбiрлiк өзендерiн радионуклидтермен ластануды тоқтату, Шоқпақ, Салқынкөл, Көксар көлдерiн оңалту;
     - иондалған сәуле көздерiмен айналысуды реттеу, бұдан оларды ұрлау, жоғалту және қолдану кезiнде мүмкiн болатын радиациялық апаттарға жол бермеу;
     - қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орындалған мониторинг мәлiметтерiн алу және қоршаған ортаға радиоактивтiк қалдықтардың ұзақ әсерiне толығымен баға беру.

      6. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар жоспары <*>

     Ескерту. 6-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.02.25. N 199 қаулысымен.
____________________________________________________________________
Р/с|  Іс-шара   |   Аяқтау  |  Орындауға   |Орын.|Болжамды|Қаржылан.
N |            |   нысаны  |(Іске асыруға)|далу |шығыстар|  дыру
   |            |           |  жауаптылар  |мер. |        | көздері
   |            |           |              |зімі |        |
____________________________________________________________________
1       2            3            4         5       6        7
____________________________________________________________________
1   N 5 кен      2-н. және 3-н. "Уранлик-  2001-  103,6    Республи.
   басқармасы.   бойынша орын.  видруд.    2002   (49,3-   калық
   ның N 12      далған жұмыс.  ник" РМК   жұмыс  54,3)    бюджет
   кенішін       тардың акті.              орын.  қаражат
   сақтауға      лері, Ведом.              далды  толығы.
   қою           ствоаралық                       мен
                 комиссияның                      пайда.
                 қабылдап алу                     ланылды
                  актілері

2   N 4 кен      2-н. және 3-н. "Уранлик-  2001-  118,0    Республи.
    басқармасы.  бойынша орын.  видруд.    2003   (50,4-   калық
    ның N 3      далған жұмыс.  ник" РМК          60,1-    бюджет
    кенішін      тардың акті.                     7,5)
    сақтауға     лері,
    қою          Ведомствоара.
                 лық комиссия.
                 ның қабылдап
                 алу актілері

3   N 4 кен      2-н. және 3-н. "Уранлик-  2001-  127,0    Республи.
    басқармасы.  бойынша орын.  видруд.    2003   (50,3-   калық
    ның N 1      далған жұмыс.  ник" РМК          69,0-    бюджет
    және N 2     тардың акті.                     7,7)
    кеніштерін   лері,
    сақтауға     Ведомствоара.
    қою          лық комиссия.
                 ның қабылдап
                 алу актілері

4   Республика.    ИСАК         Қазақстан  2002      0       -
    дағы иондау.  бойынша       Республи.         қаражат
    шы сәулеле.  электронды     касы ЭМРМ-        бөлінген
    нудің ампу.   дерек қор     нің Атом            жоқ
    лалық                       энергети.
    көздерін                    касы
    (ИСАК)                      жөніндегі
    түгендеу                    комитеті
    және дерек
    қорын жасау

5   Қосашы кен   2-н. және 3-н. "Уранлик-  2002-  106,6    Республи.
    орнын сақ.   бойынша орын.  видруд.    2003   (52,0-   калық
    тауға қою    далған жұмыс.  ник" РМК          54,6)    бюджет
                 тардың акті.
                 лері,
                 Ведомствоара.
                 лық комиссия.
                 ның қабылдап
                 алу актілері

6   Восточный    2-н. және 3-н. "Уранлик-  2002-  506,4    Республи.
    кенішін жою  бойынша орын.  видруд.    2005   (75,0-   калық
                 далған жұмыс.  ник" РМК          182,0-   бюджет
                 тардың акті.                     150,0-
                 лері,                            99,4)
                 Ведомствоара.
                 лық комиссия.
                 ның қабылдап
                 алу актілері

7   N 3 кен      2-н. және 3-н. "Уранлик-  2003-  260,0    Республи.
    басқарма.    бойынша орын.  видруд.    2004   (138,0-  калық
    сының N 8    далған жұмыс.  ник" РМК          122,0)   бюджет
    кенішін      тардың акті.
    сақтауға     лері,
    қою          Ведомствоара.
                 лық комиссия.
                 ның қабылдап
                 алу актілері

8   N 3 кен      2-н. және 3-н. "Уранлик-  2003-  161,9    Республи.
    басқарма.    бойынша орын.  видруд.    2004   (49,4-   калық
    сының N 9    далған жұмыс.  ник" РМК          112,5)   бюджет
    кенішін      тардың акті.
    жою          лері,
                 Ведомствоара.
                 лық комиссия.
                 ның қабылдап
                 алу актілері

9   Қордай       2-н. және 3-н. "Уранлик-  2004-  136,5    Республи.
    кенішін жою  бойынша орын.  видруд.    2005   (66,5-   калық
                 далған жұмыс.  ник" РМК          70,0)    бюджет
                 тардың акті.
                 лері,
                 Ведомствоара.
                 лық комиссия.
                 ның қабылдап
                 алу актілері
_________________________________________________________________      

     7. Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары

---------------------------------------------------------------------------
N !       Іс шаралар       !Орындалу! Жауапты атқарушы !   Жұмыстардың
р/с!                        !мерзімі !                  ! аяқталу нысаны
---------------------------------------------------------------------------
1              2                3            4                   5
---------------------------------------------------------------------------
1   N 5  кен басқармасының    2001           РМК          Мекемеаралық
    N 12 кенішін сақтауға             "Уранликвидрудник"  комиссияның
    қою жұмыстарын аяқтау                                 қабылдап алу
                                                          актісі

2   Косашы кен орнын          2001           РМК          Жобалауға
    сақтауға қою                      "Уранликвидрудник"  тапсырма
    жобаларындағы
    көрсеткіштерді әзірлеу

3   N 4 кен басқармасының     2001           РМК          Бітірілген
    N 3 кенішін сақтауға қою          "Уранликвидрудник"  жұмыстардың ф-2,
    жұмыстарын аяқтау                                     ф-3 түріндегі
                                                          аралық актілері

4   N 4 кен басқармасының     2001           РМК          Бітірілген
    N 2 кенішінің N 8                 "Уранликвидрудник"  жұмыстардың ф-2,
    шахтасының өндірістік                                 ф-3 түріндегі
    алаңдарындағы кедей                                   аралық актілері
    тауар кендерін қайта
    өңдеу

5   N 3 кен басқармасының     2001           РМК          Жобалауға
    N 8 кенішін сақтауға              "Уранликвидрудник"  тапсырма
    қою және N 9 кенішті
    жоюдың барлық материал.
    дарды әзірлеу

6   Косашы кен орнын сақтауға 2002           РМК          Мекемеаралық
    қою                               "Уранликвидрудник"  комиссияның
                                                          қабылдап алу
                                                          актісі

7   N 4  кен басқармасының    2002           РМК          Мекемеаралық
    N 3 кенішін сақтауға              "Уранликвидрудник"  комиссияның
    қоюды аяқтау, N 1 және                                қабылдап алу
    N 2 кеніштерін жою                                    актісі

8   N 3 кен басқармасының     2002           РМК          Бітірілген
    N 8 кенішінде қалған              "Уранликвидрудник"  жұмыстардың ф-2,
    тауарлық кендерді көму,                               ф-3 түріндегі
    кедей тауарлық кен                                    аралық актілері
    қалдықтарын өңдеу
    жұмыстарын аяқтау

9   Восточный кенішін жоюды   2002            РМК         Жобалауға
    жобалау және қайта                "Уранликвидрудник"  тапсырма
    жобалау көрсеткіштерін                                және жұмыс жобасы
    әзірлеу

10  Республикадағы иондаушы   2002            РМК         АИСК жөніндегі
    сәуле көздерін түгендеу           "Уранликвидрудник"; мәліметтердің
    жұмыстарын атқару;                Атом энергетикасы   электрондық
    сәуле көздері туралы              жөніндегі комитет;  базасы
    мәліметтерді қамтитын             Табиғи ресурстар
    барлық көрсеткіш аяларын          және қоршаған
    құру;                             ортаны қорғау
    иондаушы сәуле көздерін           министрлігі
    жерлеумен айналысатын
    кәсіпорындар негізінде
    осы қалдықтарды жабатын
    және оларға қызмет
    көрсететін аумақтық
    орталықтар құру

11  N 3 кен басқармасының     2003           РМК          Мекемеаралық
    N 8 кенішін сақтауға              "Уранликвидрудник"  комиссияның
    қою және N 9 кенішін                                  қабылдап алу
    жоюды аяқтау                                          актісі

12  Восточный кенішіндегі     2003           РМК          Бітірілген
    шахта өзектерін жою               "Уранликвидрудник"  жұмыстардың ф-2,
    және кен қалдықтарын                                  ф-3 түріндегі
    қайта өңдеу                                           аралық актілері

13  Қордай кенішінің          2003            РМК         Жобалауға
    өндірістік алаңдарын              "Уранликвидрудник"  тапсырма
    қайта өңдеу жөніндегі                                 және жұмыс жобасы
    жұмыс жоспарларын
    әзірлеу

14  Восточный кенішін         2004           РМК          Мекемеаралық
    жоюды аяқтау                      "Уранликвидрудник"  комиссияның
                                                          қабылдап алу
                                                          актісі
 
15  Қордай кенішінің          2004           РМК          Бітірілген
    өндірістік алаңдарында            "Уранликвидрудник"  жұмыстардың ф-2,
    қайта өңдеу жұмыстарын                                ф-3 түріндегі
    жүргізу                                               аралық актілері

16  Қордай кенішінің          2005           РМК          Мекемеаралық
    өндірістік алаңдарында            "Уранликвидрудник"  комиссияның
    өңдеу жұмыстарын аяқтау                               қабылдап алу
                                                          актісі

17  Западный кенішін жою      2005            РМК         Жобалауға
    жөніндегі жобалар                 "Уранликвидрудник"  тапсырма
    көрсеткіштерін әзірлеу
---------------------------------------------------------------------------

                     Қорытынды

      Радиоактивтiк қалдықтар орналасқан жерлердегi радиоэкологиялық қалыптасқан жағдайлар және оған байланысты адамдар денсаулығына келетiн қауiп осы Бағдарламаны әзiрлеудiң аса маңыздылығы мен уақыт талабына сай екендiгін растайды.
      Халықты және республика аумақтарын уран кен орындарында өндiрiс жұмыстарын жүргiзу салдарынан пайда болған радиоактивтiк ластанудан қорғайтын Бағдарламада көзделген шаралардың орындау нәтижесi республикамыздағы радиациялық жағдайды әлдеқайда жақсартып, халық денсаулығы мен қоршаған ортаның ахуалына жақсы әсерiн тигiзедi.
      Пайдаланылған иондалған сәуле көздерiмен айналысуды бiр ретке келтiру оларды қолдану, тасымалдау және олардың жағдайын түгендеу мен бақылау жүйесiн іске асыру, олармен байланысты болуы мүмкiн радиациялық апаттардың алдын алады.
      Осыған қоса, Бағдарлама ұзақ мерзімді жалпы мемлекеттiк ластанған аумақтарды қалдықтардан оңалту жөнiндегi бағдарламаның бөлiгi болып табылады. Мұны әзiрлеу өте маңызды: республикада жиналған радиоактивтi қалдықтар жиынтығы және олардың ластаған аумақтары уран өндiрушi кәсiпорындардың жұмысымен ғана байланысты емес - оған қоса мұнай өндiрушi кәсiпорындары атқарған және атқарып жатқан жұмыс барысында ластану қалдықтары, бұрындары сынақ жарылыстарының әсерiнен болған алаңдардағы жерлердiң ластануы, мiне бұның бәрi үлкен ауқымды шараларды атқаруға мiндет жүктейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады