Атырау облысының аймақтық инвеcтициялық бағдарламасы және жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 тамыз N 1030

      "Бюджет жүйесі туралы" Z990357_ Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 шілдедегі N 1082 P001082_ қаулысымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу рәсімі жөніндегі ережеге сәйкес, сондай-ақ Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жергілікті атқарушы органның қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын мынадай жобаларды іске асыруды көздейтін Атырау облысының 2001 жылға арналған аймақтық инвестициялық бағдарламасына келісім берілсін:
      1) 930000000 (тоғыз жүз отыз миллион) теңге қаржыландыру көлемімен елді мекендерді газдандыру;
      2) облыстың 7 елді мекеніндегі су тазарту шағын қондырғыларының құрылысын салу - 431000000 (төрт жүз отыз бір миллион) теңге;
      3) жол құрылысы - 519663000 (бес жүз он тоғыз миллион алты жүз алпыс үш мың) теңге;
      4) шағын және орта бизнесті, өнеркәсіп тауарларын өндірушілерді қолдау - 870746576 (сегіз жүз жетпіс миллион жеті жүз қырық алты мың бес жүз жетпіс алты) теңге;
      5) Қазақстан Республикасы Атырау қаласының аумағына жерасты суы жайылуынан инженерлiк қорғау - 903000000 (тоғыз жүз үш миллион) теңге.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.27. N 1713
               қаулысымен. P011713_
      2. Атырау облысы әкiмiнің заңнамада белгiленген тәртiппен, "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген борышы лимитiнiң шегiнде аймақтық инвестициялық бағдарламаны iске асыруға 2751409576 (екi миллиард жетi жүз елу бiр миллион төрт жүз тоғыз мың бес жүз жетпiс алты) теңге мөлшерінде әрi мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару арқылы заем туралы келiсiм жасасу жолымен 903000000 (тоғыз жүз үш миллион) теңге көлемiнде заемдар тарту туралы ұсынысы қабылдансын.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.27. N 1713
               қаулысымен. P011713_
      2-1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Атырау облысы жергiлiктi атқарушы органының заем туралы шартын ресiмделетiн құжаттар мен мәмiленiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiне құқықтық сараптама жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тиiстi қорытындыны ұсынсын.
      ЕСКЕРТУ. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.27. N
               1713 қаулысымен. P011713_
      2-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) тартылатын заемның қаржылық сараптамасын жүзеге асырсын;
      2) мемлекеттiк борышты басқару шегiнде заемның тiркелуiн, жергiлiктi атқарушы органның қарызды өтеуге қызмет көрсетуiн әрi өтеуiнің мониторингi мен бақылауды қамтамасыз етсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.27. N
               1713 қаулысымен. P011713_
      2-3. Атырау облысының әкiмi:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне осы қаулының 2-1 және 2-2-тармақтарына сәйкес тартылатын заемға құқықтық және қаржылық сараптама жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынсын;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен заемның тартылуын қамтамасыз етсiн;
      3) заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн;
      4) жергiлiктi бюджет қаражатынан заемға қызмет көрсетiлуi мен өтелуiн

 

қамтамасыз етсiн;

     5) заем қаражаттарын игеру оған қызмет көрсету мен өтеу жөнiндегi

мәлiметтің Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тұрақты ұсынылуын

қамтамасыз етсiн.



     ЕСКЕРТУ. 2-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.27. N    

              1713 қаулысымен. 


P011713_



     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады