"Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 тамыз N 1044 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.02.25. N 248 қаулысымен. ~P020248

      "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 сәуірдегі N 497 P010497_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "Қазақойл" ҰМК) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақойл" ҰМК-ның құрамынан "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жиырма пайыз мөлшеріндегі қатысу үлесін шығаруды және оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атына мемлекеттің меншігіне тапсырылуын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 P970410_ қаулысына:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Теңізшевройл" ЖШС 25" деген жол алынып тасталсын;
      2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Атырау облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-2-жолмен толықтырылсын:
      "145-2. АТР "Теңізшевройл" ЖШС";
      3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:

 

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

     "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар

министрлігіне" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 45-жолмен

толықтырылсын:

     "45.   АТР                  "Теңізшевройл" ЖШС".

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады