"Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 сәуір N 497

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "Қазақойл" ҰМК) бірлесіп: 
      1) бір апта мерзімде 2000 және 2001 жылдары "Қазақойл" ҰМК шоттарына түскен 55 200 000 (елу бес миллион екі жүз мың) АҚШ доллары сомасындағы ақшаны "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігі (бұдан әрі - ТШО) мен "Қазақойл" ҰМК арасындағы 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасында сатып алу үшін өтемдер төлеуге қатысты Заем туралы шарт бойынша қарыз пайызын өтеу есебіне республикалық бюджеттің кірісіне жіберілуін қамтамасыз етсін; 
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.12.14. N  1319 қаулысымен.
           2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады