Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне
апатты жағдайдағы және жоғары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан,
республикадағы жалғыз бірегей спорт құрылысы ретіндегі Алматы велотрегінің
төсенішін қалпына келтіру үшін 2001 жылға арналған республикалық бюджетте
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де
күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен
14 (он төрт) миллион теңге бөлінсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.