Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 тамыз N 1066

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне Тоқырауын кентіндегі 89533 әскери бөлімде болған оқиғаның салдарын жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-шараларды орындауға, зардап шеккендерге ақшалай өтемақы төлеуге, сондай-ақ басқа да көлденең шығыстардың орнын толтыруға 40 000 000 (қырық

 

миллион) теңге бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады