Ауыл шаруашылығы техникасын әкетуге тыйым салу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 17 тамыз N 1082. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңының Z952368_ 20-бабына сәйкес елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 1 қыркүйектен бастап бір жыл мерзімге, Қазақстан Республикасында өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, ауыл шаруашылығы техникасын (ТМД СЭҚ ТН коды 843351000-843359800, 870110100-870190900 және МТ-ЛБВ маркалы шынжыр табанды сүйрегіштерді (ТМД СЭҚ ТН коды 870 190 900)) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.04. N 4 қаулысымен. P020004_
       2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникасын әкетуге тыйым салуды енгізетіні туралы Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың интеграциялық комитетін хабардар етсін.
      4. Облыстардың әкімдері және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы техникасының мониторингін жүргізсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады